О внесении изменения в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 16 марта 2016 года № 274 «Об утверждении Инструкции по составлению, представлению и рассмотрению расчета расходов на государственные закупки товаров, работ, услуг в сфере информатизации»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 16 марта 2016 года № 274 «Об утверждении Инструкции по составлению, представлению и рассмотрению расчета расходов на государственные закупки товаров, работ, услуг в сфере информатизации»
- Атауы (қаз.)
- «Ақпараттандыру саласындағы тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуға арналған шығыстардың есеп-қисабын жасау, ұсыну және қарау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі міндетін атқарушысының 2016 жылғы 16 наурыздағы № 274 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 358/НҚ
- Қабылданған күні
- 11.07.2025
- Қолданысқа енгізілген күні
- 29.07.2025
- Көрсетілген редакция
- 11.07.2025 212406_765978.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 11.07.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2500036451
- ЭКБ идентификаторы
- 212406
- Редакция идентификаторы
- 212406_765978
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 03:22
0
«Ақпараттандыру саласындағы тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуға арналған шығыстардың есеп-қисабын жасау, ұсыну және қарау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі міндетін атқарушысының 2016 жылғы 16 наурыздағы № 274 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Ақпараттандыру саласындағы тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуға арналған шығыстардың есеп-қисабын жасау, ұсыну және қарау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі міндетін атқарушысының 2016 жылғы 16 наурыздағы № 274 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13631 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ақпараттандыру саласындағы тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу шығыстарының есебін жасау, ұсыну және қарастыру жөніндегі нұсқаулықтың 1-1-қосымшасы осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Архитектура және цифрлық трансформация саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
0 Ақпараттандыру саласындағы тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің тізбесі
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш
өнеркәсібі министрі
2025 жылғы 11 шілдедегі
№ 358/НҚ
бұйрығына қосымша/
Ақпараттандыру саласындағы
тауарларды, жұмыстарды,
қызметтерді мемлекеттік сатып
алу шығыстарының есебін
жасау, ұсыну және қарастыру
жөніндегі нұсқаулыққа
1-1-қосымша
Ақпараттандыру саласындағы тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің тізбесі
№
Ақпараттандыру саласындағы тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алуға арналған шығындар атаулары
Ерекшелік
1. Ағымдағы шығындар, қызметтер мен жұмыстарды сатып алу
1)
«электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектісін сүйемелдеу
158
2)
«электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін интеграциялау
158
3)
лицензияланған бағдарламалық қамтылымды техникалық қолдау
158
4)
бағдарламалық қамтылымды техникалық қолдау
158
5)
серверлік жабдықты және деректерді сақтау жүйесін техникалық қолдау
158
6)
серверлік жабдықты жалға берілетін серверлік үй-жайға орналастыру
158
7)
ақпараттық жүйенің аудиті
158
8)
«электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектісінің ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін сынау
158
9)
серверлік жабдыққа және деректерді сақтау жүйесіне жүйелік-техникалық қызмет көрсету
158
10)
ақпараттық жүйенің және электрондық ақпараттық ресурстың хостингі
158
11)
«электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық платформасының бағдарламалық өнімін (бұдан әрі – платформалық бағдарламалық өнім) әзірлеу
158
12)
платформалық бағдарламалық өнімді сүйемелдеу
158
13)
платформалық бағдарламалық өнімді ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін сынау
158
14)
платформалық бағдарламалық өнім хостингі
158
2. Негізгі құралдарды сатып алу
1)
серверлік жабдық
414
2)
деректерді сақтау жүйесі
414
3)
резервтік көшіру жүйесі
414
4)
аппараттық-бағдарламалық кешен
414
3. Материалдық емес активтерді сатып алу
1)
бағдарламалық қамтылым
416
2)
лицензиялық-бағдарламалық қамтылым
416
4. Дамытуға бағытталған күрделі шығындар
1)
«электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектісін құру
434
2)
«электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектісін енгізу
434
3)
«электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектісін дамыту
434
4)
«электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектісін құру немесе дамыту жөніндегі жобаны басқару
434
5)
инвестициялық жобада көзделген серверлік жабдық
434
6)
инвестициялық жобада көзделген деректерді сақтау және резервтік көшіру жүйелері
434
7)
инвестициялық жобада көзделген бағдарламалық қамтылым
434
8)
инвестициялық жобада көзделген лицензиялық-бағдарламалық қамтылым
434