О внесении изменения в постановление акимата Щербактинского района от 16 марта 2016 года № 72/2 «Об определении для заказчиков единого организатора государственных закупок и определении бюджетных программ и товаров, работ, услуг, по которым организация и проведение государственных закупок выполняется единым организатором»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в постановление акимата Щербактинского района от 16 марта 2016 года № 72/2 «Об определении для заказчиков единого организатора государственных закупок и определении бюджетных программ и товаров, работ, услуг, по которым организация и проведение государственных закупок выполняется единым организатором»
- Атауы (қаз.)
- Шарбақты ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 16 наурыздағы «Тапсырыс берушілер үшін мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушысын анықтау мен мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастыру мен өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы орындалатын бюджеттік бағдарламаларды және тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді айқындау туралы» № 72/2 қаулысына өзгерту енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 7/1
- Қабылданған күні
- 13.01.2017
- Көрсетілген редакция
- 25.07.2019 109632_415686.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 25.07.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17PM005361
- ЭКБ идентификаторы
- 109632
- Редакция идентификаторы
- 109632_415686
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 06:26
0 Шарбақты ауданы әкімдігінің
2016 жылғы 16 наурыздағы «Тапсырыс берушілер үшін мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушысын анықтау мен мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастыру мен өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы орындалатын бюджеттік бағдарламаларды және тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді айқындау туралы» № 72/2 қаулысына өзгерту енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңы 31-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 8-бабының 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Шарбақты ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Шарбақты ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 16 наурыздағы «Тапсырыс берушілер үшін мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушысын анықтау және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын бюджеттік бағдарламаларды және тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді анықтау туралы» № 72/2 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылғы 28 наурызда № 5022 болып тіркелді, 2016 жылғы 7 сәуірдегі ауданның № 14 «Маралды» және «Трибуна» газеттерінде жарияланған) келесі өзгерту енгізілсін:
қөрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакциясында баяндалсын.
2 2. «Шарбақты ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте, осы қаулыдан туындаған өзге де қажетті шараларды қабылдасын.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік етуші орынбасарына жүктелсін.
4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
5 Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуді бойынша мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын бюджеттік бағдарламалары және тауарлар, жұмыстар, қызметтер
Шарбақты ауданы әкімдігінің
2017 жылғы « 13 » қаңтар
№ 7/1 қаулысына қосымша
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуді
бойынша мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы
жүзеге асыратын бюджеттік бағдарламалары және тауарлар,
жұмыстар, қызметтер
Р/с №
Атауы
1
Ауданның жергілікті атқарушы органның бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруын көздейтін бюджеттік даму бағдарламаларының аясында конкурс (аукцион) әдісімен тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу
2
Сатып алуға бөлінген лоттың (жоспар тармағының) сомасы төрт мың айлық есептік көрсеткіштен артық болған жағдайда, бірақ тиісті қаржы жылына белгіленген бір жүз мың айлық есептік көрсеткіштен артық емес болса, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді конкурс (аукцион) әдісімен сатып алу