Құжат мәтініне өту

О внесении дополнений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 16 ноября 2016 года № 661 «Об утверждении Правил формирования и использования Республиканского банка данных детей-сирот, детей, оставшихся без попечения родителей, и лиц, желающих принять детей на воспитание в свои семьи»

Бұйрық · № 124 · қабылданған 02.04.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/16-2016-no-661/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении дополнений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 16 ноября 2016 года № 661 «Об утверждении Правил формирования и использования Республиканского банка данных детей-сирот, детей, оставшихся без попечения родителей, и лиц, желающих принять детей на воспитание в свои семьи» Қолданыста Бұйрық ·№ 124 ·02.04.2020
02.04.2020 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.04.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении дополнений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 16 ноября 2016 года № 661 «Об утверждении Правил формирования и использования Республиканского банка данных детей-сирот, детей, оставшихся без попечения родителей, и лиц, желающих принять детей на воспитание в свои семьи»

Қолданыста Бұйрық ·№ 124 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении дополнений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 16 ноября 2016 года № 661 «Об утверждении Правил формирования и использования Республиканского банка данных детей-сирот, детей, оставшихся без попечения родителей, и лиц, желающих принять детей на воспитание в свои семьи»
Атауы (қаз.)
«Жетім балалардың, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың және балаларды өз отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген адамдардың республикалық деректер банкін қалыптастыру және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 16 қарашадағы № 661 бұйрығына толықтырулар енгiзу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
124
Қабылданған күні
02.04.2020
Көрсетілген редакция
02.04.2020 141220_454025.kaz
Соңғы өзгеріс
02.04.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2000020290
ЭКБ идентификаторы
141220
Редакция идентификаторы
141220_454025
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 15:16

0

«Жетім балалардың, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың және балаларды өз отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген адамдардың республикалық деректер банкін қалыптастыру және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 16 қарашадағы № 661 бұйрығына толықтырулар енгiзу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Жетім балалардың, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың және балаларды өз отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген адамдардың республикалық деректер банкін қалыптастыру және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 16 қарашадағы № 661 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14666 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 23 қаңтарда жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жетім балалардың, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың және балаларды өз отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген адамдардың республикалық деректер банкін қалыптастыру және пайдалану қағидаларында:
2-тармақ мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасыларына орналастыруға жәрдем көрсету жөніндегі ұйым – Кодексте белгіленген құзыретіне сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды отбасыға тәрбиелеуге орналастыруға, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, балаларды тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген және қабылдаған Қазақстан Республикасының азаматтарына жәрдемдесуді өтеусіз негізде жүзеге асыратын және осындай қызметті жүзеге асыру үшін Кодексте белгіленген тәртіппен аккредиттелген коммерциялық емес ұйым»;
мынадай мазмұндағы 28-1-тармақпен толықтырылсын:
«28-1. Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдары жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастыруға жәрдем көрсету жөніндегі ұйымның жазбаша сұрау салуы болған кезде Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасыларына жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастыруға жәрдем көрсету жөніндегі ұйым Кодекстің 118-3-бабының 2-тармағына сәйкес туынды ақпарат түрінде тәрбиеленушілер туралы ақпаратты ұсынады.»

2 2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

3

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы