Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление акимата Северо-Казахстанской области от 16 июня 2016 года № 227 «Об утверждении регламентов государственных услуг, оказываемых в сфере земельных отношений»

Қаулы · № 75 · қабылданған 14.02.2017
Заңдық күші: Күшін жойған · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/16-2016-no-227-ekb-110336/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление акимата Северо-Казахстанской области от 16 июня 2016 года № 227 «Об утверждении регламентов государственных услуг, оказываемых в сфере земельных отношений» Күшін жойған Қаулы ·№ 75 ·14.02.2017
16.03.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.03.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление акимата Северо-Казахстанской области от 16 июня 2016 года № 227 «Об утверждении регламентов государственных услуг, оказываемых в сфере земельных отношений»

Күшін жойған Қаулы ·№ 75 · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление акимата Северо-Казахстанской области от 16 июня 2016 года № 227 «Об утверждении регламентов государственных услуг, оказываемых в сфере земельных отношений»
Атауы (қаз.)
«Жер қатынастары саласындағы мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламенттерiн бекiту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 16 маусымдағы № 277 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
75
Қабылданған күні
14.02.2017
Көрсетілген редакция
16.03.2020 110336_449191.kaz
Соңғы өзгеріс
16.03.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V17S0004089
ЭКБ идентификаторы
110336
Редакция идентификаторы
110336_449191
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 06:11

0 «Жер қатынастары саласындағы мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламенттерiн бекiту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 16 маусымдағы № 227 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімідігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. «Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 16 маусымдағы № 227 қаулысына (2016 жылғы 21 шілдеде «Әділет» нормативтік құқықтық актілердің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3819 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Жер учаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобаларын бекiту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

3 «3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – бекітілген жер учаскесін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобасы (бұдан әрі - бұйрық) не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға арналған негіздер:

1 1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау;

2 2) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айрылған болуы болып табылады.»;

4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

4 «4. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық.

Порталда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілген қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
Көрсетілген қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алу үшін қағаз жеткізгіште жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық нысанда ресімделеді, басып шығарылады және көрсетілген қызметті берушінің мөрімен және уәкілетті адамының қолымен куәландырылады.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген «Мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет реглементінде:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

3 «3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнының бекітілген актісі не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға арналған негіздер:

1 1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау;

2 2) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айрылған болуы болып табылады.»;

көрсетілген қаулымен бекітілген «Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

3 «3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беру туралы қаулы (бұдан әрі - рұқсат) не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға арналған негіздер:

1 1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау;

2 2) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айрылған болуы болып табылады.»;

көрсетілген қаулымен бекітілген «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

3 «3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы қаулы не мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға арналған негіздер:

1 1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау;

2 2) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажет етілетін келісу туралы сұранымға уәкілетті мемлекеттік органның теріс жауабы;

3 3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айрылған болуы болып табылады.

11-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

1 1) Мемлекеттік корпорацияның қызметкері көрсетілетін қызметті алушы ұсынған өтініштің дұрыс толтырылуын және ұсынған құжаттар пакетінің толықтығын тексереді – 5 (бес) минут.

Көрсетілетін қызметті алушы Регламенттің 5-тармағымен қарастырылған тізбеге сәйкес құжаттар пакетін толық тапсырмаған жағдайда Мемлекеттік корпорацияның қызметкері Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
Құжаттар пакетін толық тапсырған кезде Мемлекеттік корпорацияның қызметкері оларды «Халыққа қызмет көрсету орталықтарына арналған біріктірілген ақпараттық жүйе» ақпараттық жүйесінде тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат береді.».
көрсетілген қаулымен бекітілген «Суармалы егiстiктi алқаптардың суарылмайтын түрiне ауыстыруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

3 «3. Мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесі - көрсетілетін қызметті берушінің суармалы егiстiктi алқаптардың суарылмайтын түрiне ауыстыру шешімі (бұдан әрі - рұқсат) туралы қаулысы не мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту.

Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға арналған негіздер:

1 1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау;

2 2) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажет етілетін келісу туралы сұранымға уәкілетті мемлекеттік органның теріс жауабы;

3 3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айрылған болуы болып табылады.»;

4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

4 «4. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық.

Порталда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілген қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілген қызмет берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлы қол қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
Мемлекеттік көрсетілген қызметті алу үшін көрсетілген қызметті алушы қағаз жеткізгіште жүгінген жағдайда көрсетілген қызметтің нәтижесі электрондық форматта ресімделеді және басып шығарылады.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген «Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

3 «3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – көрсетілетін қызметті берушінің ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыру туралы рұқсат (бұдан әрі – шешім) не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға арналған негіздер:

1 1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау;

2 2) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажет етілетін келісу туралы сұранымға уәкілетті мемлекеттік органның теріс жауабы;

3 3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айрылған болуы болып табылады.».

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелсін.

3 3. Осы қаулы оны алғаш ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы