Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление акимата от 16 сентября 2015 года № 220 «Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов для всех кандидатов на проведение предвыборной агитации»

Қаулы · № 87 · қабылданған 22.04.2019
Заңдық күші: Қолданыста · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/16-2015-no-220-ekb-130968/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление акимата от 16 сентября 2015 года № 220 «Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов для всех кандидатов на проведение предвыборной агитации» Қолданыста Қаулы ·№ 87 ·22.04.2019
22.04.2019 редакциясы
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.04.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление акимата от 16 сентября 2015 года № 220 «Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов для всех кандидатов на проведение предвыборной агитации»

Қолданыста Қаулы ·№ 87 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление акимата от 16 сентября 2015 года № 220 «Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов для всех кандидатов на проведение предвыборной агитации»
Атауы (қаз.)
Әкімдіктің 2015 жылғы 16 қыркүйектегі № 220 «Сайлау алдындағы үгіт жүргізуге барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
87
Қабылданған күні
22.04.2019
Көрсетілген редакция
22.04.2019 130968_402067.kaz
Соңғы өзгеріс
22.04.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19NR008368
ЭКБ идентификаторы
130968
Редакция идентификаторы
130968_402067
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 20:15

0 Әкімдіктің 2015 жылғы 16 қыркүйектегі № 220 «Сайлау алдындағы үгіт жүргізуге барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, «Қостанай облысы Таран ауданының кейбір әкімшілік-аумақтық бірліктерін қайта атау туралы» Қостанай облысы әкімдігінің 2018 жылғы 12 желтоқсандағы № 20 және Қостанай облысы мәслихатының 2018 жылғы 12 желтоқсандағы № 349 бірлескен қаулысы және шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8174 болып тіркелген) сәйкес Таран ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Таран ауданы әкімдігінің «Сайлау алдындағы үгіт жүргізуге барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы» 2015 жылғы 16 қыркүйектегі № 220 қаулысына (2015 жылғы 15 қазанда «Маяк» газетінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5927 тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасында 41, 42, 43 реттік нөмірлері, жолдар жаңа редакцияда жазылсын:
«
41.
Әйет ауылы
«Таран ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ғимаратындағы стенд
42.
Әйет ауылы
Тәуелсіздік көшесіндегі стенд
43.
Әйет ауылы
Жабағы батыр көшесіндегі стенд
».

2 2. «Таран ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1 1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариалау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

3 3) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Таран ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы