Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 16 ноября 2015 года № 926 «Об утверждении квалификационных требований к специализированным учебным центрам в области пожарной безопасности по подготовке, переподготовке и повышению квалификации специалистов негосударственных противопожарных служб»

Бұйрық · № 178 · қабылданған 20.04.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/16-2015-no-926-ekb-155010/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О внесении изменения в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 16 ноября 2015 года № 926 «Об утверждении квалификационных требований к специализированным учебным центрам в области пожарной безопасности по подготовке, переподготовке и повышению квалификации специалистов негосударственных противопожарных служб» Қолданыста Бұйрық ·№ 178 ·20.04.2021
20.04.2021 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.04.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 16 ноября 2015 года № 926 «Об утверждении квалификационных требований к специализированным учебным центрам в области пожарной безопасности по подготовке, переподготовке и повышению квалификации специалистов негосударственных противопожарных служб»

Қолданыста Бұйрық ·№ 178 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 16 ноября 2015 года № 926 «Об утверждении квалификационных требований к специализированным учебным центрам в области пожарной безопасности по подготовке, переподготовке и повышению квалификации специалистов негосударственных противопожарных служб»
Атауы (қаз.)
«Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің мамандарын даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру бойынша өрт қауіпсіздігі саласындағы мамандандырылған оқу орталықтарына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 16 қарашадағы № 926 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
178
Қабылданған күні
20.04.2021
Көрсетілген редакция
20.04.2021 155010_519396.kaz
Соңғы өзгеріс
20.04.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2100022592
ЭКБ идентификаторы
155010
Редакция идентификаторы
155010_519396
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 08:33

0

«Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің мамандарын даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру бойынша өрт қауіпсіздігі саласындағы мамандандырылған оқу орталықтарына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 16 қарашадағы № 926 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің мамандарын даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру бойынша өрт қауіпсіздігі саласындағы мамандандырылған оқу орталықтарына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 16 қарашадағы № 926 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12478 болып тіркелген, 2015 жылғы 31 желтоқсанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Осы бұйрықпен бекітілген мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің мамандарын даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі өрт қауіпсіздігі саласындағы мамандандырылған оқу орталықтарына
қойылатын біліктілік талаптарында:
2 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1) оқу жұмыс жоспарларының болуы;;
2) штаттағы оқытушылардың «Өрт қауіпсіздігі» немесе «Төтенше жағдайларда қорғау» мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білімінің болуы, өртке қарсы қызмет бөліністерінде басшы лауазымда практикалық жұмыс өтілі бес жылдан кем емес болуы;
3) интернет желісіне қосылған компьютерлермен, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 7 шілдегі Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес санитариялық қағидалар мен гигиеналық нормативтерге сай келетін оқу кабинеттерімен, оқытудың техникалық құралдарымен, макеттермен, тренажерлармен, оқулықтармен және оқу әдістемелік материалдармен жарақталуы;
4) білім беру қызметінің сапасын қамтамасыз ететін меншікті не шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында тиесілі материалдық және материалдық емес активтердің (өрт сөндіру техникасы, жаттығу-машықтану мұнарасы, жылу-түтін камерасы, психологиялық дайындық жолағы) болуы;
5) оқу әдебиетін, оқу міндеттері мен тапсырмаларын, бейнефильмдердің тақырыптық жинақтарын, оқу-көрнекі материалдарын, бақылау карточкаларын, оқыту бағдарламаларын, емтихан билеттерінің жиынтықтарын, практикалық тапсырмалар сипаттамаларын және әрбір оқу бағдарламасына басқа да оқу-әдістемелік материалдарды қамтитын оқу-әдістемелік материалдар қорының болуы.».

2 2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитеті:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3 3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күннен кейін он жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы