О внесении изменений в решение маслихата от 16 мая 2016 года № 22 «Об утверждении Правил о дополнительном регламентировании проведения собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение маслихата от 16 мая 2016 года № 22 «Об утверждении Правил о дополнительном регламентировании проведения собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций»
- Атауы (қаз.)
- Мәслихаттың 2016 жылғы 16 мамырдағы № 22 «Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізуді қосымша реттеу туралы қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 317
- Қабылданған күні
- 14.11.2019
- Көрсетілген редакция
- 07.08.2020 136863_476178.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 07.08.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19NP008816
- ЭКБ идентификаторы
- 136863
- Редакция идентификаторы
- 136863_476178
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 17:52
0 Мәслихаттың 2016 жылғы 16 мамырдағы № 22 «Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізуді қосымша реттеу туралы қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы» 1995 жылғы 17 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес Науырзым аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Мәслихаттың «Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізуді қосымша реттеу туралы қағидаларын бекіту туралы» 2016 жылғы 16 мамырдағы № 22 шешіміне (2016 жылғы 26 мамырда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6384 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізуді қосымша реттеу туралы қағидаларында:
16-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«16. Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар егер:
1) өтiнiш берiлмеген;
2) оларды өткiзу кезінде «Қазақстан Республикасында бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбi туралы» 1995 жылғы 17 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 7, 8-баптарында көзделген оларды өткізу тәртiбі бұзылған жағдайларда Науырзым ауданының әкімдігі өкілінің талабы бойынша тоқтатылады.»;
жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізуді қосымша реттеу туралы қағидаларының 2-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3 Шерулер мен демонстрацияларды өткізу маршруттары
Мәслихаттың
2019 жылғы 14 қарашадағы
№ 317 шешіміне
қосымша
Жиналыстар, митингілер,
шерулер, пикеттер және
демонстрациялар өткізуді
қосымша реттеу туралы
қағидаларына
2-қосымша
Шерулер мен демонстрацияларды өткізу маршруттары
№
Елді мекен атауы
Шерулер мен демонстрацияларды өткізу маршруттары
1.
Қарамеңді ауылы
Қабанбай батыр көшесінің бойымен Шақшақ Жәнібек көшесінің қиылысына дейін. Бұдан әрі Шақшақ Жәнібек көшесі бойымен орталық алаңға қарай
2.
Қарамеңді ауылы
Шақшақ Жәнібек көшесінен Тәуелсіздік саябағына қарай Қабанбай батыр көшесінің қиылысына дейін