Құжат мәтініне өту

О внесении изменения и дополнения в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 16 января 2015 года № 17 "Об утверждении Правил передачи государственного имущества в доверительное управление"

Бұйрық · № 594 · қабылданған 05.08.2015
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/16-2015-no-17-ekb-93319/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменения и дополнения в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 16 января 2015 года № 17 "Об утверждении Правил передачи государственного имущества в доверительное управление" Қолданыста Бұйрық ·№ 594 ·05.08.2015
05.08.2015 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.08.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения и дополнения в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 16 января 2015 года № 17 "Об утверждении Правил передачи государственного имущества в доверительное управление"

Қолданыста Бұйрық ·№ 594 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения и дополнения в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 16 января 2015 года № 17 "Об утверждении Правил передачи государственного имущества в доверительное управление"
Атауы (қаз.)
"Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 17 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
594
Қабылданған күні
05.08.2015
Көрсетілген редакция
05.08.2015 93319_Some(47070).kaz
Соңғы өзгеріс
05.08.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1500011984
ЭКБ идентификаторы
93319
Редакция идентификаторы
93319_Some(47070)
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 13:49

0 «Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік

басқаруға беру қағидаларын бекіту
туралы» Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 16 қаңтардағы
№ 17 бұйрығына өзгеріс пен
толықтыру енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 17 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10111 болып тіркелген, 2015 жылғы 27 қаңтарда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидаларында:
5-тармақтың 9-тармақшасы мынадай мазмұнда жазылсын, ал орысша мәтіні өзгеріссіз қалады:
«9) Автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық оператор акцияларының мемлекеттiк пакетiн беру;»;
мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:
«10) опера және балет өнерін дамыту үшін құрылған, жалпы ауданы 60 000 шаршы метрден кем емес ғимараттарды, құрылыстарды, жабдықтарды және өзге мүлікті қамтитын кешендер түріндегі театрларды беру жағдайларын қоспағанда, тендерлік негізде жүзеге асырылады.»;
6-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Осы Қағидалардың  2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9) және 10) тармақшаларында көзделген жағдайларда, объектіні тендер өткізбестен сенімгерлік басқаруға беру объектіні сенімгерлік басқаруға беру өтінімі (бұдан әрі – өтінім) негізінде жүзеге асырылады.».

2 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзiмдi баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін;

3 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшiлiк ететiн Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі
___________ Б. Сұлтанов
2015 жылғы 7 тамыз

Қолданыстағы