Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 16 июня 2015 года № 694 «Об утверждении Правил регистрации и учета химической продукции»

Бұйрық · № 422 · қабылданған 06.08.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/16-2015-no-694-ekb-157927/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 16 июня 2015 года № 694 «Об утверждении Правил регистрации и учета химической продукции» Қолданыста Бұйрық ·№ 422 ·06.08.2021
06.08.2021 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.08.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 16 июня 2015 года № 694 «Об утверждении Правил регистрации и учета химической продукции»

Қолданыста Бұйрық ·№ 422 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 16 июня 2015 года № 694 «Об утверждении Правил регистрации и учета химической продукции»
Атауы (қаз.)
«Химиялық өнімді тіркеу және есепке алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 16 маусымдағы № 694 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
422
Қабылданған күні
06.08.2021
Көрсетілген редакция
06.08.2021 157927_535808.kaz
Соңғы өзгеріс
06.08.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2100024001
ЭКБ идентификаторы
157927
Редакция идентификаторы
157927_535808
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 07:15

0 «Химиялық өнімді тіркеу және есепке алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 16 маусымдағы № 694 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Химиялық өнімді тіркеу және есепке алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 16 маусымдағы № 694 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11737 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Химиялық өнімді тіркеу және есепке алу қағидалары» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:
5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
5. «Химиялық өнімдерді тіркеу және есепке алу» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) осы Қағидаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
6. Мемлекеттік қызметтерді алу үшін жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушылар) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына немесе «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес «Химиялық өнімдерді тіркеу және есепке алу» мемлекеттік қызмет стандартында (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет стандарты) көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш ұсынады;
осы Қағидаларға 1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
осы Қағидаларға 2-қосымшада:
реттік нөмірі 1-жол мынадай редакцияда жазылсын:
1
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші)
реттік нөмірі 7-жол мынадай редакцияда жазылсын:
7
Жұмыс кестесі
1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
2) Мемлекеттік корпорацияда – Кодекске сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі асқа үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.
3) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Кодекске сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күнімен жүзеге асырылады).
Мемлекеттік корпорациямен мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеделдетілген қызмет көрсетусіз «электрондық» кезек тәртібінде көрсетіледі, электрондық кезекті портал арқылы броньдауға болады;
Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:
1) көрсетілетін қызметті берушінің - www.comprom.gov.kz, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімі;
2) Мемлекеттік корпорацияның - www.gov4c.kz интернет-ресурсы;
3) www.egov.kz порталы.
реттік нөмірі 10-жол мынадай редакцияда жазылсын:
10
Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар
Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777 арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) Министрлік: www.gov.kz/memleket/entities/miid;
2) Көрсетілетін қызметті беруші: www.gov.kz/memleket/entities/comprom, «Мемлекеттік қызметтер»;
3) Мемлекеттік корпорация: www.egov.kz, www.elicense.kz;интернет-ресурстарында орналастырылған.
Көрсетілетін қызметті алушының ЭСҚ-сы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық нысанда портал арқылы алуына мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы «жеке кабинеті» арқылы, сондай-ақ Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметінің байланыс телефондары: 8 (7172) 75 48 89, 75 48 91. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.
».
осы Қағидаларға 4 және 5-қосымшалар осы бұйрыққа 2 және 3-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі

1 Химиялық өнімді тіркеуге өтініш

Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрінің
міндетін атқарушының
2021 жылғы 6 тамыздағы
№ 422 Бұйрыққа
1-қосымша
Химиялық өнімді тіркеу
және есепке алу қағидаларына
1-қосымша
нысан
Қазақстан Республикасы Индустрия
және инфрақұрылымдық даму
министрлігі Индустриялық
даму комитетінің төрағасы
Тегі, аты, әкесінің аты
(бар болса)
(бұдан әрі –аты-жөні)
Химиялық өнімді тіркеуге өтініш
Химиялық өнімді тіркеу туралы куәлік беруді сұраймыз:
_________________________________________________________________.
Қосымша: ____ парақта.
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын
мәлімет пайдалануға келісемін.
20 ___ жыл «__» _________ ____________ (қолы)

2 Дәлелденген бас тарту

Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрінің
міндетін атқарушының
2021 жылғы 6 тамыздағы
№ 422 Бұйрыққа
2-қосымша
Химиялық өнімді тіркеу
және есепке алу қағидаларына
4-қосымша
нысан
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
МИНИСТЕРСТВО ИНДУСТРИИ И
ИНФРАСТРУКТУРНОГО
РАЗВИТИЯ
ИНДУСТРИЯ ЖӘНЕ
ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ
ДАМУ МИНИСТРЛІГІ
РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН
«Индустриялық даму
комитеті» Республикалық
мемлекеттік мекемесі
Республиканское государственное
учреждение «Комитет
индустриального развития»
Дәлелденген бас тарту
Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті «____________________»
Химиялық өнімнің қауіпсіздік паспортын қарап, мынаны хабарлайды:
Қол қоюшының лауазымы
Қол қоюшының аты-жөні

3 Қазақстан Республикасының

Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрінің
міндетін атқарушының
2021 жылғы 6 тамыздағы
№ 422 Бұйрыққа
3 - қосымша
Химиялық өнімді тіркеу
және есепке алу қағидаларына
5-қосымша
нысан
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
МИНИСТЕРСТВО
ИНДУСТРИИ И
ИНФРАСТРУКТУРНОГО
РАЗВИТИЯ
ИНДУСТРИЯ ЖӘНЕ
ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ
ДАМУ МИНИСТРЛІГІ
РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН
«Индустриялық даму
комитеті» Республикалық
Мемлекеттік Мекемесі
Республиканское государственное
учреждение «Комитет
индустриального развития»
Химиялық өнімдерді тіркеу туралы куәлік
Нөмірі:
[Ұйымның атауы]
[мекенжайы]
Химиялық өнім:
_______________________________
(химиялық өнімнің толық атауы)
_______________________________
(химиялық өнімнің толық атауы)
_____________________________
(Өндіруші фирма)
_____________________________
(шығару нысаны)
Қолдану саласы:
Тіркелген күні:
Қол қоюшының лауазымы Қол қоюшының аты-жөні

Қолданыстағы