Кіру
Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение маслихата от 16 августа 2017 года № 180 «Об утверждении Правил регулирования миграционных процессов в Костанайской области»

Ереже · № 73 · қабылданған 09.07.2021
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/16-2017-no-180/on/2026-09-11/
Басып шығарылды 2026-09-11 · adilet.kz
О внесении изменений в решение маслихата от 16 августа 2017 года № 180 «Об утверждении Правил регулирования миграционных процессов в Костанайской области» Күшін жойған Ереже ·№ 73 ·09.07.2021
11.12.2023 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.12.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение маслихата от 16 августа 2017 года № 180 «Об утверждении Правил регулирования миграционных процессов в Костанайской области»

Күшін жойған Ереже ·№ 73 · 11.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение маслихата от 16 августа 2017 года № 180 «Об утверждении Правил регулирования миграционных процессов в Костанайской области»
Атауы (қаз.)
Мәслихаттың 2017 жылғы 16 тамыздағы № 180 «Қостанай облысындағы көші-қон процестерін реттеу қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
73
Қабылданған күні
09.07.2021
Көрсетілген редакция
11.12.2023 156946_674643.kaz
Соңғы өзгеріс
11.12.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G21N000073M
ЭКБ идентификаторы
156946
Редакция идентификаторы
156946_674643
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 07:39

0 Мәслихаттың 2017 жылғы 16 тамыздағы № 180 «Қостанай облысындағы көші-қон процестерін реттеу қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Қостанай облыстық мәслихатының 2017 жылғы 16 тамыздағы № 180 «Қостанай облысындағы көші-қон процестерін реттеу қағидаларын бекіту туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7176 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген шешіммен бекітілген Қостанай облысындағы көші-қон процестерін реттеу қағидаларында:
3-тармақтың 3) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«3) қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасы - Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге тұрақты тұру үшін келетін, Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушыларға көзделген мемлекеттік қолдау шараларымен қамтамасыз етілетін қандастардың немесе қандастар мен олардың отбасы мүшелерінің шекті саны.»;
5, 6 және 7-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:
«5. Көші-қон процестерін реттеу үшін Қостанай облысының жергілікті атқарушы органы халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органға:
қандастар мен қоныс аударушыларды қоныстандыру үшін өңірдің тиісті аумағын белгілеуге (алып тастауға);
шетелдік жұмыс күшін, оның ішінде этникалық қазақтар мен бұрынғы отандастар қатарынан тартуға квотаны ұлғайтуға (қысқартуға);
қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың орта мерзімді кезеңге немесе алдағы жылға арналған өңірлік квоталарын ұлғайтуға (қысқартуға) қатысты ұсыныстар енгізеді.
6. Қандастар мен қоныс аударушыларды қоныстандыру Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квоталарына сәйкес жүзеге асырылады.
7. Халықтың кетуі халықтың көбею қарқынына қарағанда көп болған кезде көші-қон процестерін реттеу, оның ішінде білікті жұмыс күшін тартуға және оларға жедел әлеуметтік бейімделуге жәрдем көрсетуге, қандастарды, әсіресе жастарды кәсіптік оқытуға және қайта даярлауға бағытталған іс-шаралар әзірлеу арқылы жүзеге асырылады.».

2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы