Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 16 марта 2015 года № 176 «Об утверждении Правил осуществления мониторинга сделок»

Бұйрық · № 786 · қабылданған 03.08.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/16-2015-no-176-ekb-170390/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 16 марта 2015 года № 176 «Об утверждении Правил осуществления мониторинга сделок» Қолданыста Бұйрық ·№ 786 ·03.08.2022
03.08.2022 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.08.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 16 марта 2015 года № 176 «Об утверждении Правил осуществления мониторинга сделок»

Қолданыста Бұйрық ·№ 786 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 16 марта 2015 года № 176 «Об утверждении Правил осуществления мониторинга сделок»
Атауы (қаз.)
«Мәмілелер мониторингін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 176 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
786
Қабылданған күні
03.08.2022
Көрсетілген редакция
03.08.2022 170390_587288.kaz
Соңғы өзгеріс
03.08.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2200029024
ЭКБ идентификаторы
170390
Редакция идентификаторы
170390_587288
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 00:46

0 «Мәмілелер мониторингін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 16 наурыздағы №176 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1 1. «Мәмілелер мониторингін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 16 наурыздағы №176 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №10760 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
««Трансферттік баға белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 4-тармағына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мәмілелер мониторингін жүзеге асыру қағидаларында:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-тарау. Жалпы ережелер»;
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Мәмілелер мониторингін жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Трансферттік баға белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 6-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленген және мәмілеге қатысушының мәміле мониторингі бойынша есептілік нысандарын толтыруы мен оларды уәкілетті органдарға тапсыру тәртібін, сондай-ақ мәмілеге қатысушылардың мәміле мониторингі бойынша құжаттама жүргізуінің тәртібін айқындайды.
2. Мәмілелер мониторингін Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдары мәмілеге қатысушылар қолданатын бағаларға бақылау жүргізу жолымен және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасы Кодексінің 130-бабына сәйкес мониторингке жататын салық төлеушілерден «Халықаралық іскерлік операциялары мәмілелер мониторингіне жататын тауарлар (жұмыстар, қызметтер) тізбесін бекіту туралы» Қаржы министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы №194 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №10680 болып тіркелген) сәйкес халықаралық іскерлік операциялар жөнінде ақпараттар жинау арқылы жүзеге асырады.»;
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-тарау. Мәмілелер мониторингін жүзеге асыру тәртібі»;
3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«3-тарау. Мәмілелер мониторингі бойынша есептілік нысандарын толтыру тәртібі»;
9-тармақта:
жетінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
««Тауарларға арналған декларацияның (Өтініштің) күні» және «Тауарларға арналған декларацияның (Өтініштің) №» деген 6 және 7-бағандарда тауарларға арналған декларацияның күні мен нөмірі немесе Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініштің (бұдан әрі - Өтініш) күні мен нөмірі көрсетіледі. Бұл ретте Өтініштің күні мен нөмірі Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен сыртқы экономикалық қызмет жасасқан жағдайда көрсетіледі.»;
жиырма екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
««Сатып алушының атауы» және «Сатып алушының заңды мекенжайы» деген 22 және 23-бағандарда тауарды (жұмысты, қызметті) алушы жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) немесе заңды тұлғаның атауы және сатып алушының заңды мекенжайы көрсетіледі.»;
отыз төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
««Теңге бағамы» деген 35-бағанда табыс танылған күнге келісімшарт (шарт) валютасына теңгенің нарықтық бағамы көрсетіледі.»;
елуінші бөлікпен мынадай редакцияда толықтырылсын:
««Бағаланатын кезең» деген 51-бағанда мәміле шарттарына сәйкес мәміле тараптары тиісті биржалық тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің), сондай-ақ бағалары биржалық тауарлардың белгіленімдеріне байланыстырылған биржалық емес тауарлардың күнделікті орташа арифметикалық баға белгіленімдерінің орташа арифметикалық мәнін айқындайтын кезең ішінде тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) өткізуге арналған келісімшартта белгіленген, бірақ биржадағы баға белгіленімдері жарияланған, қатарынан күнтізбелік отыз бір күннен аспайтын баға белгілеу кезеңі көрсетіледі.»;
елу бірінші бөлікпен мынадай редакцияда толықтырылсын:
««Ақпарат көздерінен алынған баға» деген 52-бағанда ресми танылған ақпарат көздерінен, биржалық белгіленімдер туралы деректерден, уәкілетті органдардан, сондай-ақ басқа да ақпарат көздерінен алынған баға көрсетіледі.»;
10-тармақта:
жетінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
««Тауарларға арналған декларацияның (Өтініштің) күні» және «Тауарларға арналған декларацияның (Өтініштің) №» деген 6 және 7-бағандарда тауарларға декларацияның күні мен нөмірі немесе Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініштің (бұдан әрі - Өтініш) күні мен нөмірі көрсетіледі. Бұл ретте Өтініштің күні мен нөмірі Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен сыртқы экономикалық қызмет жасасқан жағдайда көрсетіледі.»;
жиырма екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
««Сатушының (женелтушінің) атауы» және «Сатушының (жөнелтушінің) заңды мекенжайы» деген 22 және 23-бағандарда тауарды (жұмысты, қызметті) сатушы (жөнелтуші) жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) немесе заңды тұлғаның атауы және сатушының (жөнелтушінің) заңды мекенжайы көрсетіледі.»;
отыз төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
««Теңге бағамы» деген 35-бағанда шығыс танылған күнге келісімшарт (шарт) валютасына теңгенің нарықтық бағамы көрсетіледі.»;
елуінші бөлікпен мынадай редакцияда толықтырылсын:
««Бағаланатын кезең» деген 51-бағанда мәміле шарттарына сәйкес мәміле тараптары тиісті биржалық тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің), сондай-ақ бағалары биржалық тауарлардың белгіленімдеріне байланыстырылған биржалық емес тауарлардың күнделікті орташа арифметикалық баға белгіленімдерінің орташа арифметикалық мәнін айқындайтын кезең ішінде тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) өткізуге арналған келісімшартта белгіленген, бірақ биржадағы баға белгіленімдері жарияланған, қатарынан күнтізбелік отыз бір күннен аспайтын баға белгілеу кезеңі көрсетіледі.»;
елу бірінші бөлікпен мынадай редакцияда толықтырылсын:
««Ақпарат көздерінен алынған баға» деген 52-бағанда ресми танылған ақпарат көздерінен, биржалық белгіленімдер туралы деректерден, уәкілетті органдардан, сондай-ақ басқа да ақпарат көздерінен алынған баға көрсетіледі.»;
4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«4-тарау. Мәмілелер мониторингіне жататын тауарлармен мәмілелерді жүзеге асыратын мәмілеге қатысушылардың мәмілелер мониторингі бойынша құжаттама жүргізу тәртібі»;
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Мәмілеге қатысушылар қолданылатын бағаның негізділігін растайтын құжаттама жүргізеді және мемлекеттік кірістер органдарының сұрау салуы бойынша оны мемлекеттік кірістер органдарына табыс етеді.»;
1 және 2-қосымшалар осы бұйрықтағы 1 және 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

