О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 16 июня 2016 года № 353 «Некоторые вопросы Министерства информации и коммуникаций Республики Казахстан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 16 июня 2016 года № 353 «Некоторые вопросы Министерства информации и коммуникаций Республики Казахстан»
- Атауы (қаз.)
- «Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 16 маусымдағы № 353 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 320
- Қабылданған күні
- 04.06.2018
- Көрсетілген редакция
- 26.03.2019 122093_425287.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.03.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1800000320
- ЭКБ идентификаторы
- 122093
- Редакция идентификаторы
- 122093_425287
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 00:13
0 «Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 16 маусымдағы № 353 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. «Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 16 маусымдағы № 353 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 36, 209-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi туралы ережеде:
16-тармақта:
17) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«17) өз құзыреті шегінде телерадио хабарларын тарату саласындағы нормативтік құқықтық және нормативтік техникалық актілерді, оның ішінде телерадио хабарларын тарату қызметтерін көрсету қағидаларын бекіту;»;
28) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«28) мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының электрондық архивін қалыптастыру қағидаларын бекіту;»;
32-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«32-1) бюджеттік жоспарлау саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша республикалық бюджет есебінен бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын қызметтердің құнын айқындау әдістемесін бекіту;»;
мынадай мазмұндағы 32-3), 32-4), 32-5) және 32-6) тармақшалармен толықтырылсын:
«32-3) бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі уәкілетті тұлға (бөлімше) туралы үлгілік ережені бекіту;
32-4) бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі уәкілетті тұлғаның (бөлімшенің) уәкілетті органмен өзара іс-қимыл жасау қағидаларын бекіту;
32-5) белгілі бір аумақта халықтың тіршілік ету жағдайлары бұзылған кезде бұқаралық ақпарат құралдарына ресми хабарларды беру қағидаларын бекіту;
32-6) цифрлық эфирлiк телерадио хабарларын таратуға көшу тәртібі мен мерзімдерін айқындау;»;
39) және 40) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«39) өз құзыретi шегiнде байланыс саласындағы Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерін, оның iшiнде радиоэлектрондық құралдарды, жоғары жиiлiктi құрылғыларды пайдалану, оларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелу қағидаларын және байланыс қызметтерiн көрсету қағидаларын бекіту;
40) радиоәуесқойлық қызметтердің радиоэлектрондық құралдарын пайдалану қағидаларын бекіту;»;
61) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 88-1) тармақшамен толықтырылсын:
«88-1) Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары болып табылатын куәландырушы орталықтарды аккредиттеу;»;
89), 93) және 94) тармақшалар алып тасталсын;
98-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«98-1) ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларын тіркеу қағидаларын бекіту;»;
101) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«101) Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарапының электрондық цифрлық қолтаңбаның төлнұсқалығын растау қағидаларын бекіту;»;
мынадай мазмұндағы 101-1) тармақшамен толықтырылсын:
«101-1) Қазақстан Республикасының негізгі куәландырушы орталығының, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының куәландырушы орталығының, Қазақстан Республикасының ұлттық куәландырушы орталығының және Қазақстан Республикасы сенім білдірілген үшінші тарапының қызметін үйлестіруді жүзеге асыру;»;
108) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«108) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша ақпараттық жүйелердің аудитін жүргізу қағидаларын бекіту;»;
109) тармақша алап тасталсын;
118) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«118) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша «электрондық үкіметтің» архитектурасын дамыту жөніндегі талаптарды бекіту;»;
120) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«120) «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін интеграциялау қағидаларын бекіту;»;
мынадай мазмұндағы 120-1) тармақшамен толықтырылсын:
«120-1) «электрондық үкіметтің» сыртқы шлюзінің жұмыс істеу қағидаларын және оған қойылатын техникалық талаптарды бекіту;»;
125) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«125) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша «электрондық әкімдіктің» үлгілік архитектурасын бекіту;»;
128) және 129) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«128) бюджетті жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік органдар үшін ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтердің құнын есептеу әдістемесін бекіту;
