О внесении изменения в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 16 апреля 2018 года № 173 «Об утверждении Стандарта организации оказания акушерско-гинекологической помощи в Республике Казахстан и признании утратившими силу некоторых приказов Министерства здравоохранения Республики Казахстан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 16 апреля 2018 года № 173 «Об утверждении Стандарта организации оказания акушерско-гинекологической помощи в Республике Казахстан и признании утратившими силу некоторых приказов Министерства здравоохранения Республики Казахстан»
- Атауы (қаз.)
- «Қазақстан Республикасында акушерлік-гинекологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 16 сәуірдегі № 173 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- ҚР ДСМ-149
- Қабылданған күні
- 13.12.2019
- Көрсетілген редакция
- 26.08.2021 137258_536426.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.08.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1900019751
- ЭКБ идентификаторы
- 137258
- Редакция идентификаторы
- 137258_536426
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 17:20
0
«Қазақстан Республикасында акушерлік-гинекологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 16 сәуірдегі № 173 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 7-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Қазақстан Республикасында акушерлік-гинекологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 16 сәуірдегі № 173 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16854 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2018 жылғы 14 мамырда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасында акушерлік-гинекологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартында:
85-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«85. Жүкті, босанған әйелдерді және гинекологиялық аурулары бар пациенттерді стационарға жоспарлы емдеуге жатқызу МСАК мамандарының немесе басқа денсаулық сақтау ұйымдарының жолдамасы бойынша стационар дәрігерінің емдеуге жатқызу күнін айқындауымен, Емдеуге жатқызу бюросы порталы арқылы жүзеге асырылады.
Жүкті және босанатын әйелдерді босандыруға жолдама Емдеуге жатқызу бюросы порталының күту парағында перинаталдық көмекті өңірлендіру деңгейі ескеріле отырып, жүктіліктің 37 аптасы мерзімінен бастап тіркеледі. Осы жолдама бойынша әйелдерді емдеуге жатқызу (перинаталдық орталық, перзентханалық бөлімшесі бар көпбейінді аурухана) босануы басталған және/немесе ұрық айналасында су кету басталған кезде босандыруға емдеуге жатқызу жүзеге асырылады. Емдеуге жатқызудың соңғы күні емдеуге жатқызу фактісін Емдеуге жатқызу бюросы порталының емдеуге жатқызу және емдеуге жатқызудан бас тартуды есепке алу журналында тіркей отырып, стационарға түскен күні айқындалады.
Болуы мүмкін салдарларды көрсете отырып, медициналық көмектен бас тарту медициналық құжаттарға жазба жүргізумен ресімделеді және пациенттің не оның заңды өкілінің, сондай-ақ медицина қызметкерінің қолы қойылады».
2 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.