3

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігі
Ұлттық статистика бюросы

1 «Тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) экспорты» мәмілелер мониторингі бойынша есептілік

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Қаржы министрінің
2022 жылғы 3 тамыздағы
№ 786 Бұйрыққа
1-қосымша
Мәмілелер мониторингін
жүзеге асыру ережесіне
1-қосымша
Әкімшілік деректерді
жинауға арналған нысан
Ұсынылады: Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті.
Әкімшілік деректердің нысаны интернет-ресурста орналастырылған: https://kgd.gov.kz/ru/content/transfertnoe-cenoobrazovanie-1-1
Әкімшілік дереккөздер нысанының атауы: «Тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) экспорты» мәмілелер мониторингі бойынша есептілік.
Әкімшілік дереккөздер нысанының индексі (нысан атауының әріптік-сандық қысқаша көрінісі): 1 - Э ТРУ
Кезеңділік: жыл сайынғы.
Есепті кезең: 20__ жыл.
Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: салық төлеушілер «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің (Салық кодексі) 130-бабына сәйкес, халықаралық іскерлік операциалар бойынша ақпарат тауарлар (жұмыстар, қызметтер) халықаралық іскерлік операциалар тізбесіне сәйкес тауарлар (жұмыстар, қызметтер), Қазақстан Республикасының «Трансферттік баға белгілеу туралы» Заңының 6-бабының 2-тармағына сәйкес бекітілген.
Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың 15 мамырынан кешіктірмей.
Ескертпе: нысанды толтыру бойынша түсініктеме осы бұйрықпен бекітілген Мәмілелер мониторингін жүзеге асыру қағидаларында келтірілген.
«Тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) экспорты» мәмілелер мониторингі бойынша есептілік

