О внесении изменений в постановление акимата Атырауской области от 16 мая 2017 года № 106 «Об утверждении Положения о государственном учреждении «Управление природных ресурсов и регулирования природопользования Атырауской области»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата Атырауской области от 16 мая 2017 года № 106 «Об утверждении Положения о государственном учреждении «Управление природных ресурсов и регулирования природопользования Атырауской области»
- Атауы (қаз.)
- Атырау облысы әкімдігінің 2017 жылғы 16 мамырдағы № 106 «Атырау облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 146
- Қабылданған күні
- 14.07.2025
- Қолданысқа енгізілген күні
- 22.07.2025
- Көрсетілген редакция
- 14.07.2025 212416_767123.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 14.07.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G25T000146A
- ЭКБ идентификаторы
- 212416
- Редакция идентификаторы
- 212416_767123
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 03:18
0 Атырау облысы әкімдігінің 2017 жылғы 16 мамырдағы № 106 «Атырау облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Атырау облысы әкімдігінің 2017 жылғы 16 мамырдағы № 106 «Атырау облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
қосымшада:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Атырау облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы Ережеде:
1-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
«1. Атырау облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы (бұдан әрі - Басқарма) Атырау облысы бойынша қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.»;
12-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
«12. Міндеттері:
қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік экологиялық саясатты іске асырады;
табиғат пайдалануды реттеу және жер қойнауын пайдалану салаларында мемлекеттiк саясатты жүргізу;
ормандарды күзетудi, қорғауды, молықтыру мен орман өсiрудi ұйымдастыру және қамтамасыз ету, өздерiнiң функционалдық қарауындағы мемлекеттiк орман қоры аумағында орман пайдалануды реттеу;
су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру.»;
14-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
«14. Функциялары:
1) мемлекеттік экологиялық сараптама шеңберінде қоғамдық тыңдаулар өткізуге қатысады;
2) өз құзыреті шегінде қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін әзірлеу;
3) II санаттағы объектілер үшін әсер етуге арналған экологиялық рұқсатты беру;
4) облыстардың жергілікті атқарушы органдарымен жүзеге асыратын мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру;
5) қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларды қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарларының негізінде және соған сәйкес жүргізу;
6) мемлекеттік орман қоры аумағында орман өрттерінің алдын алу және олармен күрес жөнінде жыл сайынғы іс-шаралар жоспарларын әзірлеу, бекіту және іске асыру;
7) өртке қарсы насихатты, бұқаралық ақпарат құралдарында ормандарды сақтау, ормандарда өрт қауiпсiздiгi ережелерiн орындау туралы мәселелердiң тұрақты берiлуiн ұйымдастыру;
8) орман қоры аумағында орман зиянкестерімен және ауруларымен күрес және оның санитарлық жай-күйін жақсарту жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
9) уәкілетті органның және облыстың жергілікті өкілді органының қатысуымен облыстың жергілікті атқарушы органының функционалдық қарауындағы мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман ресурстарын ұзақ мерзімді орман пайдалануға беру жөніндегі тендерлерді ұйымдастыру және өткізу;
10) орман ресурстары сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттар; аңшылық шаруашылығының мұқтаждықтары; жанама орман пайдалану үшін ұзақ мерзімді орман пайдалануға берілген, өз қарауындағы мемлекеттік орман қоры жерлерінде орман пайдаланушыларға құрылыс объектілерін салуға учаскелер беру;
11) жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын аумақтар мен өсімдіктер дүниесін күзету және қорғау саласындағы міндеттерді жүзеге асыру;
12) бассейндік су инспекцияларымен келісу бойынша су қорғау аймақтарын, белдеулерін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу;
13) бассейндік кеңестер жұмысы мен бассейндік келісімге қатысу;
14) коммуналдық меншіктегі су шаруашылығы құрылысжайлары мен гидротехникалық құрылысжайларды басқаруды ұйымдастырады, оларды техникалық жарамды күйде ұстау жөніндегі шараларды жүзеге асыру;
15) су шаруашылығы құрылыстарындағы авариялардың зардаптарын жою жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру;
16) коммуналдық меншіктегі су шаруашылығы құрылысжайлары мен гидротехникалық құрылысжайларды, сондай-ақ Атырау облысы аумағында иесіз қалған су шаруашылығы құрылысжайларын есепке алуды жүргізу;
17) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.».