129) мемлекеттік органдардың ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану жөніндегі қызметінің тиімділігін бағалау әдістемесін әзірлеу және бекіту;»;
мынадай мазмұндағы 129-1) тармақшамен толықтырылсын:
«129-1) электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалауды жүргізу;»;
136) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«136) «электрондық үкіметтің» сервистік интеграторы әзірлеген ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметті жобалауға арналған тапсырманы бекіту;»;
мынадай мазмұндағы 136-1) және 136-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«136-1) ақпараттандырудың сервистік моделі жөніндегі мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының іске асырылуына мониторингті, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру кезеңінде міндеттемелердің орындалуына мониторингті жүзеге асыру;
136-2) ақпараттандырудың сервистік моделі жөніндегі мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын қоспағанда, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының конкурстық құжаттамасына, жекеше әріптесті айқындау жөніндегі тікелей келіссөздер кезінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына бизнес-жоспарға салалық қорытынды беру;»;
137) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«137) мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін және сервистік бағдарламалық өнімдерді құру немесе дамыту кезінде стандартты шешімдер ретінде көп рет пайдалануға жататын ақпараттық жүйелердің (немесе олардың бөліктерінің) тізбесін бекіту;»;
мынадай мазмұндағы 137-1) тармақшамен толықтырылсын:
«137-1) сервистік интегратор қалыптастырған ақпараттандырудың сервистік моделі жөніндегі мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесін келісуді жүзеге асыру;»;
142) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«142) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін құруға немесе дамытуға арналған техникалық тапсырмаларды жасау және қарау қағидаларын бекіту;»;
151) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«151) мемлекеттік заңды тұлғалардың ақпараттық жүйелерін және мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастыруға арналған мемлекеттік емес ақпараттық жүйелерді құруға немесе дамытуға арналған техникалық тапсырмаларды келісу;»;
184) тармақша алып тасталсын;
17-тармақта:
18) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«18) мерзiмдi баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының электрондық архивін қалыптастыру;»;
мынадай мазмұндағы 29-1), 33-1) және 35-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«29-1) Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңнамасының талаптарын бұзушылықтар анықталған кезде ұйғарымдар беру;
«33-1) Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату туралы заңнамасының талаптарын бұзушылық анықталған кезде ұйғарымдар беру;»;
«35-1) радиоәуесқойлық қызметтердің радиоэлектрондық құралдары мен жоғары жиілікті құрылғыларын қоса алғанда, радиоэлектрондық құралдарды және (немесе) жоғары жиілікті құрылғыларды пайдаланудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаларды қабылдау;»;
36) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«36) Қазақстан Республикасының аумағында азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдар және (немесе) жоғары жиiлiктi құрылғылар үшін радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсаттар беру;»;
44) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«44) азаматтық пайдаланушыларға жиіліктер белдеуін, радиожиілікті (радиожиілік арнасын) бөлу, иелікке беру (тағайындау), шақыру сигналын иелікке беруді қоса алғанда, кеме станциясына рұқсаттар беру;»;
46) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«46) радиоэлектрондық құралдарды және (немесе) жоғары жиілікті құрылғыларды пайдаланудың басталғаны туралы хабарлама болмаған және (немесе) техникалық сипаттамалары белгіленген нормаларға сәйкес келмеген жағдайда, радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды өшіру;»;
мынадай мазмұндағы 74-1) тармақшамен толықтырылсын:
«74-1) Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының талаптарын бұзушылық анықталған кезде ұйғарым беру;»;
79) және 80) тармақшалар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 80-1) және 85-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«80-1) мемлекеттік органдардың ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану жөніндегі қызметінің тиімділігін бағалау;»;
«85-1) Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасының талаптарын бұзушылықтар анықталған кезде ұйғарымдар беру;»;
88-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«88-1) радиоэлектрондық құралдарды, жоғары жиiлiктi құрылғыларды пайдалану, сондай-ақ оларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелу қағидаларын және байланыс қызметтерiн көрсету қағидаларын әзiрлеу;».