Же­ке сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі
Биз­нес сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі
Жі­бе­ру­ші­нің (экс­порт­та­у­шы­ның) ата­уы
Са­лық ке­зе­ңі
Та­у­ар­лар­ға де­кла­ра­ци­я­ның (Өті­ніш­тің) кү­ні
Та­у­ар­лар­ға де­кла­ра­ци­я­ның (Өті­ніш­тің) №
Еура­зи­я­лық эко­но­ми­ка­лық ода­ғы­ның сырт­қы эко­но­ми­ка­лық қыз­мет­тің та­у­ар­лық но­мен­кла­ту­ра­сы ко­ды
Та­у­ар­дың (жұ­мыстар­дың, қыз­мет­тер­дің) ата­уы
Та­у­ар­дың (жұ­мыстың, қыз­мет­тің) са­па­лық си­патта­ма­ла­ры
Та­у­ар­лар (жұ­мыстар, қыз­мет­тер) на­ры­ғын­да­ғы бе­де­лі
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
Кестенің жалғасы
Та­у­ар­ды жө­нел­ту, жұ­мысты орын­дау, қыз­мет­ті көр­се­ту елі
Та­сы­мал­дау тү­рі
Та­у­ар­ды (жұ­мысты, қыз­мет­ті) шы­ға­ру­шы ел
Та­у­ар­ды (жұ­мысты, қыз­мет­ті) өн­ді­ру­ші
Та­у­ар­лық таң­ба­сы­ның (са­уда мар­ка­сы­ның, брен­ді­нің) бо­луы
ИН­КО­ТЕРМС-ке сәй­кес та­у­ар­ды жет­кі­зу шар­ты
Та­у­ар­ды (жұ­мысты, қыз­мет­ті) ти­еп жө­нел­ту кү­ні
Та­у­ар­ды (жұ­мысты, қыз­мет­ті) ти­еп жө­нел­ту ор­ны
Та­у­ар­дың (жұ­мыстың, қыз­мет­тің) ме­же­лен­ген елі
Та­у­ар­ды (жұ­мысты, қыз­мет­ті) жет­кі­зу пунк­ті
Са­тып алушы­ның ата­уы
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
Кестенің жалғасы
Са­тып алушы­ның заң­ды ме­кен­жайы
Са­тып алушы­ның тір­кел­ген елі
Са­уда жа­са­у­шы ел
Та­рап­тар­дың (са­ту­шы мен са­тып алушы­ның) өза­ра бай­ла­ны­сы ту­ра­лы ақ­па­рат
Ке­лі­сім­шар­ттың (шар­ттың) кү­ні
Ке­лі­сім­шар­ттың (шар­ттың) №
Шот-фак­ту­ра­ның кү­ні және №
Та­у­ар­дың өл­шем бір­лі­гі
Та­у­ар­ды өт­кі­зу кө­ле­мі
Құ­ны (Ке­лі­сім­шар­ттың (шар­ттың) ва­лю­та­сы­мен)
Мәмі­ле ба­ға­сы (Ке­лі­сім­шар­ттың (шар­ттың) ва­лю­та­сы­мен)
23
24
25
26
27
28
29
30
31
32
33
Кестенің жалғасы
Ке­лі­сім­шарт (шарт) ва­лю­та­сы
Тең­ге ба­ға­мы
Транс­ферт­тік ба­ға бел­гі­леу әдіс­на­ма­сы
Мәмі­ле ба­ға­сын бел­гі­ле­у­ге ық­пал ете­тін фак­тор­лар
На­рық­тық ба­ға­ны ай­қын­дау үшін қол­да­ны­ла­тын әдіс
Ақ­па­рат кө­зі
Диф­фе­рен­ци­ал (ма­ғы­на­сын ашу­мен)
Та­у­ар­дың (жұ­мыстың, қыз­мет­тің) на­рық­тық ба­ға­сы
Мәмі­ле­ге қа­ты­су­шы­ның (экс­порт­та­у­шы­ның) кә­сіп­кер­лік қыз­ме­ті­нің, қыз­мет са­ла­сы­ның және на­рық шар­тта­ры­ның си­патта­ма­сы
Биз­не­стің стра­те­ги­я­сы
Та­у­ар­дың (жұ­мыстың, қыз­мет­тің) мәмі­ле ба­ға­сы­ның дұ­рыс қол­да­ны­луын негіз­дей­тін бас­қа ақ­па­рат
34
35
36
37
38
39
40
41
42
43
44
Кестенің жалғасы
Та­у­ар­дың (жұ­мыстың, қыз­мет­тің) мәмі­ле ба­ға­сы­ның на­рық­тық ба­ға­дан ауыт­қу ша­ма­сы­на ық­пал ете­тін бас­қа ақ­па­рат
Экс­порт­тық на­рық­тар­да­ғы та­у­ар­лар (жұ­мыстар, қыз­мет­тер) ба­ға­сы­ның бо­лжа­мы
Іс­кер­лік опе­ра­ци­я­лар­ды жүр­гі­зу стра­те­ги­я­сы
Бух­гал­тер­лік есеп­тің ха­лы­қа­ра­лық стан­дарт­тар бой­ын­ша есеп­те­рі, оның ішін­де қар­жы­лық есеп­ті­лік
Функ­ци­о­нал­дық тал­дау, тәу­е­кел­дер­ді, ма­те­ри­ал­дық және ма­те­ри­ал­дық емес ак­тив­тер­ді тал­дау
Мар­жа, са­уда бро­ке­рі­нің, трей­дер­дің неме­се агент­тің ко­мис­си­я­лық (агент­тік) сый­а­қы­сы не олар­дың са­уда- дел­дал­дық функ­ци­я­лар­ды орын­да­ға­ны үшін өте­ма­қы
Ба­ға бел­гі­леу ке­зе­ңі
Ақ­па­рат кө­зі­нен алын­ған ба­ға
45
46
47
48
49
50
51
52

