О внесении изменений в приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 16 ноября 2015 года № 354 «Об утверждении Правил выплаты субсидий государственным театрам, концертным организациям, культурно-досуговым организациям, музеям и циркам»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 16 ноября 2015 года № 354 «Об утверждении Правил выплаты субсидий государственным театрам, концертным организациям, культурно-досуговым организациям, музеям и циркам»
- Атауы (қаз.)
- «Мемлекеттік театрларға, концерттік ұйымдарға, мәдени-демалыс ұйымдарына, музейлерге және цирктерге субсидиялар төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 16 қарашадағы № 354 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 332-НҚ
- Қабылданған күні
- 22.07.2025
- Қолданысқа енгізілген күні
- 12.08.2025
- Көрсетілген редакция
- 22.07.2025 212841_778299.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 22.07.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2500036528
- ЭКБ идентификаторы
- 212841
- Редакция идентификаторы
- 212841_778299
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 03:09
0 «Мемлекеттік театрларға, концерттік ұйымдарға, мәдени-демалыс ұйымдарына, музейлерге және цирктерге субсидиялар төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 16 қарашадағы № 354 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Мемлекеттік театрларға, концерттік ұйымдарға, мәдени-демалыс ұйымдарына, музейлерге және цирктерге субсидиялар төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 16 қарашадағы № 354 (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 12608 болып тіркелген) бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 14-бабы 3-тармағына және «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабы 35-7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік театрларға, концерттік ұйымдарға, мәдени-демалыс ұйымдарына, музейлерге және цирктерге субсидиялар төлеу қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Мемлекеттік театрларға, концерттік ұйымдарға, мәдени-демалыс ұйымдарына, музейлерге және цирктерге субсидиялар төлеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 14-бабы 3-тармағына және «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабы 35-7) тармақшасына сәйкес әзірленген және республикалық және жергілікті бюджеттен мемлекеттік театрларға, концерттік ұйымдарға, мәдени-демалыс ұйымдарына, музейлерге және цирктерге субсидиялар төлеудің тәртібін (бұдан әрі – бюджеттік субсидиялар) айқындайды.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрi – бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi) бюджеттiк субсидияларды бөлу меншікті қаражат есебiнен өтелетін залал көлемін шегере отырып, мемлекеттiк театрлардың, концерттік ұйымдарының, мәдени-демалыс ұйымдарының, музейлердің және цирктердің залалын өтеуге бағыттау арқылы жүзеге асырады.»;
Қағидаларға 1-1-қосымшасы осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
0 Республикалық театрлар, концерттік ұйымдардың және музейлердің залалын өтеуге арналған субсидиялардың мөлшері
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат
министрінің міндетін атқарушы
2025 жылғы 22 шілдедегі
№ 332-НҚ бұйрығына
қосымша
Мемлекеттік театрларға,
концерттік ұйымдарға, мәдени-
демалыс ұйымдарына,
музейлерге және цирктерге
субсидиялар төлеу
қағидаларына
1-1-қосымша
Республикалық театрлар, концерттік ұйымдардың және музейлердің залалын өтеуге арналған субсидиялардың мөлшері
№ п/п
Республикалық бюджеттен субсидия мөлшері (пайыз %)
Ұйымдар атауы
1
2
3
1.
92 %
«Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры» КеАҚ
2.
90 %
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің «Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры» РМҚК
3.
90 %
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің «Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры» РМҚК
4.
85 %
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің «Михаил Лермонтов атындағы Ұлттық орыс драма театры» РМҚК
5.
87 %
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің «Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры» РМҚК
6.
90 %
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің «Наталия Сац атындағы Орыс мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры» РМҚК
7.
97 %
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің «Республикалық мемлекеттік академиялық корей музыкалық комедия театры» РМҚК
8.
95 %
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің «Құдыс Қожамияров атындағы республикалық мемлекеттік академиялық ұйғыр музыкалық комедия театры» РМҚК
9.
96 %
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің «Республикалық академиялық неміс драма театры» РМҚК
10.
95 %
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің «Қазақстан Республикасының «Салтанат» мемлекеттік би ансамблі» РМҚК
11.
97 %
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік академиялық би театры» РМҚК
12.
93 %
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің «Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясы» РМҚК
13.
90 %
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің «Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрі» РМҚК
14.
97 %
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің «Қазақстан Камератасы» классикалық музыка ансамблі» РМҚК
15.
93 %
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің «Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымы» РМҚК
16.
95 %
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің «Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театры» РМҚК
17.
90 %
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік орталық музейі» РМҚК
18.
90 %
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің «Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік өнер музейі» РМҚК
19.
88 %
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің «Сирек кездесетін қияқты саз аспаптарының мемлекеттік коллекциясы» РМҚК
20.
98 %
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің «Мәдениеттерді жақындастыру орталығы» мемлекеттік музейі» РМҚК
21.
98 %
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің «Ордабасы» ұлттық тарихи-мәдени қорығы» РМҚК
22.
98 %
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің «Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК
23.
98 %
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК
24.
85 %
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығы» РМҚК
25.
95 %
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің «Ұлытау» ұлттық тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығы» РМҚК
26.
70 %
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің «Әзірет Сұлтан» ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК
27.
95 %
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің «Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығы» РМҚК
28.
90 %
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК
29.
97 %
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің «Таңбалы» мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығы» РМҚК
30.
95 %
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі» РМҚК
31.
98 %
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК
32.
98 %
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің «Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК
33.
98 %
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК
📌 Ескертпе. Аббревиатуралардың толық жазылуы:
КеАҚ – коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
РМҚК – республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.