Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в приказ и.о. Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 16 марта 2016 года № 274 «Об утверждении Инструкции по составлению, представлению и рассмотрению расчета расходов на государственные закупки товаров, работ, услуг в сфере информатизации»

Бұйрық · № 118/НҚ · қабылданған 30.03.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/16-2016-no-274-ekb-179342/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в приказ и.о. Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 16 марта 2016 года № 274 «Об утверждении Инструкции по составлению, представлению и рассмотрению расчета расходов на государственные закупки товаров, работ, услуг в сфере информатизации» Қолданыста Бұйрық ·№ 118/НҚ ·30.03.2023
30.03.2023 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.03.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в приказ и.о. Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 16 марта 2016 года № 274 «Об утверждении Инструкции по составлению, представлению и рассмотрению расчета расходов на государственные закупки товаров, работ, услуг в сфере информатизации»

Қолданыста Бұйрық ·№ 118/НҚ · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в приказ и.о. Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 16 марта 2016 года № 274 «Об утверждении Инструкции по составлению, представлению и рассмотрению расчета расходов на государственные закупки товаров, работ, услуг в сфере информатизации»
Атауы (қаз.)
«Ақпараттандыру саласындағы тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуға арналған шығыстардың есеп-қисабын жасау, ұсыну және қарау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2016 жылғы 16 наурыздағы № 274 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
118/НҚ
Қабылданған күні
30.03.2023
Көрсетілген редакция
30.03.2023 179342_623943.kaz
Соңғы өзгеріс
30.03.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2300032179
ЭКБ идентификаторы
179342
Редакция идентификаторы
179342_623943
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 20:05

0

«Ақпараттандыру саласындағы тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуға арналған шығыстардың есеп-қисабын жасау, ұсыну және қарау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2016 жылғы 16 наурыздағы № 274 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Ақпараттандыру саласындағы тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуға арналған шығыстардың есеп-қисабын жасау, ұсыну және қарау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2016 жылғы 16 наурыздағы № 274 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13631 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 21) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Ақпараттандыру саласындағы тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуға арналған шығыстардың есеп-қисабын жасау, ұсыну және қарау жөніндегі нұсқаулығында:
3-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) шығыстар есебінің «электрондық үкіметтің» архитектурасына сәйкестігін қамтамасыз етеді;»;
18-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) «электрондық үкіметтің» архитектурасының іске асырылу барысы туралы ақпарат;»;
19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«19. Уәкілетті органның қарауына «электрондық үкіметтің» архитектурасында көрсетілген тауарларға, жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге арналған шығыстардың есебі жатады.»;
20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«20. «Электрондық үкіметтің» бекітілген архитектурасы болмаған жағдайда, уәкілетті орган осы Нұсқаулықтың 11 және 12-тармақтарында құжаттарды талдау арқылы шығыстар есебін қарауды жүзеге асырады.»;
осы Нұсқаулықтың 1-қосымшасы осы бұйрықтың 1-қосымшсына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
осы Нұсқаулықтың 1-1-қосымшасы осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

2 2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Цифрлық трансформация департаменті:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі

1 Ақпараттандыру саласындағы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуға арналған шығындардың жалпы атаулары

Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму,
инновациялар және аэроғарыш
өнеркәсібі министрінің м.а.
2023 жылғы 30 наурыздағы
№ 118/НҚ
Бұйрығына 1-қосымша
Ақпараттандыру саласындағы
тауарларды, жұмыстарды,
қызметтерді мемлекеттік сатып
алу шығыстарының есебін
жасау, ұсыну және қарастыру
жөніндегі нұсқаулыққа
1-қосымша
Ақпараттандыру саласындағы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуға арналған шығындардың жалпы атаулары

