О внесении изменения в совместный приказ Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 16 мая 2018 года № 333 и Министра образования и науки Республики Казахстан от 22 мая 2018 года № 217 «Об утверждении Правил финансирования обучения казахстанских кадров в размере одного процента от расходов на добычу, понесенных недропользователем в предыдущем году»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в совместный приказ Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 16 мая 2018 года № 333 и Министра образования и науки Республики Казахстан от 22 мая 2018 года № 217 «Об утверждении Правил финансирования обучения казахстанских кадров в размере одного процента от расходов на добычу, понесенных недропользователем в предыдущем году»
- Атауы (қаз.)
- «Жер қойнауын пайдаланушы алдыңғы жылы өндіруге арналған шығыстарының бір пайызы мөлшерінде қазақстандық кадрларды оқытуды қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 16 мамырдағы № 333 және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 22 мамырдағы № 217 бірлескен бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 210
- Қабылданған күні
- 05.04.2023
- Көрсетілген редакция
- 05.04.2023 179607_624559.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 05.04.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2300032272
- ЭКБ идентификаторы
- 179607
- Редакция идентификаторы
- 179607_624559
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 20:00
0
«Жер қойнауын пайдаланушы алдыңғы жылы өндіруге арналған шығыстарының бір пайызы мөлшерінде қазақстандық кадрларды оқытуды қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 16 мамырдағы № 333 және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 22 мамырдағы № 217 бірлескен бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫЗ:
1. «Жер қойнауын пайдаланушы алдыңғы жылы өндіруге арналған шығыстарының бір пайызы мөлшерінде қазақстандық кадрларды оқытуды қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 16 мамырдағы № 333 және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 22 мамырдағы № 217 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17013 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жер қойнауын пайдаланушы алдыңғы жылы өндіруге арналған шығыстарының бір пайызы мөлшерінде қазақстандық кадрларды оқытуды қаржыландыру қағидаларында:
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«12. ЖАО жер қойнауын пайдаланушының сұранымы бойынша білім беру ұйымымен бірлесе отырып, білім беру ұйымының материалдық-техникалық базасын жақсарту үшін қажетті тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің тізбесін (бұдан әрі – ЖАО тізбесі) қалыптастырады және сұранымды берген кезден 10 (он) жұмыс күннен кешіктірмейтін мерзімде ЖАО тізбесін жер қойнауын пайдаланушысына беріледі.».
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Жер қойнауын пайдалану департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары білім
министрі
__________С.Нурбек
Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрінің
міндетін атқарушы
__________М.Карабаев