Құжат мәтініне өту

«О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 16 марта 2016 года № 274 «Об утверждении Инструкции по составлению, представлению и рассмотрению расчета расходов на государственные закупки товаров, работ, услуг в сфере информатизации»

Бұйрық · № 448/НҚ · қабылданған 29.07.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/16-2016-no-274-ekb-199233/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
«О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 16 марта 2016 года № 274 «Об утверждении Инструкции по составлению, представлению и рассмотрению расчета расходов на государственные закупки товаров, работ, услуг в сфере информатизации» Қолданыста Бұйрық ·№ 448/НҚ ·29.07.2024
29.07.2024 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.07.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

«О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 16 марта 2016 года № 274 «Об утверждении Инструкции по составлению, представлению и рассмотрению расчета расходов на государственные закупки товаров, работ, услуг в сфере информатизации»

Қолданыста Бұйрық ·№ 448/НҚ · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
«О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 16 марта 2016 года № 274 «Об утверждении Инструкции по составлению, представлению и рассмотрению расчета расходов на государственные закупки товаров, работ, услуг в сфере информатизации»
Атауы (қаз.)
«Ақпараттандыру саласындағы тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуға арналған шығыстардың есеп-қисабын жасау, ұсыну және қарау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушы 2016 жылғы 16 наурыздағы № 274 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
448/НҚ
Қабылданған күні
29.07.2024
Көрсетілген редакция
29.07.2024 199233_712945.kaz
Соңғы өзгеріс
29.07.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2400034833
ЭКБ идентификаторы
199233
Редакция идентификаторы
199233_712945
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 10:20

0

«Ақпараттандыру саласындағы тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуға арналған шығыстардың есеп-қисабын жасау, ұсыну және қарау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушы 2016 жылғы 16 наурыздағы № 274 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Ақпараттандыру саласындағы тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуға арналған шығыстардың есеп-қисабын жасау, ұсыну және қарау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушы 2016 жылғы 16 наурыздағы № 274 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13631 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ақпараттандыру саласындағы тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу шығыстарының есебін жасау, ұсыну және қарастыру жөніндегі нұсқаулықта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) мемлекеттік жоспарлау ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – МЖ АЖ) арқылы Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарын қоспағанда бюджеттік бағдарламалар әкімшілерін (бұдан әрі – әкімші) шығыстар есебін ұсынудың басталу және аяқталу мерзімдері туралы хабардар етуді, құжаттарды қабылдау, сараптама жүргізу туралы хабардар етуді, бюджеттік бағдарламалар әкімшілері ұсынған ақпараттандыру саласындағы тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуға арналған шығыстардың есеп-қисаптарына қорытынды жіберуді қамтамасыз етеді.»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Әкімші жыл сайын ағымдағы қаржылық жылдың 1 наурызына МЖ АЖ арқылы уәкілетті органның қарауына электрондық құжат нысанында кезекті жоспарлы кезеңге шығыстардың есебін осы Нұсқаулықтың 1-1-қосымшасына сәйкес ақпараттандыру саласындағы тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің тізбесіне сәйкес енгізеді.»;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Ағымдағы қаржылық жылдың бюджетіне түзетуді немесе нақтылауды жүргізген кезде әкімші шығыстардың есебін бюджеттің түзетілуін немесе нақтылауын жүргізу туралы бюджеттік жоспарлау бойынша уәкілетті орган хабарлаған сәттен бастап он бес күнтізбелік күн ішінде электрондық құжат түрінде МЖ АЖ пайдалана отырып, немесе осы Нұсқаулықтың 8 тармағында көзделген қағаз тасығышта құпия сипаттағы мәліметті құрайтын уәкілетті органға енгізеді.»;
13, 14 және 15-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Ақпараттандыру саласындағы тауарларды сатып алу бойынша шығыстарды негіздеу үшін, осы Нұсқаулықтың 12-тармағында көрсетілген құжаттарға қосымша мыналар:
1) активтер және олардың ағымдағы баланстық құны бойынша көшірмесі, оның ішінде мемлекеттік орган активтерінің тозу тізілімі;
2) теңгерімге алынбаған ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымдардың объектілерін (тауардың құны, тауардың атауы, техникалық ерекшеліктерінің электрондық көшірмелері) мемлекеттік сатып алу туралы шарттардағы мәліметтер (олар бар болған жағдайда);
3) ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымдар объектілерінің техникалық жағдайы, пайдаланудан алынуы және іске жарату туралы мәліметтер беріледі.
14. «Электрондық үкіметтің» ахитектуралық порталында (бұдан әрі – архитектуралық портал) ақпараттандыру объектілері туралы мәліметтер болмаған жағдайда жұмыстар мен қызметтерді сатып алу бойынша шығыстарды негіздеу үшін осы Нұсқаулықтың 12-тармағында көрсетілген құжаттарға қосымша мыналар:
1) орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтер бойынша үш жылдық кезеңге ұқсас жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді (жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің көлемі, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің құны, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің атауы, техникалық ерекшеліктердің электрондық көшірмелері) мемлекеттік сатып алу туралы шарттардағы мәліметтер (олар болған кезде);
2) кезекті қаржы жылына ақпараттандыру саласында сатып алуға жоспарланған жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге техникалық ерекшеліктердің көшірмелері;
3) орындалған жұмыстардың нақты көлемін (олар болған кезде) көрсете отырып, ұқсас жұмыстар мен қызметтердің үш жылдық кезеңдегі орындалған жұмыстарының (көрсетілген қызметтерінің) актілерінен мәліметтер ұсынылады.
15. Шығыстардың есебі МЖ АЖ арқылы уәкілетті органға өтінімді жолдаған кезеңнен бастап, осы Нұсқаулықтың 8 тармағында көзделген құпия сипаттағы мәліметті құрайтын шығыстардың есебі қағаз тасығышта ұсынылған күннен бастап деп есептеледі.»;
24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«24. Әкімші уәкілетті органнан қорытынды алған күннен бастап сегіз күнтізбелік күн ішінде МЖ АЖ шығыстар есеп-қисабын пысықтайды және электрондық құжат түрінде қайта қарау үшін уәкілетті органға ұсынады.»;
32-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«32. МЖ АЖ шығыстар есебі бойынша деректерді әкімші республикалық бюджет туралы заң немесе жергілікті бюджет туралы маслихат шешімдері бекітілгеннен кейін, соның ішінде бюджетті түзету немесе нақтылау жүргізілгеннен соң жоспарлы кезеңге жаңартады.».

2 2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Цифрлық трансформация департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен қамтамасыз етсін:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру;

3 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсыну.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі

Қолданыстағы