Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение Риддерского городского маслихата от 16 февраля 2015 года № 31/2-V «Об утверждении Правил определения размера и порядка оказания жилищной помощи»

Ереже · № 36/3-VI · қабылданған 25.10.2019
Заңдық күші: Күшін жойған · 03.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/16-2015-no-312-v-ekb-136158/on/2026-09-03/
Басып шығарылды 2026-09-03 · adilet.kz
О внесении изменений в решение Риддерского городского маслихата от 16 февраля 2015 года № 31/2-V «Об утверждении Правил определения размера и порядка оказания жилищной помощи» Күшін жойған Ереже ·№ 36/3-VI ·25.10.2019
28.05.2024 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
03.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.05.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение Риддерского городского маслихата от 16 февраля 2015 года № 31/2-V «Об утверждении Правил определения размера и порядка оказания жилищной помощи»

Күшін жойған Ереже ·№ 36/3-VI · 03.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение Риддерского городского маслихата от 16 февраля 2015 года № 31/2-V «Об утверждении Правил определения размера и порядка оказания жилищной помощи»
Атауы (қаз.)
Риддер қалалық мәслихатының 2015 жылғы 16 ақпандағы № 31/2-V «Тұрғын үй көмегінің мөлшерін айқындау және оны көрсету тәртібі туралы Қағидаларды бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімі
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
36/3-VI
Қабылданған күні
25.10.2019
Көрсетілген редакция
28.05.2024 136158_715297.kaz
Соңғы өзгеріс
28.05.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19VD006289
ЭКБ идентификаторы
136158
Редакция идентификаторы
136158_715297
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 18:05

0 Риддер қалалық мәслихатының 2015 жылғы 16 ақпандағы № 31/2-V «Тұрғын үй көмегінің мөлшерін айқындау және оны көрсету тәртібі туралы Қағидаларды бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын-үй қатынастары туралы» Заңның 97 бабына сәйкес, Риддер қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. Риддер қалалық мәслихатының 2015 жылғы 16 ақпандағы № 31/2-V «Тұрғын үй көмегінің мөлшерін айқындау және оны көрсету тәртібі туралы Қағидаларды бекіту туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3716 тіркелген, 2015 жылғы 20 наурыздағы № 12 «Лениногорская правда» газетіне жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері және тәртібі туралы Қағидасында:
2-тармақтың 1) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
«1) жекешелендiрiлген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлердi) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтiп-ұстауға жұмсалатын шығыстарға;»;
3-тармақтың бірінші және екінші абзацтары келесі редакцияда жазылсын:
«3. Тұрғын үй көмегі аталған жерлерде тұрақты тұратын адамдарға кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстар сметасына сәйкес жеткiзушiлер ұсынған кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған коммуналдық қызметтер көрсету ақысын төлеу шоттары мен ай сайынғы жарналардың шоттары бойынша бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.
Коммуналдық қызметтердi жеткiзушiлер «Риддер қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесін коммуналдық қызметтерге тарифтер туралы ақпараттандырады.»;
4-тармақтың 1) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
«1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);»;
5-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«5. Отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін тоқсан сайын бір рет Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы №2314 Қаулысымен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету ережесінің 4 тармағына сәйкес қосымша құжаттармен Мемлекеттік корпорацияға және/немесе «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы өтініш береді.
Осы тармақта көзделмеген құжаттарды талап етуге жол берілмейді.
Отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) қайта өтініш берген кезде осы Ереженің 5-3 - тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, отбасының табыстарын растайтын құжаттарды және коммуналдық шығыстарға арналған шоттарын ғана ұсынады.»;
7-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«7. Тұрғын үй көмегі ағымдағы тоқсанға тағайындалады. Өтініш тоқсан ағымында қабылданады. Отбасының табыстары туралы анықтамалар, комуналдық қызметтердің, байланыс қызметтерінің ақысын төлеу туралы, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға шығындар туралы түбіртектер жүгіну тоқсанының алдындағы тоқсанға ұсынылады. Алдыңғы тоқсанға коммуналдық қызметтерді төлемеген немесе жартылай төлеген жағдайда тұрғын үй көмегі отбасыға тағайындалмайды.»;
12-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«12. Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтiп-ұстауға, электр жүйесiмен, газбен қамтамасыз етуге, лифттерге қызмет көрсетуге арналған шығыстар өтiнiш берген тоқсанның алдындағы тоқсанға орта есеппен ескерiледi. Сумен қамтамасыз ету, су бұру, жылу энергиясы, қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару, телекоммуникация қызметтерi үшiн шығыстар қызмет көрсетушiлердiң тарифтерi бойынша ескерiледi.»;
21-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«21. Тұрғын үй көмегi телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысының ұлғаюы бөлiгiнде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтiп-ұстауға арналған шығыстарға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерiн тұтынуға нормалар шегiнде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған шығыстарының шектi жол берiлетiн деңгейiнiң арасындағы айырма ретiнде айқындалады.»;
22-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«22. Отбасының шектi жол берiлетiн шығыстарының үлесi отбасының жиынтық табысына қарай 7 % мөлшерiнде белгiленедi.».

2 2. Осы шешім, 2020 жылғы 01 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін жиырма және жиырма бір абзацтарды қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы