Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 16 августа 2017 года № 461 «Об утверждении описания персонифицированных знаков, нагрудных знаков и иных военно-геральдических знаков, знаков об окончании военных учебных заведений, для классных специалистов, наградных медалей (значков) для призеров военно-прикладных, служебно-прикладных, технических и других спортивных мероприятий, а также порядка их выдачи и ношения военнослужащими Вооруженных Сил Республики Казахстан»

Бұйрық · № 348 · қабылданған 01.04.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/16-2017-no-461/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 16 августа 2017 года № 461 «Об утверждении описания персонифицированных знаков, нагрудных знаков и иных военно-геральдических знаков, знаков об окончании военных учебных заведений, для классных специалистов, наградных медалей (значков) для призеров военно-прикладных, служебно-прикладных, технических и других спортивных мероприятий, а также порядка их выдачи и ношения военнослужащими Вооруженных Сил Республики Казахстан» Қолданыста Бұйрық ·№ 348 ·01.04.2025
01.04.2025 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.04.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 16 августа 2017 года № 461 «Об утверждении описания персонифицированных знаков, нагрудных знаков и иных военно-геральдических знаков, знаков об окончании военных учебных заведений, для классных специалистов, наградных медалей (значков) для призеров военно-прикладных, служебно-прикладных, технических и других спортивных мероприятий, а также порядка их выдачи и ношения военнослужащими Вооруженных Сил Республики Казахстан»

Қолданыста Бұйрық ·№ 348 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 16 августа 2017 года № 461 «Об утверждении описания персонифицированных знаков, нагрудных знаков и иных военно-геральдических знаков, знаков об окончании военных учебных заведений, для классных специалистов, наградных медалей (значков) для призеров военно-прикладных, служебно-прикладных, технических и других спортивных мероприятий, а также порядка их выдачи и ношения военнослужащими Вооруженных Сил Республики Казахстан»
Атауы (қаз.)
«Дербестендірілген белгілердің, омырауға тағатын белгілердің және өзге де әскери-геральдикалық белгілердің, әскери оқу орындарын бітіргені туралы, сыныпты мамандарға арналған белгілердің, әскери-қолданбалы, қызметтік-қолданбалы, техникалық және басқа да спорттық іс-шаралардың жүлдегерлеріне арналған наградалық медальдардың (белгілердің) сипаттамасын, сондай-ақ оларды беру және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери қызметшілерінің тағып жүру тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қ
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
348
Қабылданған күні
01.04.2025
Көрсетілген редакция
01.04.2025 208824_752109.kaz
Соңғы өзгеріс
01.04.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G25B0000348
ЭКБ идентификаторы
208824
Редакция идентификаторы
208824_752109
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 05:18

