О внесении изменений в решение районного маслихата от 16 мая 2016 года № 19 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Кобдинском районе»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение районного маслихата от 16 мая 2016 года № 19 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Кобдинском районе»
- Атауы (қаз.)
- «Қобда ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 16 мамырдағы № 19 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 138
- Қабылданған күні
- 02.03.2018
- Көрсетілген редакция
- 16.03.2020 119924_450904.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 16.03.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18CG000157
- ЭКБ идентификаторы
- 119924
- Редакция идентификаторы
- 119924_450904
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 01:31
0 «Қобда ауданында әлеуметтік көмек
көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж
азаматтардың жекелеген санаттарының
тізбесін айқындау қағидаларын бекіту
туралы» аудандық мәслихаттың
2016 жылғы 16 мамырдағы № 19
шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 50 бабына сәйкес, Қобда аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Қобда аудандық мәслихатының 2016 жылғы 16 мамырдағы № 19 «Қобда ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4956 тіркелген, 2016 жылғы 17 маусымда аудандық «Қобда» газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген, Қобда ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларында:
7 тармақта:
«Отбасы күні – қыркүйек айының екінші жексенбісі» сөздері алынып тасталсын.
8 тармақтың 3) тармақшасында:
«және 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы алатындарға» сөздері алынып тасталсын;
12 тармақтың 8) тармақшасы алынып тасталсын.
2 2. «Қобда аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы шешімді Қобда аудандық Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы шешімді мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік – құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
3 3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
«КЕЛІСІЛДІ»