О внесении изменений в постановление акимата Костанайской области от 16 февраля 2015 года № 44 «Об установлении охранной зоны республиканского государственного учреждения «Государственный природный резерват «Алтын Дала» на территории Костанайской области»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата Костанайской области от 16 февраля 2015 года № 44 «Об установлении охранной зоны республиканского государственного учреждения «Государственный природный резерват «Алтын Дала» на территории Костанайской области»
- Атауы (қаз.)
- Қостанай облысы әкімдігінің 2015 жылғы 16 ақпандағы № 44 «Қостанай облысының аумағындағы «Алтын дала» мемлекеттік табиғи резерваты» республикалық мемлекеттік мекемесінің күзет аймағын белгілеу туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 430
- Қабылданған күні
- 06.10.2023
- Көрсетілген редакция
- 06.10.2023 186934_658577.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 06.10.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V23N0010066
- ЭКБ идентификаторы
- 186934
- Редакция идентификаторы
- 186934_658577
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 16:27
0 Қостанай облысы әкімдігінің 2015 жылғы 16 ақпандағы № 44 «Қостанай облысының аумағындағы «Алтын дала» мемлекеттік табиғи резерваты»
республикалық мемлекеттік мекемесінің күзет аймағын белгілеу туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Қостанай облысы әкімдігінің «Қостанай облысының аумағындағы «Алтын Дала» мемлекеттік табиғи резерваты» республикалық мемлекеттік мекемесінің күзет аймағын белгілеу туралы» 2015 жылғы 16 ақпандағы № 44 қаулысына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 5456 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
1-тармақтың 1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«1) «Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Алтын Дала» мемлекеттік табиғи резерваты» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – табиғи резерват) шекарасының айналасындағы Қостанай облысының аумағында ені екі километрден кем емес, жалпы ауданы 180 929 гектар, оның ішінде: жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймай және жер санаттарын өзгертпей Ұлы-Жыланшық учаскесінде 78 972 гектар, Тосынқұм учаскесінде 74 457 гектар және Сарықопа учаскесінде 27 500 гектар күзет аймағы;»;
көрсетілген қаулының 2-қосымшасында:
тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Алтын Дала» мемлекеттік табиғи резерваты» республикалық мемлекеттік мекемесінің күзет аймағының аумағындағы табиғат пайдалану режимі мен тәртібі»;
1-тармақта:
бірінші абзац жаңа редакцияда жазылсын:
«1. «Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Алтын Дала» мемлекеттік табиғи резерваты» республикалық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – табиғи резерват) қорғау аймағында:»;
3) тармақша жаңа редакцияда жазылсын:
«3) «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 84-2-бабының 2-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, пайдалы қазбаларды барлау мен өндіруге;»;
мемлекеттік тілде 8) тармақша жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«8) мемлекеттiк табиғи резерваттың экологиялық жүйелерiне зиянды әсер етуі мүмкін басқа да қызметке жол берілмейді.»;
2-тармақтың 10) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«10) жер учаскелерін туристер болатын жерлерді жайластыру, өсімдіктер мен жануарлардың эндемиялық, сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түрлерін қолдан көбейтуге, өсіруге, өндіруге арналған питомниктер орналастыру, сондай-ақ мемлекеттiк табиғи резерват жұмыскерлерiнiң тұруына арналған қызметтiк үй-жайлар (кордондар) салу, оларға қызметтік жер телімдерін беру үшiн пайдалану.».