О внесении изменений в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 16 августа 2017 года № 455 «Об утверждении Правил установления запретных для плавания и временно опасных для плавания районов»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 16 августа 2017 года № 455 «Об утверждении Правил установления запретных для плавания и временно опасных для плавания районов»
- Атауы (қаз.)
- «Жүзуге тыйым салынған және жүзуге уақытша қауіпті аудандарды белгілеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 16 тамыздағы № 455 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 450
- Қабылданған күні
- 30.04.2024
- Көрсетілген редакция
- 30.04.2024 196426_699027.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.04.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2400034333
- ЭКБ идентификаторы
- 196426
- Редакция идентификаторы
- 196426_699027
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 11:43
0 «Жүзуге тыйым салынған және жүзуге уақытша қауіпті аудандарды белгілеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 16 тамыздағы № 455 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Жүзуге тыйым салынған және жүзуге уақытша қауіпті аудандарды белгілеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 16 тамыздағы № 455 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15949 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жүзуге тыйым салынған және жүзуге уақытша қауіпті аудандарды белгілеу қағидаларында:
9-тармақ алып тасталсын;
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Заңның 8-5-бабының 2-тармағына сәйкес республикалық жедел штабтың басшысы немесе МКҚ бастығы жүзуге тыйым салынған ауданды белгілеу немесе оны жүзуге ашу туралы шешім қабылдаған кезде жүзуге тыйым салынған ауданның координаталары гидрографиялық қызметтің теңізде жүзушілерге хабарламаны жедел басып шығаруы үшін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының Ұлттық қорғанысты басқару орталығына беріледі.».