Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 16 марта 2016 года № 274 «Об утверждении Инструкции по составлению, представлению и рассмотрению расчета расходов на государственные закупки товаров, работ, услуг в сфере информатизации»

Бұйрық · № 108/НҚ · қабылданған 29.02.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/16-2016-no-274-ekb-193923/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 16 марта 2016 года № 274 «Об утверждении Инструкции по составлению, представлению и рассмотрению расчета расходов на государственные закупки товаров, работ, услуг в сфере информатизации» Қолданыста Бұйрық ·№ 108/НҚ ·29.02.2024
29.02.2024 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.02.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 16 марта 2016 года № 274 «Об утверждении Инструкции по составлению, представлению и рассмотрению расчета расходов на государственные закупки товаров, работ, услуг в сфере информатизации»

Қолданыста Бұйрық ·№ 108/НҚ · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 16 марта 2016 года № 274 «Об утверждении Инструкции по составлению, представлению и рассмотрению расчета расходов на государственные закупки товаров, работ, услуг в сфере информатизации»
Атауы (қаз.)
«Ақпараттандыру саласындағы тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуға арналған шығыстардың есеп-қисабын жасау, ұсыну және қарау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі міндетін атқарушысының 2016 жылғы 16 наурыздағы № 274 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
108/НҚ
Қабылданған күні
29.02.2024
Көрсетілген редакция
29.02.2024 193923_689897.kaz
Соңғы өзгеріс
29.02.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2400034083
ЭКБ идентификаторы
193923
Редакция идентификаторы
193923_689897
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 12:54

0

«Ақпараттандыру саласындағы тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуға арналған шығыстардың есеп-қисабын жасау, ұсыну және қарау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі міндетін атқарушысының 2016 жылғы 16 наурыздағы № 274 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Ақпараттандыру саласындағы тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуға арналған шығыстардың есеп-қисабын жасау, ұсыну және қарау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі міндетін атқарушысының 2016 жылғы 16 наурыздағы № 274 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13631 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Ақпараттандыру саласындағы тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуға арналған шығыстардың есеп-қисабын жасау, ұсыну және қарау жөніндегі нұсқаулығында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) «электрондық үкіметтің» архитектуралық порталы (бұдан әрі – архитектуралық портал) арқылы Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарын қоспағанда бюджеттік бағдарламалар әкімшілерін (бұдан әрі – әкімші) шығыстар есебін ұсынудың басталу және аяқталу мерзімдері туралы алдын ала хабардар етуді, құжаттарды қабылдау, сараптама жүргізу туралы уақтылы хабардар етуді, бюджеттік бағдарламалар әкімшілері ұсынған ақпараттандыру саласындағы тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуға арналған шығыстардың есеп-қисаптарына қорытынды жіберуді қамтамасыз етеді.»;
5-тармақ алып тасталсын;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Шығыстардың есебін қарастырудан бас тарту:
1) Шығыстар есебінің нысаны мен мазмұны Қазақстан Республкасының Заңы мен бюджеттік заңнама талаптарына сәйкес келмесе;
2) Осы Нұсқаулықтың 12 тармағына сәйкес құжаттарды ұсынбаған жағдайларда жүзеге асырылады.»;
13 және 14-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Ақпараттандыру саласындағы тауарларды сатып алу бойынша шығыстарды негіздеу үшін архитектуралық порталда болмаған жағдайда осы Нұсқаулықтың 11 және 12-тармақтарында көрсетілген құжаттарға қосымша мыналар:
1) активтер және олардың ағымдағы баланстық құны бойынша көшірмесі, оның ішінде мемлекеттік орган активтерінің тозу тізілімі;
2) теңгерімге алынбаған ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымдардың объектілерін (тауардың құны, тауардың атауы, техникалық ерекшеліктерінің электрондық көшірмелері) мемлекеттік сатып алу туралы шарттардағы мәліметтер (олар бар болған жағдайда);
3) ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымдар объектілерінің техникалық жағдайы, пайдаланудан алынуы және іске жарату туралы мәліметтер беріледі.
14. Архитектуралық порталда болмаған жағдайда жұмыстар мен қызметтерді сатып алу бойынша шығыстарды негіздеу үшін осы Нұсқаулықтың 11 және 12-тармақтарында көрсетілген құжаттарға қосымша мыналар:
1) орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтер бойынша үш жылдық кезеңге ұқсас жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді (жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің көлемі, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің құны, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің атауы, техникалық ерекшеліктердің электрондық көшірмелері) мемлекеттік сатып алу туралы шарттардағы мәліметтер (олар болған кезде);
2) кезекті қаржы жылына ақпараттандыру саласында сатып алуға жоспарланған жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге техникалық ерекшеліктердің көшірмелері;
3) орындалған жұмыстардың нақты көлемін (олар болған кезде) көрсете отырып, ұқсас жұмыстар мен қызметтердің үш жылдық кезеңдегі орындалған жұмыстарының (көрсетілген қызметтерінің) актілерінен мәліметтер ұсынылады.»;
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«18. Сервистік интегратор шығыстар есебін қараған кезде мыналар ескеріледі:
1) «электрондық үкіметтің» архитектурасының іске асырылу барысы туралы ақпарат;
2) есепті қаржы жылы үшін бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыруға бағытталған бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) орындалуын, оның ішінде ақпараттандыру саласында тауарлардың, орындалған жұмыстардың және көрсетілген қызметтердің мерзімдері, көлемі мен құны туралы мәліметтерді қамтиды;
3) ағымдағы қаржы жылының бюджеттік инвестицияларын жүзеге асыруға арналған бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) іске асыру барысы туралы ақпарат;
4) кезекті қаржы жылы мен жоспарлы кезеңге арналған бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыруға бағытталған бюджеттік бағдарламалар бойынша күтілетін тиімділік пен нәтижелер туралы мәліметтер;
5) мемлекеттік органның архитектуралық порталындағы ақпараттандыру объектілері туралы мәліметтері;
6) әкімшінің немесе басқа әкімшінің есепті қаржы жылындағы ұқсас шығыстарымен немесе іс-шараларымен салыстырғанда шығыстардың негізділігі және салыстырмалылығы (олар болған кезде);
7) тауарларға, жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге жоспарланатын бағалардың нарықтық бағалармен салыстырмалылық;
8) әкімшінің ақпараттандыру объектілерінің техникалық жай-күйі, кәдеге жаратылуы және баланстық құны;
9) «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге бағалардың дерекқорында қамтылған бағаларға тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге жоспарланатын бағалардың салыстырмалылығы;
10) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді отандық өндірушілердің басымдығы.»;
20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«Электрондық үкіметтің» архитектурасында мәліметтер болмаған жағдайда, уәкілетті орган осы Нұсқаулықтың 12-тармағындағы құжаттарды талдау арқылы шығыстар есебін қарауды жүзеге асырады.»;
1-1-қосымша осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Цифрлық трансформация департаменті:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі

0 Ақпараттандыру саласындағы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердің тізімі

Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрі
2024 жылғы 29 ақпандағы
№ 108/НҚ Бұйрыққа
қосымша
Ақпараттандыру саласындағы
тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін
қызметтерді мемлекеттік сатып алуға
арналған шығыстардың есеп-қисабын
жасау, ұсыну және қарау жөніндегі
нұсқаулыққа 1-1-қосымша
Ақпараттандыру саласындағы тауарларды, жұмыстарды,
көрсетілетін қызметтердің тізімі

