Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в решение Атырауского областного маслихата от 16 марта 2018 года № 199-VІ «Об утверждении правил содержания и защиты зеленых насаждений, правил благоустройства территорий городов и населенных пунктов Атырауской области»

Ереже · № 381-VI · қабылданған 12.11.2019
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/16-2018-no-199-v-ekb-136296/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в решение Атырауского областного маслихата от 16 марта 2018 года № 199-VІ «Об утверждении правил содержания и защиты зеленых насаждений, правил благоустройства территорий городов и населенных пунктов Атырауской области» Қолданыста Ереже ·№ 381-VI ·12.11.2019
12.11.2019 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.11.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнения в решение Атырауского областного маслихата от 16 марта 2018 года № 199-VІ «Об утверждении правил содержания и защиты зеленых насаждений, правил благоустройства территорий городов и населенных пунктов Атырауской области»

Қолданыста Ереже ·№ 381-VI · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в решение Атырауского областного маслихата от 16 марта 2018 года № 199-VІ «Об утверждении правил содержания и защиты зеленых насаждений, правил благоустройства территорий городов и населенных пунктов Атырауской области»
Атауы (қаз.)
Атырау облыстық мәслихатының 2018 жылғы 16 наурыздағы № 199-VІ «Атырау облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарында жасыл екпелерді күтіп-ұстаудың және қорғаудың қағидаларын, абаттандырудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
381-VI
Қабылданған күні
12.11.2019
Көрсетілген редакция
12.11.2019 136296_428122.kaz
Соңғы өзгеріс
12.11.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19T0004529
ЭКБ идентификаторы
136296
Редакция идентификаторы
136296_428122
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 17:53

0 Атырау облыстық мәслихатының 2018 жылғы 16 наурыздағы № 199-VІ «Атырау облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарында жасыл екпелерді күтіп-ұстаудың және қорғаудың қағидаларын, абаттандырудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына, «Жасыл екпелерді күтіп-ұстаудың және қорғаудың үлгілік қағидаларын, қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 235 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10886 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес VI шақырылған Атырау облыстық мәслихаты кезектен тыс XXXVI сессиясында ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. Атырау облыстық мәслихатының 2018 жылғы 16 наурыздағы № 199-VІ «Атырау облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарында жасыл екпелерді күтіп-ұстаудың және қорғаудың қағидаларын, абаттандырудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4092 болып тіркелген, 2018 жылы 9 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген шешімімен бекітілген Жасыл екпелерді күтіп-ұстаудың және қорғау қағидаларында:
3-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) ағаштарды кесу - «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Рұқсаттар туралы Заң) 2-қосымшаның 159-тармағына сәйкес уәкілетті органның рұқсаты бойынша жүзеге асырылатын ағаштарды кесу бойынша жұмыс;»;
3-тармақ мынадай мазмұндағы 27) тармақшамен толықтырылсын:
«27) ағаштар мен жасыл екпелерді қайта отырғызу - уәкілетті орган белгілеген учаскелерде жүзеге асырылатын, ағаштар мен жасыл екпелерді қайта отырғызу бойынша жұмыс.»;
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Құрылыс салуға немесе басқа да жұмыстар жүргізуге бөлінетін учаскелерде жасыл екпелерді сақтау мүмкін болмаған жағдайда, ағаштарды кесу Рұқсаттар туралы Заңға сәйкес уәкілетті органның келісімі бойынша жүргізіледі.»;
2-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-параграф. Ағаштарды кесу, санитариялық кесу»
20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«20. Ағаштарды кесу мынадай:
1) бекітілген және келісілген қала құрылысы құжаттамасында көзделген құрылыс қызметін, құрылыс-монтаж жұмыстарын жүзеге асыру үшін жағдайлар жасалуын қамтамасыз ету;
2) инженерлік абаттандыру объектілеріне, инженерлік желілерді реконструкциялау және салу, жерасты және жерүсті коммуникацияларына қызмет көрсету;
3) авариялық және төтенше жағдайларды жою, оның ішінде инженерлік абаттандыру объектілерінде жою;
4) бұрыннан бар объектілердің аумағын абаттандыру және эстетикалық түрге келтіру, жасыл екпелердің сапалық және түрлік құрамын жақсарту қажеттігі;
5) адамдардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігіне қатер төндіретін, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың мүлкіне залал келтіретін ағаштарды санитариялық кесу жағдайларында жүзеге асырылады;
6) ағаштар мен бұталар жалпыға ортақ пайдаланылатын жерлерде өсіп тұрған кезде.»;
22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«22. Жалпыға ортақ жерлердегі ағаштарды кесуді уәкілетті органның рұқсатымен осы жер учаскесінде қызмет көрсететін ұйымдар жүргізеді.».
25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«25. Ағаштарды кесу кесілген ағаштардың орнына жеке және заңды тұлғалардан өтемдік отырғызу туралы кепілхат ұсынылған жағдайда уәкілетті органның рұқсаты бойынша жүзеге асырылады.
Бұл ретте, жасыл екпелерді түгендеу және орман-патологиялық зерттеу материалдарына сәйкес қайта отырғызуға жататын ағаштар уәкілетті орган ағаштарды кесуге рұқсат беру құжаттарында көрсеткен учаскілерге кайта отырғызылады.».

2 2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Атырау облыстық мәслихатының заңдылықты сақтау, депутаттық этика және құқық қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (А. Абдолов) жүктелсін.

3 3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы