О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 16 февраля 2018 года № 220 «Об утверждении Правил представления органом государственных доходов уполномоченным государственным органам сведений о представленных декларациях о доходах и имуществе, с указанием даты представления и кода органа государственных доходов, лицами, на которых Законом Республики Казахстан от 18 ноября 2015 года «О противодействии коррупции» возложена такая обязанность»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 16 февраля 2018 года № 220 «Об утверждении Правил представления органом государственных доходов уполномоченным государственным органам сведений о представленных декларациях о доходах и имуществе, с указанием даты представления и кода органа государственных доходов, лицами, на которых Законом Республики Казахстан от 18 ноября 2015 года «О противодействии коррупции» возложена такая обязанность»
- Атауы (қаз.)
- «Мемлекеттік кірістер органының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңымен осындай міндет жүктелген адамдар тапсыру күні мен мемлекеттік кірістер органының кодын көрсете отырып, тапсырған кірістер мен мүлік туралы декларациялар туралы мәліметтерді уәкілетті мемлекеттік органдарға ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы № 220 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 764
- Қабылданған күні
- 28.07.2022
- Көрсетілген редакция
- 28.07.2022 170200_586399.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.07.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2200028942
- ЭКБ идентификаторы
- 170200
- Редакция идентификаторы
- 170200_586399
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 00:50
0
«Мемлекеттік кірістер органының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңымен осындай міндет жүктелген адамдар тапсыру күні мен мемлекеттік кірістер органының кодын көрсете отырып, тапсырған кірістер мен мүлік туралы декларациялар туралы мәліметтерді уәкілетті мемлекеттік органдарға ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы
16 ақпандағы № 220 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
«Мемлекеттік кірістер органының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңымен осындай міндет жүктелген адамдар тапсыру күні мен мемлекеттік кірістер органының кодын көрсете отырып, тапсырған кірістер мен мүлік туралы декларациялар туралы мәліметтерді уәкілетті мемлекеттік органдарға ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы № 220 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16495 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік кірістер органының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен осындай міндет жүктелген адамдар тапсыру күні мен мемлекеттік кірістер органының кодын көрсете отырып, тапсырған кірістер мен мүлік туралы декларациялар туралы мәліметтерді уәкілетті мемлекеттік органдарға ұсыну қағидаларын бекіту туралы»;
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
««Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 30-бабы 3-тармағының 14) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік кірістер органының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен осындай міндет жүктелген адамдар тапсыру күні мен мемлекеттік кірістер органының кодын көрсете отырып, тапсырған кірістер мен мүлік туралы декларациялар туралы мәліметтерді уәкілетті мемлекеттік органдарға ұсыну қағидалары бекітілсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік кірістер органының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңымен осындай міндет жүктелген адамдар тапсыру күні мен мемлекеттік кірістер органының кодын көрсете отырып, тапсырған кірістер мен мүлік туралы декларациялар туралы мәліметтерді уәкілетті мемлекеттік органдарға ұсыну қағидаларында:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік кірістер органының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен осындай міндет жүктелген адамдар тапсыру күні мен мемлекеттік кірістер органының кодын көрсете отырып, тапсырған кірістер мен мүлік туралы декларациялар туралы мәліметтерді уәкілетті мемлекеттік органдарға ұсыну қағидалары»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Мемлекеттік кірістер органының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен осындай міндет жүктелген адамдар тапсыру күні мен мемлекеттік кірістер органының кодын көрсете отырып, тапсырған кірістер мен мүлік туралы декларациялар туралы мәліметтерді уәкілетті мемлекеттік органдарға ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 30-бабы 3-тармағының 14) тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттік кірістер органының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен (бұдан әрі – Заң) осындай міндет жүктелген адамдар тапсыру күні мен мемлекеттік кірістер органының кодын көрсете отырып, тапсырған кірістер мен мүлік туралы декларациялар туралы мәліметтерді (бұдан әрі – Мәлімет) уәкілетті мемлекеттік органдарға ұсыну тәртібін айқындайды.»;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Заңмен кірістер мен мүлік туралы декларацияны тапсыру бойынша міндет жүктелген адамдардың кірістер мен мүлік туралы декларацияны тапсыру мерзімдерін бұзу фактілері анықталған кезде, мемлекеттік органдар ағымдағы жылдың 30 қазанынан кешіктірмей осындай фактілер туралы өзінің орналасқан жері бойынша департаментке не сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша уәкілетті органға хабарлайды.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген ақпарат сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша уәкілетті органға мынадай тәртіпте:
орталық мемлекеттік органдар – орталық аппаратқа;
қалған мемлекеттік органдар – өзінің орналасқан жері бойынша аумақтық бөлімшелерге табыс етеді.».
2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігі
(Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
қызмет)