Ақ­па­рат­тан­ды­ру са­ла­сын­да­ғы та­у­ар­лар­ды, жұ­мыстар­ды, көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­дің ті­зі­мі
Ерекше­лік
Ағым­да­ғы шы­ғын­дар, қыз­мет­тер мен жұ­мыстар­ды са­тып алу
1.
«элек­трон­дық үкі­мет­тің» ақ­па­рат­тан­ды­ру объ­ек­ті­сін сүй­е­мел­деу
158
2.
«элек­трон­дық үкі­мет­тің» ақ­па­рат­тан­ды­ру объ­ек­ті­ле­рін ин­те­гра­ци­я­лау
158
3.
ли­цен­зи­я­лан­ған бағ­дар­ла­ма­лық жа­сақ­та­ма­ны тех­ни­ка­лық қол­дау
158
4.
бағ­дар­ла­ма­лық жа­сақ­та­ма­ны тех­ни­ка­лық қол­дау
158
5.
сер­вер­лік жаб­дық­ты және мә­лі­мет­тер­ді сақ­тау жүй­е­сін тех­ни­ка­лық қол­дау
158
6.
сер­вер­лік жаб­дық­ты жал­ға бе­рі­ле­тін сер­вер­лік үй-жай­ға ор­на­ла­сты­ру
158
7.
ақ­па­рат­тық жүй­е­нің ауди­ті
158
8.
«элек­трон­дық үкі­мет­тің» ақ­па­рат­тан­ды­ру объ­ек­ті­сі­нің ақ­па­рат­тық қа­уіп­сіз­дік та­лап­та­ры­на сәй­кест­і­гін сы­нау
158
9.
сер­вер­лік жаб­дық­қа жүй­е­лік-тех­ни­ка­лық қыз­мет көр­се­ту
158
10.
ақ­па­рат­тық жүй­е­нің және элек­трон­дық ақ­па­рат­тық ре­сур­стың хо­стин­гі
158
Негіз­гі құ­рал­дар­ды са­тып алу
11.
сер­вер­лік жаб­дық
414
12.
де­ректер­ді сақ­тау жүй­е­сі
414
13.
ре­зерв­тік кө­ші­ру жүй­е­сі
414
14.
ап­па­рат­тық-бағ­дар­ла­ма­лық ке­шен
414
Ма­те­ри­ал­дық емес ак­тив­тер­ді са­тып алу
15.
бағ­дар­ла­ма­лық қам­та­ма­сыз ету
416
16.
ли­цен­зи­я­лық-бағ­дар­ла­ма­лық қам­та­ма­сыз ету
416
Да­мы­ту­ға ба­ғыт­тал­ған күр­де­лі шы­ғын­дар
17.
«элек­трон­дық үкі­мет­тің» ақ­па­рат­тан­ды­ру объ­ек­ті­сін құ­ру
434
18.
«элек­трон­дық үкі­мет­тің» ақ­па­рат­тан­ды­ру объ­ек­ті­сін ен­гі­зу
434
19.
«элек­трон­дық үкі­мет­тің» ақ­па­рат­тан­ды­ру объ­ек­ті­сін да­мы­ту
434
20.
«элек­трон­дық үкі­мет­тің» ақ­па­рат­тан­ды­ру объ­ек­ті­сін құ­ру неме­се да­мы­ту жө­нін­де­гі жо­ба­ны бас­қа­ру
434
21.
ин­ве­сти­ци­я­лық жо­ба­да көз­дел­ген сер­вер­лік жаб­дық
434
22.
ин­ве­сти­ци­я­лық жо­ба­да көз­дел­ген де­ректер­ді сақ­тау және ре­зерв­тік кө­ші­ру жүй­е­ле­рі
434
23.
ин­ве­сти­ци­я­лық жо­ба­да көз­дел­ген бағ­дар­ла­ма­лық қам­та­ма­сыз ету
434
24.
ин­ве­сти­ци­я­лық жо­ба­да көз­дел­ген ли­цен­зи­я­лық-бағ­дар­ла­ма­лық қам­та­ма­сыз ету
434

Қолданыстағы