Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 16 июня 2016 года № 497 «Об утверждении Правил субсидирования ставок вознаграждения при кредитовании и финансовом лизинге на приобретение вагонов перевозчиками пассажиров по социально значимым сообщениям и операторами вагонов (контейнеров)»

Бұйрық · № 410 · қабылданған 30.06.2017
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/16-2016-no-497-ekb-114188/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 16 июня 2016 года № 497 «Об утверждении Правил субсидирования ставок вознаграждения при кредитовании и финансовом лизинге на приобретение вагонов перевозчиками пассажиров по социально значимым сообщениям и операторами вагонов (контейнеров)» Қолданыста Бұйрық ·№ 410 ·30.06.2017
30.06.2017 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.06.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнения в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 16 июня 2016 года № 497 «Об утверждении Правил субсидирования ставок вознаграждения при кредитовании и финансовом лизинге на приобретение вагонов перевозчиками пассажиров по социально значимым сообщениям и операторами вагонов (контейнеров)»

Қолданыста Бұйрық ·№ 410 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 16 июня 2016 года № 497 «Об утверждении Правил субсидирования ставок вознаграждения при кредитовании и финансовом лизинге на приобретение вагонов перевозчиками пассажиров по социально значимым сообщениям и операторами вагонов (контейнеров)»
Атауы (қаз.)
«Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдаушылар мен операторлардың вагондарды (контейнерлерді) сатып алуын кредиттеуге және олардың қаржыландыру лизингіне сыйақының мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 16 маусымдағы № 497 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
410
Қабылданған күні
30.06.2017
Көрсетілген редакция
30.06.2017 114188_216427.kaz
Соңғы өзгеріс
30.06.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1700015522
ЭКБ идентификаторы
114188
Редакция идентификаторы
114188_216427
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 04:37

0

«Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдаушылар мен операторлардың вагондарды (контейнерлерді) сатып алуын кредиттеуге және олардың қаржыландыру лизингіне сыйақының мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 16 маусымдағы № 497 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдаушылар мен операторлардың вагондарды (контейнерлерді) сатып алуын кредиттеуге және олардың қаржыландыру лизингіне сыйақының мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 16 маусымдағы № 497 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14002 болып тіркелген, 2016 жылғы 6 қыркүйекте «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдаушылар мен операторлардың вагондарды (контейнерлерді) сатып алуын кредиттеуге және олардың қаржыландыру лизингіне сыйақының мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларында:
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Субсидиялауға жаңа вагондарды сатып алуға арналған кредиттеу және қаржылық лизингінің сыйақы мөлшерлемесі жатады.»;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Субсидиялауға қарыз/қаржы лизингі шартына сәйкес тасымалдаушыларға арналған сыйақы мөлшерлемесінің жылдық мөлшері 0,1%-дан және операторларға арналған сыйақы мөлшерлемесінің жылдық мөлшері 5%-дан асқан, алайда 10%-дан жоғары емес жағдайда жатады, ал қалған бөлігі тасымалдаушы мен операторлармен төленеді.»;
6-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

4 4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

5

5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
__________________ Б. Сұлтанов
2017 жылғы 10 тамыз
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
__________________ Т. Сүлейменов
2017 жылғы 10 тамыз

0 Қазақстан Республикасы

Инвестициялар және даму министрінің
2017 жылғы 30 маусым
№ 410 бұйрығына
қосымша
Әлеуметтік маңызы бар қатынастар
бойынша жолаушыларды тасымалдаушылар
мен операторлардың вагондарды (контейнерлерді)
сатып алуын кредиттеуге және олардың
қаржылық лизингіне сыйақының мөлшерлемесін
субсидиялаудың қағидаларына
6-қосымша
Нысан
Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдаушылар
мен операторлардың вагондарды (контейнерлерді) сатып алуын кредиттеуге
және олардың қаржылық лизингіне сыйақының мөлшерлемесін субсидиялау
туралы _______________ № ____ шартына сәйкес
(күні және нөмірі)
_________ кезеңі үшін № ____ «____________________________________»
(бюджеттік бағдарламаның атауы)
бюджеттік бағдарламасы бойынша Әлеуметтік маңызы бар қатынастар
бойынша жолаушыларды тасымалдаушылар мен операторлардың вагондарды
(контейнерлерді) сатып алуын кредиттеуге және олардың қаржылық лизингіне
сыйақының мөлшерлемесін субсидиялауға арналған тізімдеме
№ р/с
Та­сы­мал­да­у­шы­ның неме­се опе­ра­тор­дың ата­уы
Қар­жы­лық ин­сти­тут есеп­тік ке­зең үшін есеп­те­ген сый­а­қы
Есеп­тік ке­зең­де бюд­жет­тік қа­ра­жат­тың есе­бі­нен сый­а­қы суб­си­ди­я­ла­нуы ти­іс
%
мың тең­ге
%
мың тең­ге
1
2
3
4
5
______ үшін субсидиялау сомасы____________________________ құрайды
(санмен және жазбаша көрсетілген сома, теңге)
Тараптардың заңды мекенжайлары:
Уәкілетті орган: Тасымалдаушы:
БСН БСН
Банктік деректемелері Банктік деректемелері
______________________________ ______________________________
(басшының қолы, тегі, аты, (басшының қолы, тегі, аты, әкесінің
әкесінің аты (бар болған жағдайда)) аты (бар болған жағдайда))
______________________________ ______________________________
(тізімдемені қабылдау үшін жауапты (бас бухгалтердің қолы, тегі, аты,
басшының қолы, тегі, аты, әкесінің әкесінің аты (бар болған жағдайда))
аты (бар болған жағдайда))
Мөр орны Мөр орны

Қолданыстағы