О внесении изменений в решение Кызылординского областного маслихата от 16 сентября 2015 года № 303 «Об утверждении положения о награждении Почетной грамотой Кызылординской области»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Кызылординского областного маслихата от 16 сентября 2015 года № 303 «Об утверждении положения о награждении Почетной грамотой Кызылординской области»
- Атауы (қаз.)
- «Қызылорда облысының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережені бекіту туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2015 жылғы 16 қыркүйектегі № 303 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 91
- Қабылданған күні
- 29.03.2024
- Көрсетілген редакция
- 29.03.2024 195397_693138.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.03.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V24L0850511
- ЭКБ идентификаторы
- 195397
- Редакция идентификаторы
- 195397_693138
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 12:16
0 «Қызылорда облысының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережені бекіту туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2015 жылғы 16 қыркүйектегі № 303 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. «Қызылорда облысының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережені бекіту туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2015 жылғы 16 қыркүйектегі № 303 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5195 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Қызылорда облысының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережесінде:
7-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«7. Құрмет грамотасымен наградтау туралы ұсынымды еңбек, шығармашылық ұжымдары, қалалық, аудандық өкілді және атқарушы органдар, қоғамдық бірлестіктер атынан олардың басшылары енгізеді.»;
9-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«9. Құрмет грамотасымен наградтау бойынша келіп түскен құжаттар алдын ала қарау және наградтау жөнінде ұсыныс әзірленуі үшін наградтау жөніндегі облыс әкімі жанындағы комиссияға (бұдан әрі - Комиссия) жіберіледі.
Комиссияның оң қорытындысына сәйкес облыс әкімі мен облыстық мәслихат төрағасының (немесе олардың міндеттерін атқарушының) бірлескен өкім қабылдау арқылы Құрмет грамотасымен наградтау туралы шешім қабылданады.»;
10-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«10. Құрмет грамотасын тапсыру салтанатты түрде жүргізіледі. Құрмет грамотасын облыс әкімі немесе облыстық мәслихат төрағасы немесе олардың тапсырысы бойынша өзге тұлға тапсырады.».