О внесении изменений в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 16 июня 2016 года № 262 «Об утверждении Правил введения временного государственного ценового регулирования на отдельных товарных рынках и (или) на товары, работы, услуги отдельных субъектов рынка»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 16 июня 2016 года № 262 «Об утверждении Правил введения временного государственного ценового регулирования на отдельных товарных рынках и (или) на товары, работы, услуги отдельных субъектов рынка»
- Атауы (қаз.)
- «Жекелеген тауар нарықтарында және (немесе) нарықтың жекелеген субъектілерінің тауарларына, жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне уақытша мемлекеттік баға реттеуді енгізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 16 маусымдағы № 262 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 67
- Қабылданған күні
- 28.09.2020
- Көрсетілген редакция
- 28.09.2020 146819_484316.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.09.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2000021311
- ЭКБ идентификаторы
- 146819
- Редакция идентификаторы
- 146819_484316
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 12:36
0 «Жекелеген тауар нарықтарында және (немесе) нарықтың жекелеген субъектілерінің тауарларына, жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне уақытша мемлекеттік баға реттеуді енгізу қағидаларын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің
2016 жылғы 16 маусымдағы № 262 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Жекелеген тауар нарықтарында және (немесе) нарықтың жекелеген субъектілерінің тауарларына, жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне уақытша мемлекеттік баға реттеуді енгізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 16 маусымдағы № 262 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13792 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 17 маусымда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 116-бабы 3-тармағының 9) тармақшасына және 119-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жекелеген тауар нарықтарында және (немесе) нарықтың жекелеген субъектілерінің тауарларына, жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне уақытша мемлекеттік баға реттеуді енгізу қағидаларында:
1, 2 және 3-бөлімдердің атаулары мынадай редакцияда жазылсын:
«1-тарау. Жалпы ережелер»;
«2-тарау. Жекелеген тауар нарықтарында уақытша мемлекеттік баға реттеуді енгізу»;
«3-тарау. Нарықтың жекелеген субъектілерінің тауарларына, жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне уақытша мемлекеттік баға реттеуді енгізу»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Жекелеген тауар нарықтарында және (немесе) нарықтың жекелеген субъектілерінің тауарларына, жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне уақытша мемлекеттік баға реттеуді енгізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 116-бабы 3-тармағының 9) тармақшасына және 119-бабына сәйкес әзірленді және жекелеген тауар нарықтарында және (немесе) нарықтың жекелеген субъектілерінің тауарларына, жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне уақытша мемлекеттік баға реттеуді енгізу тәртібін айқындайды.»;
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«16. Тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге шекті бағаны белгілеу үшін нарық субъектілері белгіленген мерзімде монополияға қарсы органның ведомствосына мынадай құжаттарды ұсынады:
1) осы Қағидалардың 17-тармағына сәйкес тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің өзіндік құнында ескерілетін шығыстарды негіздейтін құжаттар;
2) Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 28 маусымдағы № 404 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша бухгалтерлік баланс (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 27 шілдеде № 15384 болып тіркелген);
3) Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 28 маусымдағы № 404 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша пайда мен шығындар туралы есеп (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 27 шілдеде № 15384 болып тіркелген);
4) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2020 жылғы 5 ақпандағы № 17 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша еңбек жөніндегі есеп (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 11 ақпанда № 20021 болып тіркелген);
5) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2020 жылғы 4 ақпандағы № 14 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша қаржы-шаруашылық қызмет туралы есеп (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 10 ақпанда № 20008 болып тіркелген);
6) Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 28 маусымдағы № 404 бұйрығымен бекітілген нысанға сәйкес ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 27 шілдеде № 15384 болып тіркелген);
7) тұтастай кәсіпорын бойынша және әрбір түр бойынша жеке шығындар баптарын таратып жазып, босату бағаларын есептеу үшін қабылданған кірістер мен шығыстар туралы жиынтық деректер;
8) шикізат пен материалдар шығысының қолданылатын нормалары туралы мәліметтер;
9) инвестициялық бағдарламалар (болған жағдайда);
10) ағымдағы және күрделі жөндеулерге және басқа да жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына бағытталатын шығындардың жылдық сметасы;
11) негізгі құралдарды пайдалану мерзімдерін көрсете отырып, амортизациялық аударымдардың есептемелері;
12) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізудің нақты және жоспарланатын көлемін растайтын құжаттар;
13) бекітілген штат кестесі.
Бұл ретте, негіздеуші материалдар ретінде құжаттарды беру алдындағы төрт тоқсан ішіндегі және өткен күнтізбелік жыл ішіндегі нақты деректер ұсынылады.».
2 2. Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрық ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.