Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение Каракиянского районного маслихата от 16 января 2017 года № 7/84 "Об утверждении тарифов на сбор, вывоз, утилизацию и захоронение коммунальных отходов по Каракиянскому району

Өзге акт · № 9/115 · қабылданған 02.05.2017
Заңдық күші: Күшін жойған · 20.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/16-2017-no-784/on/2026-08-20/
Басып шығарылды 2026-08-20 · adilet.kz
О внесении изменений в решение Каракиянского районного маслихата от 16 января 2017 года № 7/84 "Об утверждении тарифов на сбор, вывоз, утилизацию и захоронение коммунальных отходов по Каракиянскому району Күшін жойған Өзге акт ·№ 9/115 ·02.05.2017
01.08.2019 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
20.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.08.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение Каракиянского районного маслихата от 16 января 2017 года № 7/84 "Об утверждении тарифов на сбор, вывоз, утилизацию и захоронение коммунальных отходов по Каракиянскому району

Күшін жойған Өзге акт ·№ 9/115 · 20.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение Каракиянского районного маслихата от 16 января 2017 года № 7/84 "Об утверждении тарифов на сбор, вывоз, утилизацию и захоронение коммунальных отходов по Каракиянскому району
Атауы (қаз.)
Қарақия аудандық мәслихатының 2017 жылғы 16 қаңтардағы № 7/84 "Қарақия ауданы бойынша коммуналдық қалдықтарды жинау, әкету, көму және кәдеге жарату тарифтерін бекіту туралы"
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
9/115
Қабылданған күні
02.05.2017
Көрсетілген редакция
01.08.2019 112675_417142.kaz
Соңғы өзгеріс
01.08.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V17MD003371
ЭКБ идентификаторы
112675
Редакция идентификаторы
112675_417142
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 05:13

0 Қарақия аудандық мәслихатының

2017 жылғы 16 қаңтардағы № 7/84 «Қарақия ауданы бойынша коммуналдық қалдықтарды жинау, әкету, көму және кәдеге жарату тарифтерін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабының  2) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, Қарақия аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. Қарақия аудандық мәслихатының 2017 жылғы 16 қаңтардағы № 7/84 «Қарақия ауданы бойынша коммуналдық қалдықтарды жинау, әкету, көму және кәдеге жарату тарифтерін бекіту туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3271 болып тіркелген, 2017 жылғы 20 ақпандағы № 13 (782) «Қарақия» газетінде және 2017 жылғы 20 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің тақырыбы және 1 тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«Қарақия ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, көмуге және кәдеге жаратуға арналған тарифтерді бекіту туралы;
1. Қарақия ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, көмуге және кәдеге жаратуға арналған тарифтер осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.»;
көрсетілген шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген шешімнің 2 қосымшасы алынып тасталсын.

2

2. «Қарақия аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы Р.Ибраева) осы шешім Маңғыстау облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
«Қарақия аудандық тұрғын үй
коммуналдық шаруашылығы,
жолаушы көлігі және автомобиль
жолдары бөлімі» мемлекеттік
мекемесі басшысының
міндетін атқарушы
Чукин Асан Әділұлы
____________________
2 мамыр 2017 жыл

4 Қарақия аудандық мәслихатының

2017 жылғы 2 мамырдағы № 9/115
шешіміне қосымша
Қарақия ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды
жинауға, әкетуге, көмуге және кәдеге жаратуға арналған тарифтер

Атауы
Есептік бірлік
Баға, теңгемен
(ҚҚС жоқ)
1
Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға және әкетуге тарифтер
Заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлік субъектілері
1 м³
1457
Жеке тұлғалар
1 адам/айына
115
2
Тұрмыстық қатты қалдықтарды көмуге және кәдеге жаратуға тарифтер
Заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлік субъектілері
1 м³
1955
Жеке тұлғалар
1 адам/айына
115
3
Елді мекендердің аумағынан, көшелерден, шағын аудандардың арасынан және қоғамдық орындардан тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға және әкетуге тарифтер (санитарлық тазалықты қамтамасыз ету)
1 м³
20955,31
Ескерту:
Аббревиатураның ажыратып жазылуы:
м³ - текше метр;
ҚҚС - қосылған құн салығы.

Қолданыстағы