О внесении изменений в приказ Министра иностранных дел Республики Казахстан от 16 февраля 2016 года № 11-1-2/53 «Об утверждении Правил включения в кадровый резерв Министерства иностранных дел Республики Казахстан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра иностранных дел Республики Казахстан от 16 февраля 2016 года № 11-1-2/53 «Об утверждении Правил включения в кадровый резерв Министерства иностранных дел Республики Казахстан»
- Атауы (қаз.)
- «Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің кадр резервіне қосу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2016 жылғы 16 ақпандағы № 11-1-2/53 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- exe
- Нөмірі
- 11-1-4/426
- Қабылданған күні
- 31.07.2026
- Қолданысқа енгізілген күні
- 11.09.2026
- Көрсетілген редакция
- 31.07.2026 I229896_0.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 31.07.2026
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2600039533
- ЭКБ идентификаторы
- 229896
- Редакция идентификаторы
- I229896_0
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 17.09.2026 19:04
0 «Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің кадр резервіне қосу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2016 жылғы 16 ақпандағы № 11-1-2/53 бұйрығына өзгерістер
енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің кадр резервіне қосу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2016 жылғы 16 ақпандағы № 11-1-2/53 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13475 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда аталған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің кадр резервіне қосу қағидаларында:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабының 2-тармағына сәйкес мемлекеттік қызметке қабылданбайтын тұлғалар, сондай-ақ Заңның 15-2-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне іссапарға барғандар кадр резервіне қосылмайды.»;
15 және 16-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«15. Осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген тұлғаларға қатысты Министр Персоналды басқару қызметі ұсынған өтініштер және қызметтік тізім негізінде кадр резервіне қосу туралы бұйрық қабылдайды.
16. Кадр резервіне енгізілген тұлғалардың тізімі Министрдің кадр резервіне қосу туралы бұйрығы қабылданған күннен бастап 2 жұмыс күні ішінде Министрліктің сайтында жарияланады.
Кадр резервіне қосудан бас тартылған тұлғаларға Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде көзделген тәртіпте кадр резервіне қосудан бас тарту туралы дәйектелген жауаптары бар хабарламалар Министрдің бұйрығы қабылданған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде жолданады.»;
көрсетілген Қағидаларға қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Адам ресурстары департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Аппарат басшысына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
1 Өтініш
Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер
министрінің
2026 жылғы 31 шілдедегі
№ 11-1-4/426
бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрлігінің
кадр резервіне қосу
қағидаларына қосымша
Нысан
Қазақстан Республикасының
Сыртқы істер министріне
____________________________
____________________________
(аты, жөні мен тегі)
Өтініш
Мені Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің (бұдан әрі - ҚР СІМ) кадр резервіне қосуыңызды сұраймын.
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2016 жылғы 16 ақпандағы № 11-1-2/53 бұйрығымен бекітілген ҚР СІМ-нің кадр резервіне қосу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым.
Мекенжайы, байланыс телефоны және электрондық мекенжайы: ____________________________________________________________________
Негіздеме (керегін белгілеу):
1. Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет органдарындағы лауазымынан босатылуы («__» __________20___ жылғы №_______________ бұйрық);
2. Қазақстан Республикасының не басқа елдердің жоғары оқу орындарында, ғылыми мекемелерінде кәсіби даярлықтан өтуі, өзекті халықаралық проблемаларды ғылыми әзірлеуін аяқтауы (оқуды аяқтау мерзімі:_____________).
Осымен дербес деректерді жинауға, сақтауға және өңдеуге келісемін.
«___» __________ 20___ж.
____________
Қолы