Құжат мәтініне өту

О внесении изменения и дополнений в приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 16 ноября 2015 года № 354 «Об утверждении Правил выплаты субсидий государственным театрам, концертным организациям, культурно-досуговым организациям, музеям и циркам»

Бұйрық · № 345 · қабылданған 04.12.2018
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/16-2015-no-354-ekb-126556/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменения и дополнений в приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 16 ноября 2015 года № 354 «Об утверждении Правил выплаты субсидий государственным театрам, концертным организациям, культурно-досуговым организациям, музеям и циркам» Қолданыста Бұйрық ·№ 345 ·04.12.2018
04.12.2018 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.12.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения и дополнений в приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 16 ноября 2015 года № 354 «Об утверждении Правил выплаты субсидий государственным театрам, концертным организациям, культурно-досуговым организациям, музеям и циркам»

Қолданыста Бұйрық ·№ 345 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения и дополнений в приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 16 ноября 2015 года № 354 «Об утверждении Правил выплаты субсидий государственным театрам, концертным организациям, культурно-досуговым организациям, музеям и циркам»
Атауы (қаз.)
«Мемлекеттік театрларға, концерттік ұйымдарға, мәдени-демалыс ұйымдарына, музейлерге және цирктерге субсидиялар төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 16 қарашадағы № 354 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
345
Қабылданған күні
04.12.2018
Көрсетілген редакция
04.12.2018 126556_376267.kaz
Соңғы өзгеріс
04.12.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1800017863
ЭКБ идентификаторы
126556
Редакция идентификаторы
126556_376267
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 22:17

0 «Мемлекеттік театрларға, концерттік ұйымдарға, мәдени-демалыс ұйымдарына, музейлерге және цирктерге субсидиялар төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 16 қарашадағы № 354 бұйрығына

өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 35-бабының 5-тармағына, «Мәдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 35-7) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Бейбітшілік және келісім музейі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы» 2018 жылғы 31 наурыздағы № 150, «Атырау облысы Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының Атырау облысы мұражай қорығы «Хан Ордалы – Сарайшық» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын коммуналдық меншіктен республикалық меншікке қабылдау туралы» 2018 жылғы 4 сәуірдегі № 162 қаулыларын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Мемлекеттік театрларға, концерттік ұйымдарға, мәдени-демалыс ұйымдарына, музейлерге және цирктерге субсидиялар төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 16 қарашадағы № 354 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 12608 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 18 қаңтарда жарияланған) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік театрларға, концерттік ұйымдарға, мәдени-демалыс ұйымдарына, музейлерге және цирктерге субсидиялар төлеу қағидаларында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрi – бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi) бюджеттiк субсидияларды бөлу меншікті қаражат есебiнен өтелетін залал көлемін шегере отырып, мемлекеттiк театрлардың, концерттік ұйымдарының, мәдени-демалыс ұйымдарының, музейлердің және цирктердің залалын өтеуге бағыттау арқылы жүзеге асырады.»;
1-қосымшада:
Республикалық театрлар, концерттік ұйымдардың және музейлердің залалын өтеуге арналған субсидиялардың мөлшерлері мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрлері 31, 32 және 33-жолдармен толықтырылсын:
«
31.
98 %
«Бо­зоқ» мем­ле­кет­тік та­ри­хи-мә­де­ни му­зей-қо­ры­ғы» РМҚК
32.
98 %
«Бо­тай» мем­ле­кет­тік та­ри­хи-мә­де­ни му­зей-қо­ры­ғы» РМҚК
33.
98 %
«Са­рай­шық» мем­ле­кет­тік та­ри­хи-мә­де­ни му­зей-қо­ры­ғы» РМҚК
».

2 2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлiгiнiң Экономика және қаржы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;

2

2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

3 3) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

4 4) осы тармақта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
______________ Ә. Смайылов
2018 жылғы « »
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
________________ Т. Сүлейменов
2018 жылғы « »

Қолданыстағы