О снятии ограничительных мероприятий и признании утратившим силу решения акима Бирликского сельского округа Баянаульского района от 16 февраля 2018 года № 1-20/3 «Об установлении ограничительных мероприятий на территории села Акмектеп Бирликского сельского округа Баянаульского района»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О снятии ограничительных мероприятий и признании утратившим силу решения акима Бирликского сельского округа Баянаульского района от 16 февраля 2018 года № 1-20/3 «Об установлении ограничительных мероприятий на территории села Акмектеп Бирликского сельского округа Баянаульского района»
- Атауы (қаз.)
- Шектеу іс-шараларын тоқтату және Баянауыл ауданы Бірлік ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 16 ақпандағы «Баянауыл ауданы Бірлік ауылдық округінің Ақмектеп ауылының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» № 1-20/3 шешімінің күші жойылды деп тану туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 1-20/4
- Қабылданған күні
- 07.11.2018
- Көрсетілген редакция
- 07.11.2018 125838_368874.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 07.11.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18PED06111
- ЭКБ идентификаторы
- 125838
- Редакция идентификаторы
- 125838_368874
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 22:42
0 Шектеу іс-шараларын тоқтату
және Баянауыл ауданы Бірлік ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы
16 ақпандағы «Баянауыл ауданы Бірлік ауылдық округінің Ақмектеп ауылының аумағында шектеу
іс-шараларын белгілеу туралы»
№ 1-20/3 шешімінің күші жойылды
деп тану туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының
2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 46-бабы
2-тармағы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы
10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10-1-бабы 8) тармақшасына сәйкес, Бірлік ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Баянауыл ауданы Бірлік ауылдық округінің Ақмектеп ауылының аумағында ірі қара малдың бруцеллез ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық-санитарлық іс-шараларды жүргізумен байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2 2. Баянауыл ауданы Бірлік ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы
16 ақпандағы «Баянауыл ауданы Бірлік ауылдық округінің Ақмектеп ауылының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» № 1-20/3 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде
№ 5888 болып тіркелген, 2018 жылғы 12 наурызда Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3 3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4 4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
«Баянауыл ауданының
ветеринария бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің басшысының
міндетін атқарушы А.С. Ынтыкбаев
2018 жылғы «7» қараша
«КЕЛІСІЛДІ»
«Қазақстан Республикасы Ауыл
Шаруашылығы Министрлігі
Ветеринариялық бақылау және
қадағалау комитетінің Баянауыл
аудандық аумақтық инспекциясы»
мемлекеттік мекемесінің басшысы Р.Д. Нургалиев
2018 жылғы «7» қараша
«КЕЛІСІЛДІ»
«Қазақстан Республикасы Денсаулық
сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық
сақтау комитеті Павлодар облысы
қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің
Баянауыл аудандық қоғамдық денсаулық
сақтау басқармасы» республикалық мемлекеттік
мекемесінің басшысы А.Е. Қарыбжанов
2018 жылғы «7» қараша