Құжат мәтініне өту

О внесении дополнений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 16 февраля 2018 года № 206 «Об утверждении видов деятельности, при осуществлении которых на территории Республики Казахстан налогоплательщики применяют контрольно-кассовые машины с функцией фиксации и (или) передачи данных при денежных расчетах»

Бұйрық · № 758 · қабылданған 16.08.2018
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/16-2018-no-206-ekb-124203/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении дополнений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 16 февраля 2018 года № 206 «Об утверждении видов деятельности, при осуществлении которых на территории Республики Казахстан налогоплательщики применяют контрольно-кассовые машины с функцией фиксации и (или) передачи данных при денежных расчетах» Күшін жойған Бұйрық ·№ 758 ·16.08.2018
25.03.2021 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.03.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении дополнений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 16 февраля 2018 года № 206 «Об утверждении видов деятельности, при осуществлении которых на территории Республики Казахстан налогоплательщики применяют контрольно-кассовые машины с функцией фиксации и (или) передачи данных при денежных расчетах»

Күшін жойған Бұйрық ·№ 758 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении дополнений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 16 февраля 2018 года № 206 «Об утверждении видов деятельности, при осуществлении которых на территории Республики Казахстан налогоплательщики применяют контрольно-кассовые машины с функцией фиксации и (или) передачи данных при денежных расчетах»
Атауы (қаз.)
«Салық төлеушілер Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асырғанда ақшалай есеп айырысулар кезінде деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын қолданатын қызмет түрлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы № 206 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
758
Қабылданған күні
16.08.2018
Көрсетілген редакция
25.03.2021 124203_522046.kaz
Соңғы өзгеріс
25.03.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1800017300
ЭКБ идентификаторы
124203
Редакция идентификаторы
124203_522046
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 23:30

0

«Салық төлеушілер Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асырғанда ақшалай есеп айырысулар кезінде деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын қолданатын қызмет түрлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы № 206 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1 1. «Салық төлеушілер Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асырғанда ақшалай есеп айырысулар кезінде деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын қолданатын қызмет түрлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің

2018 жылғы 16 ақпандағы № 206 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16467 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылдың 13 наурызында жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Салық төлеушілер Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асырғанда ақшалай есеп айырысулар кезінде деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын қолданатын қызмет түрлерінің реттік нөмірлері 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21, 22, 23, 24, 25, 26 және 27 мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
«
11.
Автомобильдерді және жеңіл автокөлік құралдарын сату
12.
Автокөлік құралдарына техникалық қызметтер және жөндеу
13.
Автомобильдерге арналған қосалқы бөлшектер мен құрал-саймандарды көтерме саудада сату
14.
Автомобильдерге арналған қосалқы бөлшектер мен құрал-саймандарды бөлшек саудада сату
15.
Сусындарды көтерме саудада сату
16.
Фармацевтикалық тауарларды көтерме саудада сату
17.
Тоқыма бұйымдарын сату
18.
Қапсырма бұйымдарын, лак-бояу материалдарын және шыныларды сату
19.
Киімдерді сату
20.
Фармацевтикалық тауарларды бөлшек саудада сату
21.
Сағат және зергерлік әшекейлерді сату
22.
Ломбард қызметі
23.
Жылжымайтын мүлікпен жүргізілетін операциялар бойынша агенттіктердің қызметі
24.
Сыйақы үшін немесе келісімшарт негізінде жылжымайтын мүлікті басқару
25.
Жарнама агенттіктерінің қызметі
26.
Құмар ойындар және бәс тігуді ұйымдастыру қызметі
27.
Уәкілетті ұйымдармен жүзеге асырылатын қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру қызметі
».

2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгiленген тәртіпте:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

3 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

4

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрық 2018 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қолданыстағы