О внесении изменения в совместный приказ Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 16 мая 2018 года № 333 и Министра образования и науки Республики Казахстан от 22 мая 2018 года № 217 «Об утверждении Правил финансирования обучения казахстанских кадров в размере одного процента от расходов на добычу, понесенных недропользователем в предыдущем году»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в совместный приказ Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 16 мая 2018 года № 333 и Министра образования и науки Республики Казахстан от 22 мая 2018 года № 217 «Об утверждении Правил финансирования обучения казахстанских кадров в размере одного процента от расходов на добычу, понесенных недропользователем в предыдущем году»
- Атауы (қаз.)
- «Жер қойнауын пайдаланушы алдыңғы жылы өндіруге арналған шығыстарының бір пайызы мөлшерінде қазақстандық кадрларды оқытуды қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 16 мамырдағы № 333 және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 22 мамырдағы № 217 бірлескен бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 210
- Қабылданған күні
- 05.04.2023
- Көрсетілген редакция
- 05.04.2023 179607_624559.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 05.04.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2300032272
- ЭКБ идентификаторы
- 179607
- Редакция идентификаторы
- 179607_624559
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 20:00
0
«Жер қойнауын пайдаланушы алдыңғы жылы өндіруге арналған шығыстарының бір пайызы мөлшерінде қазақстандық кадрларды оқытуды қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 16 мамырдағы № 333 және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 22 мамырдағы № 217 бірлескен бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫЗ:
1
1. «Жер қойнауын пайдаланушы алдыңғы жылы өндіруге арналған шығыстарының бір пайызы мөлшерінде қазақстандық кадрларды оқытуды қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 16 мамырдағы № 333 және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 22 мамырдағы № 217 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17013 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жер қойнауын пайдаланушы алдыңғы жылы өндіруге арналған шығыстарының бір пайызы мөлшерінде қазақстандық кадрларды оқытуды қаржыландыру қағидаларында:
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«12. ЖАО жер қойнауын пайдаланушының сұранымы бойынша білім беру ұйымымен бірлесе отырып, білім беру ұйымының материалдық-техникалық базасын жақсарту үшін қажетті тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің тізбесін (бұдан әрі – ЖАО тізбесі) қалыптастырады және сұранымды берген кезден 10 (он) жұмыс күннен кешіктірмейтін мерзімде ЖАО тізбесін жер қойнауын пайдаланушысына беріледі.».
2 2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Жер қойнауын пайдалану департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары білім
министрі
__________С.Нурбек
Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрінің
міндетін атқарушы
__________М.Карабаев