2 «Тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) импорты» мәмілелер мониторингі бойынша есептілік

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Қаржы министрінің
2022 жылғы 3 тамыздағы
№ 786 Бұйрыққа
2-қосымша
Мәмілелер мониторингін
жүзеге асыру ережесіне
2-қосымша
Әкімшілік деректерді
жинауға арналған нысан
Ұсынылады: Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті.
Әкімшілік деректердің нысаны интернет-ресурста орналастырылған: https://kgd.gov.kz/ru/content/transfertnoe-cenoobrazovanie-1-1
Әкімшілік дереккөздер нысанының атауы: «Тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) импорты» мәмілелер мониторингі бойынша есептілік.
Әкімшілік дереккөздер нысанының индексі (нысан атауының әріптік-сандық қысқаша көрінісі): 2 - И ТРУ
Кезеңділік: жыл сайынғы.
Есепті кезең: 20__ жыл.
Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: Салық төлеушілер «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің (Салық кодексі) 130-бабына сәйкес, халықаралық іскерлік операциалар бойынша ақпарат тауарлар (жұмыстар, қызметтер) халықаралық іскерлік операциалар тізбесіне сәйкес тауарлар (жұмыстар, қызметтер), Қазақстан Республикасының «Трансферттік баға белгілеу туралы» Заңының 6-бабының 2-тармағына сәйкес бекітілген.
Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың 15 мамырынан кешіктірмей.
Ескертпе: нысанды толтыру бойынша түсініктеме осы бұйрықпен бекітілген Мәмілелер мониторингін жүзеге асыру қағидаларында келтірілген.
«Тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) импорты» мәмілелер мониторингі бойынша есептілік