Ақпараттандыру саласындағы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуға арналған жалпы шығындардың атаулары
Ағымдағы шығындар, қорларды сатып алу
1.
ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым компоненттеріне арналған қосалқы бөлшектер
2.
перифериялық жабдыққа арналған картридж
3.
перифериялық жабдыққа арналған тонер
Ағымдағы шығындар, көрсетілетін қызметтер мен жұмыстарды сатып алу
4.
«электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектісін сүйемелдеу
5.
«электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін интеграциялау
6.
«электрондық үкімет» ақпараттандыру объектісіне жүйелік-техникалық қызмет көрсету
7.
лицензияланған бағдарламалық жасақтаманы техникалық қолдау
8.
бағдарламалық жасақтаманы техникалық қолдау
9.
жабдықты техникалық қолдау
10.
серверлік жабдықты жалға берілетін серверлік үй-жайға орналастыру
11.
ақпараттық жүйенің аудиті
12.
пайдаланушыларды оқыту
13.
ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым компоненттерін жөндеу
14.
жұмыс орындарына жүйелік-техникалық қызмет көрсету
15.
серверлік жабдыққа жүйелік-техникалық қызмет көрсету
16.
ақпараттық жүйенің және электрондық ақпараттық ресурстың хостингі
17.
Интернет желісіне қол жеткізу қызметтері
18.
телекоммуникация қызметі
19.
картридждерді толтыру
20.
ақпараттандыру саласындағы консалтингтік қызметтер
Күрделі шығындар. Негізгі құралдарды сатып алу
21.
компьютерлік жабдық
22.
серверлік жабдық
23.
деректерді сақтау жүйесі
24.
сақтық көшірме жүйесі
25.
перифериялық жабдық
26.
телекоммуникациялық жабдық
27.
серверлік үй-жайларға арналған электр жабдықтары мен жабдықтар
28.
коммутатор
29.
желіаралық экран
30.
аппараттық қауіпсіздік модулі
Күрделі шығындар.
Материалдық емес активтерді сатып алу
31.
аппараттық-бағдарламалық кешен
32.
бағдарламалық қамтамасыз ету
33.
лицензиялық-бағдарламалық қамтамасыз ету
Дамытуға бағытталған күрделі шығындар
34.
«электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектісін құру
35.
«электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектісін енгізу
36.
«электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектісін дамыту
37.
«электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектісін құру немесе дамыту жөніндегі жобаны басқару
38.
«электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектісінің ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін сынау
39.
инвестициялық жобада көзделген серверлік жабдық
40.
инвестициялық жобада көзделген деректерді сақтау жүйесі
41.
инвестициялық жобада көзделген резервтік көшіру жүйесі
42.
инвестициялық жобада көзделген бағдарламалық қамтамасыз ету
43.
инвестициялық жобада көзделген лицензиялық-бағдарламалық қамтамасыз ету

2 Ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органның қарауына жататын ақпараттандыру саласындағы тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі

Бұйрыққа 2-қосымша
Ақпараттандыру саласындағы
тауарларды, жұмыстарды,
қызметтерді мемлекеттік сатып
алу шығыстарының есебін
жасау, ұсыну және қарастыру
жөніндегі нұсқаулыққа
1-1-қосымша
Ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органның қарауына жататын ақпараттандыру саласындағы тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі

Ақпараттандыру саласындағы тауарлардың, жұмыстардың,
көрсетілген қызметтердің атауы
1.
серверлік жабдық
2.
деректерді сақтау жүйесі
3.
сақтық көшірме жүйесі
4.
коммутатор
5.
желі аралық экран
6.
аппараттық қауіпсіздік модулі
7.
бағдарламалық қамтамасыз ету
8.
бағдарламалық-аппараттық кешен
9.
лицензиялық-бағдарламалық қамтамасыз ету
10.
«электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектісін құру
11.
«электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектісін дамыту
12.
«электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін интеграциялау
13.
«электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектісін енгізу
14.
«электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектісін құру немесе дамыту жөніндегі жобаны басқару
15.
«электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектісін сүйемелдеу
16.
«электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектісіне жүйелік-техникалық қызмет көрсету
17.
лицензияланған бағдарламалық жасақтаманы техникалық қолдау
18.
бағдарламалық жасақтаманы техникалық қолдау
19.
жабдықты техникалық қолдау
20.
серверлік жабдықты жалға берілетін серверлік үй-жайға орналастыру

Қолданыстағы