О внесении изменения и дополнения в приказ Министра оборонной и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 16 ноября 2016 года № 1/НҚ «Об утверждении Положения об Аэрокосмическом комитете Министерства оборонной и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения и дополнения в приказ Министра оборонной и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 16 ноября 2016 года № 1/НҚ «Об утверждении Положения об Аэрокосмическом комитете Министерства оборонной и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан»
- Атауы (қаз.)
- «Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2016 жылғы 16 қарашадағы № 1/НҚ бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 92/НҚ
- Қабылданған күні
- 22.05.2017
- Көрсетілген редакция
- 09.04.2019 114049_417176.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 09.04.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G17BNY00092
- ЭКБ идентификаторы
- 114049
- Редакция идентификаторы
- 114049_417176
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 05:03
0 «Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2016 жылғы 16 қарашадағы № 1/НҚ бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 желтоқсандағы Заңымен бекітілген «Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Байқоңыр қаласының мәртебесі және ондағы атқарушы өкімет органдарын құрудың тәртібі мен олардың мәртебесі туралы» келісімінің 10-бабының 3-тармағына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 44-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына, Астана қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 8 қарашадағы № 110-2159 қаулысына және Астана қаласы маслихатының 2016 жылғы 9 қарашадағы № 66/11-VI шешіміне сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1 1. «Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2016 жылғы 16 қарашадағы № 1/НҚ бұйрығына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Комитеттің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Есiл ауданы, Мәңгілік ел даңғылы, № 8, «Министрліктер үйі» ғимараты, 12-кіреберіс.»;
21-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлiкпен толықтырылсын:
«Қажет болған жағдайда, құрылымдық бөлімшеге жетекшілік ететін Төраға орынбасарының орналасқан жері Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 желтоқсандағы Заңымен бекітілген «Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Байқоңыр қаласының мәртебесі және ондағы атқарушы өкімет органдарын құрудың тәртібі мен олардың мәртебесі туралы» келісімінің 10-бабы 3-тармағына сәйкес Байқоңыр қаласында орналасуы мүмкін.