0

«Дербестендірілген белгілердің, омырауға тағатын белгілердің және өзге де әскери-геральдикалық белгілердің, әскери оқу орындарын бітіргені туралы, сыныпты мамандарға арналған белгілердің, әскери-қолданбалы, қызметтік-қолданбалы, техникалық және басқа да спорттық іс-шаралардың жүлдегерлеріне арналған наградалық медальдардың (белгілердің) сипаттамасын, сондай-ақ оларды беру және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери қызметшілерінің тағып жүру тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 16 тамыздағы № 461 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Дербестендірілген белгілердің, омырауға тағатын белгілердің және өзге де әскери-геральдикалық белгілердің, әскери оқу орындарын бітіргені туралы, сыныпты мамандарға арналған белгілердің, әскери-қолданбалы, қызметтік-қолданбалы, техникалық және басқа да спорттық іс-шаралардың жүлдегерлеріне арналған наградалық медальдардың (белгілердің) сипаттамасын, сондай-ақ оларды беру және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери қызметшілерінің тағып жүру тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 16 тамыздағы № 461 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15755 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Дербестендірілген белгілердің, омырауға тағатын белгілердің және өзге де әскери-геральдикалық белгілердің, әскери оқу орындарын бітіргені туралы, сыныпты мамандарға арналған белгілердің, әскери-қолданбалы, қызметтік-қолданбалы, техникалық және басқа да спорттық іс-шаралардың жүлдегерлеріне арналған наградалық медальдардың (белгілердің) сипаттамасында, сондай-ақ оларды беру және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери қызметшілерінің тағып жүру тәртібінде:
9-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Халық Қаһарманы армия генералы Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетов» кубогы кейіннен алтынды имитациялайтын (алтын, алтын түстес) қорғаныш жабын жағылып қоладан құйылып жасалады. Қалқандағы «АРМИЯ ГЕНЕРАЛЫ САҒАДАТ ҚОЖАХМЕТҰЛЫ НҰРМАҒАМБЕТОВ» деген жазулар мен «МІНДЕТ, АБЫРОЙ, ЕРЛІК» деген ұран жез пластинадан қалыптау жолымен жасалады, негізі – жылтыр, бедері – күңгірт. Кубок тұғырының төменгі бөлігінде наградталушының деректерін енгізуге арналған тақтайша жапсырылған. Кубоктың тұғыры қара көк түсті тастан жасалады. Негізінен биіктігі 300 мм құрайды. Ені – 115 мм.»;
25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«25. Қазақстан Республикасының тұңғыш Қорғаныс министрі «Халық Қаһарманы армия генералы Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетов» төсбелгісі (бұдан әрі – тұңғыш Қорғаныс министрінің төсбелгісі) қызметтік міндеттерін үлгілі орындағаны, шығармашылық белсенділігі, мінсіз қызметі және қызметтік істегі басқа да жетістіктері үшін әскери қызметшілердің еңбегін ынталандыру мақсатында офицер құрамын наградтаудың ерекше түрі болып табылады.
Тұңғыш Қорғаныс министрінің төсбелгісімен наградтау үшін кандидаттарды іріктеуді оқу жылындағы қызметтік іс қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі мен Қарулы Күштері Бас штабы құрылымдық бөлімшелері басшыларының, әскер түрлері бас қолбасшыларының, өңірлік қолбасшылықтар әскерлері (әскер тектері) қолбасшыларының, бас басқармалар бастықтарының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының Жауынгерлік даярлық департаменті жүргізеді, содан кейін іріктеуден өткен кандидатура Қазақстан Республикасының Қорғаныс министріне бекітуге енгізіледі.
Тұңғыш Қорғаныс министрінің төсбелгісімен оқу жылының қорытындысы бойынша жауынгерлік даярлықта, бөлімшеде әскери тәртіпті, қатаң жарғылық тәртіпті және әскердің жоғары жауынгерлік әзірлігін ұстауда қол жеткізген жетістігі (оқудағы және ғылыми жұмыстағы жетістігі) үшін бригада (полк, база) командирі және одан жоғары Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері наградталады. Төсбелгімен наградтау туралы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің тиісті бұйрығы шығарылады. Белгімен қайта наградтау жүргізілмейді.
Тұңғыш Қорғаныс министрінің төсбелгісін табыс ету салтанатты жағдайда жүргізіледі және наградталғанға Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі алқасының отырысында Қорғаныс министрі өзі немесе оның тапсырмасы бойынша басқа лауазымды адам табыс етеді.
Белгі бұрандалы түйменің көмегімен бекітіледі. Наградталғанға төсбелгіні табыс етумен бір уақытта Қазақстан Республикасының тұңғыш Қорғаныс министрі «Халық Қаһарманы армия генералы Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетов» кубогы беріледі.».

2 2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Кадрлар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 11 шілдедегі № 472 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін жүргізу қағидалары 10-тармағының талаптарына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33059 болып тіркелген) қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

2 2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

3 3) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларының орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жіберуді қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Кадрлар департаментінің бастығына жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық мүдделі лауазымды адамдарға және құрылымдық бөлімшелерге жеткізілсін.

5 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы