Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 16 марта 2015 года № 176 «Об утверждении Правил осуществления мониторинга сделок»

Бұйрық · № 118 · қабылданған 18.02.2019
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/16-2015-no-176-ekb-129121/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменения в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 16 марта 2015 года № 176 «Об утверждении Правил осуществления мониторинга сделок» Қолданыста Бұйрық ·№ 118 ·18.02.2019
18.02.2019 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.02.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 16 марта 2015 года № 176 «Об утверждении Правил осуществления мониторинга сделок»

Қолданыста Бұйрық ·№ 118 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 16 марта 2015 года № 176 «Об утверждении Правил осуществления мониторинга сделок»
Атауы (қаз.)
«Мәмілелер мониторингін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 176 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
118
Қабылданған күні
18.02.2019
Көрсетілген редакция
18.02.2019 129121_390169.kaz
Соңғы өзгеріс
18.02.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1900018322
ЭКБ идентификаторы
129121
Редакция идентификаторы
129121_390169
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 21:04

0 «Мәмілелер мониторингін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 176 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Мәмілелер мониторингін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 176 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10760 болып тіркелген, 2015 жылғы 4 мамырдағы «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мәмілелер мониторингін жүзеге асыру қағидаларында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Мәмілелер мониторингін Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдары мәмілеге қатысушылар қолданатын бағаларға бақылау жүргізу жолымен және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінің 130-бабына сәйкес мониторингке жататын салық төлеушілерден «Халықаралық іскерлік операциялары мәмілелер мониторингіне жататын тауарлар (жұмыстар, қызметтер) тізбесін бекіту туралы» Қаржы министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 194 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10680 болып тіркелген) сәйкес халықаралық іскерлік операциялар жөнінде ақпараттар жинау арқылы жүзеге асырады.».

2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдерінде «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жариялау және

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми енгізу үшін жолдануын;

3 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

4

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігінің
Статистика комитеті
2019 жылғы «__» __________

Қолданыстағы