О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 16 марта 2015 года № 219 «Об утверждении криминалистических требований и методов испытания гражданского и служебного оружия и патронов к нему, а также конструктивно сходных с оружием изделий»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 16 марта 2015 года № 219 «Об утверждении криминалистических требований и методов испытания гражданского и служебного оружия и патронов к нему, а также конструктивно сходных с оружием изделий»
- Атауы (қаз.)
- «Криминалистикалық талаптар мен азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын, сондай-ақ конструкциясы жағынан қаруға ұқсас бұйымдарды сынау әдістерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 219 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы»
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 384
- Қабылданған күні
- 10.05.2024
- Көрсетілген редакция
- 10.05.2024 196589_700682.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 10.05.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2400034355
- ЭКБ идентификаторы
- 196589
- Редакция идентификаторы
- 196589_700682
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 11:36
0 «Криминалистикалық талаптар мен азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын, сондай-ақ конструкциясы жағынан қаруға ұқсас бұйымдарды сынау әдістерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 219 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы»
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Криминалистикалық талаптар мен азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын, сондай-ақ конструкциясы жағынан қаруға ұқсас бұйымдарды сынау әдістерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 219 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10747 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Криминалистикалық талаптар мен азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын, сондай-ақ конструкциясы жағынан қаруға ұқсас бұйымдарды сынау әдістерінде:
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Азаматтық ойық ұзын ұңғылы атыс қаруының калибрі «.338 LapuaMag» (8,6*70мм) асатын патрондармен атуды жүргізу мүмкіндігі болмауы тиіс.»;
348-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«348. Сынау азаматтық ойық ұзын ұңғылы атыс қаруынан калибрі «.338 LapuaMag» (8,6*70мм) асатын патрондарымен атуды жүргізу мүмкіндігін анықтау үшін мынадай:
қаруда қолданылатын патронның типін анықтау, оның сипаттамаларын калибрі «.338 LapuaMag» (8,6*70мм) асатын патрондармен салыстыру тәртібінде жүргізіледі.».
Азаматтық ойық ұзын ұңғылы атыс қару, егер ол калибрі «.338 LapuaMag» (8,6*70мм) асатын патрондар ретінде жасалмаса, осы Криминалистикалық талаптардың 11-тармағына сәйкес келеді деп есептеледі.».