О внесении изменений в решение маслихата от 16 мая 2016 года № 29 «Об утверждении Правил о дополнительном регламентировании проведения собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение маслихата от 16 мая 2016 года № 29 «Об утверждении Правил о дополнительном регламентировании проведения собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций»
- Атауы (қаз.)
- Мәслихаттың 2016 жылғы 16 мамырдағы № 29 «Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізуді қосымша реттеу туралы қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 317
- Қабылданған күні
- 24.10.2019
- Көрсетілген редакция
- 19.08.2020 135600_477897.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 19.08.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19NR008720
- ЭКБ идентификаторы
- 135600
- Редакция идентификаторы
- 135600_477897
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 18:07
0 Мәслихаттың 2016 жылғы 16 мамырдағы № 29 «Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізуді қосымша реттеу туралы қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
«Қостанай облысының Таран ауданын қайта атау туралы» 2019 жылғы 24 маусымдағы № 29 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы мен «Қостанай облысы Таран ауданының кейбір әкімшілік-аумақтық бірліктерін қайта атау туралы» Қостанай облысы әкімдігінің 2018 жылғы 12 желтоқсандағы № 20 және Қостанай облысы мәслихатының 2018 жылғы 12 желтоқсандағы № 349 бірлескен қаулысы мен шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8174 болып тіркелген) сәйкес ауданның мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Мәслихаттың «Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізуді қосымша реттеу туралы қағидаларын бекіту туралы» 2016 жылғы 16 мамырдағы № 29 (2016 жылғы 14 шілдеде «Маяк» газетінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6480 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің кіріспесінде «аудандық мәслихат» сөз тіркесі «ауданның мәслихаты» деп ауыстырылсын;
көрсетілген шешіммен бекітілген жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізуді қосымша реттеу туралы қағидаларында:
«Таран ауданының» сөз тіркесі «Бейімбет Майлин ауданының» деп ауыстырылсын;
16-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«16. Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар егер:
1) өтiнiш берiлмеген болса;
2) оларды өткiзу кезінде «Қазақстан Республикасында бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбi туралы» 1995 жылғы 17 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 7, 8-баптарымен көзделген тәртiп бұзылған жағдайда Бейімбет Майлин ауданының әкімдігі өкілінің талабы бойынша тоқтатылады.»;
көрсетілген шешімнің 1, 2-қосымшалары осы шешімнің 1, 2-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3 Жиналыстар және митингiлер өткізу орындары
Мәслихаттың
2019 жылғы 24 қазандағы
№ 317 шешіміне
1-қосымша
Жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізуді қосымша реттеу туралы қағидаларына
1-қосымша
Жиналыстар және митингiлер өткізу орындары
№
р/с
Жиналыстар және митингiлер өткізу орындары
1.
Әйет ауылының Тәуелсіздік көшесіндегі орталық алаңы
4 Шерулер және демонстрациялар өткізу маршруттары
Мәслихаттың
2019 жылғы 24 қазандағы
№ 317 шешіміне
2-қосымша
Жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізуді қосымша реттеу туралы қағидаларына
2-қосымша
Шерулер және демонстрациялар өткізу маршруттары
№
р/с
Шерулер және демонстрациялар өткізу маршруттары
1.
Республика - Б. Майлин көшелерінің қиылысы Әйет ауылының Тәуелсіздік көшесіндегі алаңына дейін