О внесении изменений в решение акима Тайыншинского района от 16 октября 2015 года № 43 «Об образовании избирательных участков на территории Тайыншинского района»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение акима Тайыншинского района от 16 октября 2015 года № 43 «Об образовании избирательных участков на территории Тайыншинского района»
- Атауы (қаз.)
- «Тайынша ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» Тайынша ауданы әкімінің 2015 жылғы 16 қазандағы № 43 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 54
- Қабылданған күні
- 23.11.2015
- Көрсетілген редакция
- 24.12.2018 96609_381603.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 24.12.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15SK003508
- ЭКБ идентификаторы
- 96609
- Редакция идентификаторы
- 96609_381603
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 12:31
0 «Тайынша ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» Тайынша ауданы әкімінің 2015 жылғы 16 қазандағы № 43 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңының 23 бабының 1, 2 тармақтарына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының әкімі ШЕШТІ:
1
1. «Тайынша ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімінің 2015 жылғы 16 қазандағы № 43 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 21 қазандағы № 3421 тіркелген, 2015 жылғы 23 қазандағы, 2015 жылғы 13 қарашадағы «Тайынша таңы» және 2015 жылғы 23 қазандағы, 2015 жылғы 13 қарашадағы «Тайыншинские вести» газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасындағы 64) тармақшасы жаңа мазмұнда баяндалсын:
«64) № 517 сайлау учаскесі:
сайлау учаскесінің орналасқан орны: Летовочное ауылы, Школьная көшесі 25, Қазақстан Республикасы білім және ғылым Министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің «Летовочное орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты;
сайлау учаскесінің шекаралары: Летовочное ауылы;».
2 2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Солтүстік Қазақстан облысы
Тайынша аудандық сайлау
комиссиясының төрайымы
______________ Ю. Солунина
2015 жылы 23 қараша