О внесении изменения и дополнения в приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 16 ноября 2015 года № 354 «Об утверждении Правил выплаты субсидий государственным театрам, концертным организациям, культурно-досуговым организациям, музеям и циркам»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения и дополнения в приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 16 ноября 2015 года № 354 «Об утверждении Правил выплаты субсидий государственным театрам, концертным организациям, культурно-досуговым организациям, музеям и циркам»
- Атауы (қаз.)
- «Мемлекеттік театрларға, концерттік ұйымдарға, мәдени-демалыс ұйымдарына, музейлерге және цирктерге субсидиялар төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт Министрінің 2015 жылғы 16 қарашадағы № 354 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 32
- Қабылданған күні
- 05.02.2021
- Көрсетілген редакция
- 05.02.2021 152775_508707.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 05.02.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2100022174
- ЭКБ идентификаторы
- 152775
- Редакция идентификаторы
- 152775_508707
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 09:37
0 «Мемлекеттік театрларға, концерттік ұйымдарға, мәдени-демалыс ұйымдарына, музейлерге және цирктерге субсидиялар төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт Министрінің 2015 жылғы 16 қарашадағы № 354 бұйрығына
өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 35-бабының 5-тармағына және «Мәдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабының 35-7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Мемлекеттік театрларға, концерттік ұйымдарға, мәдени-демалыс ұйымдарына, музейлерге және цирктерге субсидиялар төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт Министрінің 2015 жылғы 16 қарашадағы № 354 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12608 тіркелген, «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 18 қаңтарда жарияланған) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік театрларға, концерттік ұйымдарға, мәдени-демалыс ұйымдарына, музейлерге және цирктерге субсидиялар төлеу қағидаларында:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Республикалық бюджеттен бюджеттiк субсидияларды төлеу, мiндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарларына сәйкес жүргізіледі. Бұл ретте республикалық театрлардың, концерттік ұйымдардың және музейлердің залалын өтеуге арналған субсидиялардың мөлшері осы Қағидаларға 1-1 қосымшада көрсетілген мөлшерден аспайды.»;
осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 1-1-қосымшамен толықтырылсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Экономика және қаржы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;
2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
8 Республикалық театрлар, концерттік ұйымдардың және музейлердіңзалалын өтеуге арналған субсидиялардың мөлшері
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрі
2021 жылғы 5 ақпандағы
№ 32 Бұйрыққа
қосымша
Мемлекеттік театрларға, концерттік ұйымдарға, мәдени-демалыс ұйымдарына, музейлерге және цирктерге субсидиялар төлеу қағидаларына
1-1-қосымша
Республикалық театрлар, концерттік ұйымдардың және музейлердіңзалалын өтеуге арналған субсидиялардың мөлшері
Р/с№
Республикалық бюджеттен субсидия мөлшері (пайыз %)
Ұйымдар атауы
1
2
3
1.
90 %
«Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры» КАҚ
2.
85 %
«Абай атындағы Қазақ мемлекеттiк академиялық опера және балет театры» РМҚК
3.
85 %
«М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттiк академиялық драма театры» РМҚК
4.
70 %
«М. Лермонтов атындағы Мемлекеттiк академиялық орыс драма театры» РМҚК
5.
85 %
«Ғ. Мүсiрепов атындағы Қазақ мемлекеттiк академиялық балалар мен жасөспiрiмдер театры» РМҚК
6.
90 %
«Н. Сац атындағы Орыс мемлекеттiк академиялық балалар мен жасөспiрiмдер театры» РМҚК
7.
95 %
«Республикалық мемлекеттiк корей музыкалық комедия театры» РМҚК
8.
95 %
«Құдыс Қожамияров атындағы республикалық мемлекеттiк ұйғыр музыкалық комедия театры» РМҚК
9.
95 %
«Республикалық немiс драма театры» РМҚК
10.
90 %
«Қазақстан Республикасының «Салтанат» мемлекеттiк би ансамблi» РМҚК
11.
95 %
«Қазақстан Республикасының мемлекеттiк академиялық би театры» РМҚК
12.
90 %
«Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттiк филармониясы» РМҚК
13.
90 %
«Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттiк академиялық халық аспаптар оркестрi» РМҚК
14.
95 %
«Қазақстан Камератасы» классикалық музыка ансамблi» РМҚК
15.
93 %
«Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы» РМҚК
16.
100%
«Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театры» РМҚК
17.
90 %
«Қазақстан Республикасының мемлекеттiк орталық музейі» РМҚК
18.
90 %
«Ә. Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк өнер музейі» РМҚК
19.
92 %
«Сирек кездесетiн қияқты саз аспаптарының мемлекеттiк коллекциясы» РМҚК
20.
98 %
«Мәдениеттерді жақындастыру орталығы» мемлекеттік музейі» РМҚК
21.
98 %
«Ордабасы» ұлттық тарихи-мәдени қорығы» РМҚК
22.
98 %
«Берел» мемлекеттiк тарихи-мәдени қорық-музейі» РМҚК
23.
98 %
«Есiк» мемлекеттiк тарихи-мәдени қорық-музейі» РМҚК
24.
90 %
«Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейі» РМҚК
25.
95 %
«Ұлытау» ұлттық тарихи-мәдени және табиғи қорық-музейі» РМҚК
26.
80 %
«Әзірет Сұлтан мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі» РМҚК
27.
95 %
«Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейі» РМҚК
28.
95 %
«Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі» РМҚК
29.
97 %
«Таңбалы» мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи қорық-музейі» РМҚК
30.
90 %
«Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі» РМҚК
31.
98 %
«Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК
32.
98 %
«Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК
33.
98 %
«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК