Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в постановление акимата от 16 февраля 2015 года № 44 «Об установлении охранной зоны республиканского государственного учреждения «Государственный природный резерват «Алтын Дала» на территории Костанайской области»

Қаулы · № 498 · қабылданған 05.10.2017
Заңдық күші: Қолданыста · 20.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/16-2015-no-44-ekb-115590/on/2026-08-20/
Басып шығарылды 2026-08-20 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в постановление акимата от 16 февраля 2015 года № 44 «Об установлении охранной зоны республиканского государственного учреждения «Государственный природный резерват «Алтын Дала» на территории Костанайской области» Қолданыста Қаулы ·№ 498 ·05.10.2017
05.10.2017 редакциясы
20.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.10.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнения в постановление акимата от 16 февраля 2015 года № 44 «Об установлении охранной зоны республиканского государственного учреждения «Государственный природный резерват «Алтын Дала» на территории Костанайской области»

Қолданыста Қаулы ·№ 498 · 20.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в постановление акимата от 16 февраля 2015 года № 44 «Об установлении охранной зоны республиканского государственного учреждения «Государственный природный резерват «Алтын Дала» на территории Костанайской области»
Атауы (қаз.)
Әкімдіктің 2015 жылғы 16 ақпандағы № 44 «Қостанай облысының аумағындағы «Алтын Дала» мемлекеттік табиғи резерваты» республикалық мемлекеттік мекемесінің күзет аймағын белгілеу туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
498
Қабылданған күні
05.10.2017
Көрсетілген редакция
05.10.2017 115590_246442.kaz
Соңғы өзгеріс
05.10.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V17N0007269
ЭКБ идентификаторы
115590
Редакция идентификаторы
115590_246442
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 03:43

0 Әкімдіктің 2015 жылғы

16 ақпандағы № 44 «Қостанай облысының аумағындағы «Алтын Дала» мемлекеттік табиғи резерваты» республикалық мемлекеттік мекемесінің күзет аймағын белгілеу туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Қостанай облысы әкімдігінің 2015 жылғы 16 ақпандағы № 44 «Қостанай облысының аумағындағы «Алтын Дала» мемлекеттік табиғи резерваты» республикалық мемлекеттік мекемесінің күзет аймағын белгілеу туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5456 болып тіркелген, 2015 жылғы 7 сәуірде «Қостанай таңы» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 123-бабына, «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына және 18, 48, 53-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағының 9) тармақшасына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
1-тармақтың үшінші, төртінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
«осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес табиғи резерваты шекарасының периметрі бойынша қорғау аймағының шекарасы;
осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес табиғи резерваттың қорғау аймағының аумағында табиғат пайдалану режимі мен тәртібі .»;
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген қаулы осы қаулының 1-қосымшасымен толықтырылсын.

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
«Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрлігі Орман
шаруашылығы және жануарлар дүниесі
комитетінің Қостанай облыстық орман
шаруашылығы және жануарлар дүниесі
аумақтық инспекциясы» республикалық
мемлекеттік мекемесінің басшысы
_____________________Д. Жұмабаев

4 Жоспарланатын «Алтын Дала» мемлекеттік табиғи резерватын функционалдық аймақтарға бөлу картасы

Әкімдіктің
2017 жылғы 5 қазаңдағы
№ 498 қаулысына
1-қосымша
Әкімдіктің
2015 жылғы 16 ақпандағы
№ 44 қаулысына
1-қосымша
Жоспарланатын «Алтын Дала» мемлекеттік табиғи резерватын функционалдық аймақтарға бөлу картасы

5 Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Алтын Дала» мемлекеттік табиғи резерваты» республикалық мемлекеттік мекемесінің қорғау аймағының аумағындағы табиғат пайдалану режимі мен тәртібі

