О внесении изменения в постановление акимата района от 16 марта 2016 года № 72/2 «Об определении для заказчиков единого организатора государственных закупок и определении бюджетных программ и товаров, работ, услуг, по которым организация и проведение государственных закупок выполняется единым организатором»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в постановление акимата района от 16 марта 2016 года № 72/2 «Об определении для заказчиков единого организатора государственных закупок и определении бюджетных программ и товаров, работ, услуг, по которым организация и проведение государственных закупок выполняется единым организатором»
- Атауы (қаз.)
- Аудан әкімдігінің 2016 жылғы 16 наурыздағы «Тапсырыс берушілер үшін мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушысын анықтау мен мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастыру мен өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы орындалатын бюджеттік бағдарламаларды және тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді айқындау туралы» № 72/2 қаулысына өзгерту енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 99/2
- Қабылданған күні
- 06.04.2016
- Көрсетілген редакция
- 25.07.2019 102156_415688.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 25.07.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16PM005118
- ЭКБ идентификаторы
- 102156
- Редакция идентификаторы
- 102156_415688
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 09:45
0 Аудан әкімдігінің 2016 жылғы
16 наурыздағы «Тапсырыс
берушілер үшін мемлекеттік сатып
алуды бірыңғай ұйымдастырушысын
анықтау мен мемлекеттік сатып
алуларды ұйымдастыру мен өткізуді
бірыңғай ұйымдастырушы орындалатын
бюджеттік бағдарламаларды және
тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді
айқындау туралы» № 72/2 қаулысына
өзгерту енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңы 31-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 8-бабының 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Шарбақты ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Шарбақты ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 16 наурыздағы «Тапсырыс берушілер үшін мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушысын анықтау мен мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастыру мен өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы орындалатын бюджеттік бағдарламаларды және тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді айқындау туралы» № 72/2 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылғы 28 наурызда № 5022 болып тіркелді, 2016 жылғы 7 сәуірдегі ауданның № 14 «Маралды» және «Трибуна» газеттерінде жарияланған) келесі өзгерту енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакциясында жазылсын.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік етуші орынбасарына жүктелсін.
3 3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
4 Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы орындалатын бюджеттік бағдарламалар және тауарлар, жұмыстар, қызметтер
Шарбақты ауданы әкімдігінің 2016 жылғы
«6» сәуірдегі № 99/2 қаулысына
қосымша
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы орындалатын бюджеттік бағдарламалар және тауарлар, жұмыстар, қызметтер
№ р/с
Атауы
1
Аудандық атқарушы органның бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруын көздейтін бюджеттік даму бағдарламарының шеңберінде конкурс (аукцион) тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алулар