Құжат мәтініне өту

О внесении изменения и дополнения в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 16 января 2015 года № 17 «Об утверждении Правил передачи государственного имущества в доверительное управление и Типового договора доверительного управления государственным имуществом»

Бұйрық · № 44 · қабылданған 14.06.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/16-2015-no-17-ekb-170134/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О внесении изменения и дополнения в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 16 января 2015 года № 17 «Об утверждении Правил передачи государственного имущества в доверительное управление и Типового договора доверительного управления государственным имуществом» Қолданыста Бұйрық ·№ 44 ·14.06.2022
14.06.2022 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.06.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения и дополнения в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 16 января 2015 года № 17 «Об утверждении Правил передачи государственного имущества в доверительное управление и Типового договора доверительного управления государственным имуществом»

Қолданыста Бұйрық ·№ 44 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения и дополнения в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 16 января 2015 года № 17 «Об утверждении Правил передачи государственного имущества в доверительное управление и Типового договора доверительного управления государственным имуществом»
Атауы (қаз.)
«Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидаларын және Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқарудың үлгілік шартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 17 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
44
Қабылданған күні
14.06.2022
Көрсетілген редакция
14.06.2022 170134_585894.kaz
Соңғы өзгеріс
14.06.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2200028492
ЭКБ идентификаторы
170134
Редакция идентификаторы
170134_585894
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 01:26

0 «Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидаларын және Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқарудың үлгілік шартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 17 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидаларын және Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқарудың үлгілік шартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 17 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10111 болып тіркелген) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидаларында:
12-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Тендерлік комиссияның құрамына құрылтайшының, басқару органының, және (немесе) өкілді органдардың және басқа да мемлекеттік органдардың және олардың аумақтық бөлімшелерінің, «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және өңірлік кәсіпкерлер палаталарының (Жергілікті атқарушы органдардың не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппараттарының жанындағы комиссияларда), жергілікті қоғамдастықтар мен өзге де ұйымдардың өкілдері кіреді.»;
Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқарудың үлгілік шарты осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес сенімгерлік басқару объектісі бойынша қажетті шығыстарды өтеу актісінің нысанымен толықтырылсын.

2 2. Мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі

0 Сенімгерлік басқару объектісі бойынша қажетті шығыстарды өтеу актісі

Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2022 жылғы 14 маусымдағы
№ 44 бұйрығына
қосымша
Мемлекеттік мүлікті
сенімгерлік басқарудың
үлгілік шартына
қосымша
Нысан
Сенімгерлік басқару объектісі бойынша қажетті шығыстарды өтеу актісі
20__ жылғы «___» ______________ №____
Объектінің атауы ___________________________________________________
20__ жылғы «___» ___________ № ___ сенімгерлік басқару шарты
Шарт бойынша жалпы сома ______________________________________ теңге
_____________________________________ бюджеттік бағдарламасы бойынша
Р/с №
Объектімен байланысты шығыстардың атауы
Өлшем бірлігі
Шығыстардың жалпы сомасы
Төленген шығыстар сомасы
Төленетін сома
Ескерту
Жиыны:
Сенімгерлік басқару объектісімен байланысты шығыстар сомасы:
______________________________________________________________ теңге.
(цифрмен, жазумен)
Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі ______________________________
Сенімгерлік басқарушы ______________________________
_______
(қолы)
_______________________
(тегі, аты, әкесінің аты
(болған жағдайда)
_______
(қолы)
______________________
(тегі, аты, әкесінің аты
(болған жағдайда)

Қолданыстағы