Же­ке сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі
Биз­нес сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі
Жі­бе­ру­ші­нің (им­порт­та­у­шы­ның) ата­уы
Са­лық ке­зе­ңі
Та­у­ар­лар­ға де­кла­ра­ци­я­ның (Өті­ніш­тің) кү­ні
Та­у­ар­лар­ға де­кла­ра­ци­я­ның (Өті­ніш­тің) №
Еура­зи­я­лық эко­но­ми­ка­лық ода­ғы­ның сырт­қы эко­но­ми­ка­лық қыз­мет­тің та­у­ар­лық но­мен­кла­ту­ра­сы ко­ды
Та­у­ар­дың (жұ­мыстар­дың, қыз­мет­тер­дің) ата­уы
Та­у­ар­дың (жұ­мыстың, қыз­мет­тің) са­па­лық си­патта­ма­ла­ры
Та­у­ар­лар (жұ­мыстар, қыз­мет­тер) на­ры­ғын­да­ғы бе­де­лі
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
Кестенің жалғасы
Са­тып алушы­ның заң­ды ме­кен­жайы
Са­тып алушы­ның тір­кел­ген елі
Са­уда жа­са­у­шы ел
Та­рап­тар­дың (са­ту­шы мен са­тып алушы­ның) өза­ра бай­ла­ны­сы ту­ра­лы ақ­па­рат
Ке­лі­сім­шар­ттың (шар­ттың) кү­ні
Ке­лі­сім­шар­ттың (шар­ттың) №
Шот-фак­ту­ра­ның кү­ні және №
Та­у­ар­дың өл­шем бір­лі­гі
Та­у­ар­ды өт­кі­зу кө­ле­мі
Құ­ны (Ке­лі­сім­шар­ттың (шар­ттың) ва­лю­та­сы­мен)
Мәмі­ле ба­ға­сы (Ке­лі­сім­шар­ттың (шар­ттың) ва­лю­та­сы­мен)
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
Кестенің жалғасы
Са­тып алушы­ның заң­ды ме­кен­жайы
Са­тып алушы­ның тір­кел­ген елі
Са­уда жа­са­у­шы ел
Та­рап­тар­дың (са­ту­шы мен са­тып алушы­ның) өза­ра бай­ла­ны­сы ту­ра­лы ақ­па­рат
Ке­лі­сім­шар­ттың (шар­ттың) кү­ні
Ке­лі­сім­шар­ттың (шар­ттың) №
Шот-фак­ту­ра­ның кү­ні және №
Та­у­ар­дың өл­шем бір­лі­гі
Та­у­ар­ды өт­кі­зу кө­ле­мі
Құ­ны (Ке­лі­сім­шар­ттың (шар­ттың) ва­лю­та­сы­мен)
Мәмі­ле ба­ға­сы (Ке­лі­сім­шар­ттың (шар­ттың) ва­лю­та­сы­мен)
23
24
25
26
27
28
29
30
31
32
33
Кестенің жалғасы
Ке­лі­сім­шарт (шарт) ва­лю­та­сы
Тең­ге ба­ға­мы
Транс­ферт­тік ба­ға бел­гі­леу әдіс­на­ма­сы
Мәмі­ле ба­ға­сын бел­гі­ле­у­ге ық­пал ете­тін фак­тор­лар
На­рық­тық ба­ға­ны ай­қын­дау үшін қол­да­ны­ла­тын әдіс
Ақ­па­рат кө­зі
Диф­фе­рен­ци­ал (ма­ғы­на­сын ашу­мен)
Та­у­ар­дың (жұ­мыстың, қыз­мет­тің) на­рық­тық ба­ға­сы
Мәмі­ле­ге қа­ты­су­шы­ның (им­порт­та­у­шы­ның) кә­сіп­кер­лік қыз­ме­ті­нің, қыз­мет са­ла­сы­ның және на­рық шар­тта­ры­ның си­патта­ма­сы

Қолданыстағы