Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение Егиндыкольского районного маслихата от 16 сентября 2016 года № 6С7-3 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Егиндыкольского района»

Ереже · № 6С29-3 · қабылданған 12.11.2018
Заңдық күші: Күшін жойған · 09.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/16-2016-no-67-3-ekb-126619/on/2026-09-09/
Басып шығарылды 2026-09-09 · adilet.kz
О внесении изменений в решение Егиндыкольского районного маслихата от 16 сентября 2016 года № 6С7-3 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Егиндыкольского района» Күшін жойған Ереже ·№ 6С29-3 ·12.11.2018
31.01.2024 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
09.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.01.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение Егиндыкольского районного маслихата от 16 сентября 2016 года № 6С7-3 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Егиндыкольского района»

Күшін жойған Ереже ·№ 6С29-3 · 09.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение Егиндыкольского районного маслихата от 16 сентября 2016 года № 6С7-3 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Егиндыкольского района»
Атауы (қаз.)
Егіндікөл аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 16 қыркүйектегі № 6С7-3 «Егіндікөл ауданында Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
6С29-3
Қабылданған күні
12.11.2018
Көрсетілген редакция
31.01.2024 126619_683076.kaz
Соңғы өзгеріс
31.01.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V18BH006897
ЭКБ идентификаторы
126619
Редакция идентификаторы
126619_683076
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 22:40

0 Егіндікөл аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 16 қыркүйектегі № 6С7-3 «Егіндікөл ауданында Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 2-3 тармағына, «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес, Егіндікөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. Егіндікөл аудандық мәслихатының «Егіндікөл ауданында Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2016 жылғы 16 қыркүйектегі № 6С7-3 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5553 болып тіркелген, 2016 жылғы 3 қазанда «Алтын астық» аудандық газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген, Егіндікөл ауданында Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
2 тармақтың 1) тармақшасы жаңа редакцияда баяндалсын:
«1) уәкілетті ұйым – «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Ақмола облысы бойынша филиалы – Егіндікөл ауданының әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі бөлімі;»;
9 тармақтың 2) тармақшасы жаңа редакцияда баяндалсын:

2 «2) Қарт адамдар күніне:

өтініш берусіз, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін алушыларға, ең төмен және төмен зейнетақы алатын зейнеткерлерге;»;
10 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
«10. Атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей уәкілетті ұйымның не өзге де ұйымдардың ұсынымы бойынша Егіндікөл ауданының әкімдігі бекітетін тізім бойынша көрсетіледі.».

2 2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Егіндікөл ауданының әкімі
Е. Исабеков
2018 жылғы 12 қараша

Қолданыстағы