О внесении изменений в решение Кокшетауского городского маслихата от 16 февраля 2015 года № С-34/2 «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) города Кокшетау»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Кокшетауского городского маслихата от 16 февраля 2015 года № С-34/2 «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) города Кокшетау»
- Атауы (қаз.)
- Көкшетау қалалық мәслихатының 2015 жылғы 16 ақпандағы № С-34/2 «Көкшетау қаласының аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарына) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- С-44/4
- Қабылданған күні
- 24.12.2015
- Көрсетілген редакция
- 26.04.2016 97815_83565.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.04.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15BA005215
- ЭКБ идентификаторы
- 97815
- Редакция идентификаторы
- 97815_83565
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 11:40
0 Көкшетау қалалық мәслихатының
2015 жылғы 16 ақпандағы № С-34/2
«Көкшетау қаласының аз қамтамасыз
етілген отбасыларына (азаматтарына)
тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін
және тәртібін айқындау туралы»
шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы «Нормативтік - құқықтық актілер туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97 бабының 2 тармағына сәйкес, Көкшетау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Көкшетау қалалық мәслихатының «Көкшетау қаласының аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарына) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» 2015 жылғы 16 ақпандағы № С-34/2 (Нормативтік - құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4675 тіркелген, 2015 жылғы 12 наурызда «Көкшетау» газетінде және 2015 жылғы 12 наурызда «Степной маяк» газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
кіріспе келесі редакцияда баяндалсын:
«Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, Көкшетау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:»;
көрсетілген шешіммен бекітілген қосымшасындағы:
3 тармақ келесі редакцияда баяндалсын:
«3. Мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштер қабылдау және нәтижесін беру Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.».
2 2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Көкшетау қаласының әкімі
Е. Маржықпаев
2015 жылғы «24» желтоқсан