Әкімдіктің
2017 жылғы 5 қазаңдағы
№ 498 қаулысына
2-қосымша
Әкімдіктің
2015 жылғы 16 ақпандағы
№ 44 қаулысына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің
«Алтын Дала» мемлекеттік табиғи резерваты» республикалық мемлекеттік мекемесінің қорғау аймағының аумағындағы табиғат пайдалану режимі мен тәртібі

1 1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шауашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Алтын Дала» мемлекеттік табиғи резерваты» республикалық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - табиғи резерват) қорғау аймағында:

1 1) мемлекеттiк табиғи резерваттың экологиялық жүйелерiне зиянды әсер ететiн объектiлер орналастыруға, жобалауға, салуға және пайдалануға, жаңа технологияларды енгiзуге;

2 2) ластаушы заттар мен сарқынды суларды атмосфераға шығару және ашық су көздерi мен рельефке төгуге;

3 3) пайдалы қазбалар өндіруге;

4 4) аң аулауға;

5 5) радиоактивтi материалдар мен өнеркәсiптік қалдықтарды көмуге;

6 6) мемлекеттiк табиғи резерваттың экологиялық жүйелерiнiң гидрологиялық режимiн өзгертуі мүмкін қызметке (бөгеттер, дамбалар, гидротехникалық құрылыстар және табиғи су ағынын тоқтатуға немесе азайтуға душар ететін басқа да объектiлер салуға);

7 7) жабайы жануарлар мен жабайы өсетін өсiмдiктердiң бөтен түрлерiн интродукциялауға;

8 8) мемлекеттiк табиғи резерваттың экологиялық жүйелерiне зиянды әсер етуі мүмкін басқа да қызметке жол берілмейді.

2 2. Табиғи резерваттың қорғау аймағының аумағында табиғи резерваттың экологиялық жүйелерiнiң жай-күйiне терiс әсер етпейтiн шаруашылық қызметтiң мынадай әртүрлi нысандары жүзеге асырылуы мүмкін:

1 1) орман шаруашылығы қызметі;

2 2) мал жаю мен шөп шабуды қоса алғанда, дәстүрлi жер пайдалану, сондай-ақ биологиялық әртүрлілікті ұзақ мерзiмдi сақтау мен оның берiктiгiн қамтамасыз ету шеңберiндегi өзге де қызмет;

3 3) туристiк және рекреациялық қызмет;

4 4) минералды суларды, бальнеологиялық және климаттық ресурстарды пайдалану;

5 5) кәсiпшілік және әуесқойлық (спорттық) балық аулау;

6 6) орман және дала өрттерiн сөндiру бойынша жердегi және авиациялық жұмыстарды жүргiзу;

7 7) бүлiнген жердi қалпына келтіру;

8 8) орман және өзге де өсiмдiктер қауымдастықтарын қалпына келтiру;

9 9) жабайы жануарлардың мекендеу ортасы мен санын қалпына келтiру;

10

10) жер учаскелерiн туристер болатын жерлердi жайластыру, өсiмдiктер мен жануарлардың эндемикалық, сирек кездесетiн және жойылып бара жатқан түрлерiн қолдан көбейтуге, өсiруге, өндiруге арналған питомниктер орналастыру, сондай-ақ мемлекеттiк табиғи резерват жұмыскерлерінің тұруына арналған қызметтiк үй-жайлар (кордондар) салу, оларға қызметтік жер телімдерін беру үшiн пайдалану.

3

3. Табиғи резерваттың қорғау аймағында осы қосымшаның 2-тармағында көрсетілген қызмет түрлерiн жүзеге асыру кезiнде өсiмдiктер мен жануарлар дүниесi объектiлерiнiң мекендеу ортасын және көбею жағдайларын, жануарлардың өріс аудару жолдары мен шоғырлану орындарын сақтау жөнiндегi iс-шаралар көзделуге және жүзеге асырылуға, жабайы жануарлардың мекендеу ортасы ретiнде ерекше құнды болып есептелетін учаскелердің, сондай-ақ табиғи резерваттың өзге де объектiлердің дербестігі қамтамасыз етiлуге тиiс.

Қолданыстағы