Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 16 марта 2015 года № 176 «Об утверждении Правил осуществления мониторинга сделок»

Бұйрық · № 895 · қабылданған 30.12.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/16-2015-no-176/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 16 марта 2015 года № 176 «Об утверждении Правил осуществления мониторинга сделок» Қолданыста Бұйрық ·№ 895 ·30.12.2024
30.12.2024 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.12.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 16 марта 2015 года № 176 «Об утверждении Правил осуществления мониторинга сделок»

Қолданыста Бұйрық ·№ 895 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 16 марта 2015 года № 176 «Об утверждении Правил осуществления мониторинга сделок»
Атауы (қаз.)
«Мәмілелер мониторингін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 176 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
895
Қабылданған күні
30.12.2024
Көрсетілген редакция
30.12.2024 205548_737471.kaz
Соңғы өзгеріс
30.12.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2400035591
ЭКБ идентификаторы
205548
Редакция идентификаторы
205548_737471
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 06:34

0 «Мәмілелер мониторингін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 176 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1 1. «Мәмілелер мониторингін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 176 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10760 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мәмілелер мониторингін жүзеге асыру қағидаларында:
2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Мәмілелер мониторингін Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдары халықаралық іскерлік операциялар бойынша мәмілелерге қатысушылар қолданатын бағаларға бақылау жүргізу жолымен жүзеге асырады.
3. «Мәмілелер мониторингі бойынша есептілік ұсынылатын халықаралық іскерлік операциялардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 194 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10680 болып тіркелген) (бұдан әрі – Тізбе) мәмілелер мониторингі бойынша есептілік ұсынылатын халықаралық іскерлік операциялар тізбесіне сәйкес халықаралық іскерлік операцияларды жүзеге асыратын мәмілелерге қатысушылар осындай операциялар бойынша кірістердің (шығыстардың) және (немесе) міндеттемелердің есепті қаржы жылындағы жалпы сомасы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және есепті қаржы жылының бірінші қаңтарында қолданыста болатын кемінде 250 000 айлық есептік көрсеткішті құрайтын, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша «Тауарлар (жұмыстар, қызметтер) экспорты» және 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша «Тауарлар (жұмыстар, қызметтер) импорты» мәмілелер мониторингі бойынша есептілікті (бұдан әрі-мәмілелер мониторингі бойынша есептілік нысандары) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне (бұдан әрі - Мемлекеттік кірістер комитеті) есепті жылдан кейінгі жылдың 15 мамырынан кешіктірмей ұсынады. Күнтізбелік бір жыл есепті кезең болып табылады.»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Мемлекеттік кірістер органдары халықаралық іскерлік операциялардың мәмілелер мониторингін Заңның 6-бабына сәйкес жүзеге асырады.».

2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін, он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігінің Ұлттық
статистика бюросы

Қолданыстағы