О внесении изменений в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 16 мая 2018 года № 335 «Об утверждении Правил проведения государственной экспертизы недр и Положения о государственной комиссии по экспертизе недр»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 16 мая 2018 года № 335 «Об утверждении Правил проведения государственной экспертизы недр и Положения о государственной комиссии по экспертизе недр»
- Атауы (қаз.)
- «Жер қойнауына мемлекеттік сараптама жүргізу қағидаларын және Жер қойнауын сараптау жөніндегі мемлекеттік комиссия туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 16 мамырдағы № 335 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 528
- Қабылданған күні
- 20.07.2023
- Көрсетілген редакция
- 20.07.2023 184243_645546.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.07.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2300033149
- ЭКБ идентификаторы
- 184243
- Редакция идентификаторы
- 184243_645546
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 17:47
0 «Жер қойнауына мемлекеттік сараптама жүргізу қағидаларын және Жер қойнауын сараптау жөніндегі мемлекеттік комиссия туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 16 мамырдағы № 335 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Жер қойнауына мемлекеттік сараптама жүргізу қағидаларын және Жер қойнауын сараптау жөніндегі мемлекеттік комиссия туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 16 мамырдағы № 335 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16964 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жер қойнауына мемлекеттік сараптама жүргізу қағидаларында:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Жер қойнауын қолданушы есепті бір данада қағаз және электрондық тасығыштарда, сондай-ақ есептің негізгі мазмұнын қысқаша көрсететін (еркін нысанда, 10 парақтан аспайтын) авторлық анықтаманы қағаз тасығышта бір данада сараптамаға жібереді.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жер қойнауын сараптау жөніндегі мемлекеттік комиссия туралы ережеде:
7-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) жерасты суларын пайдалану қорларының табиғат қорғау және басқа да шектеулерді ескере отырып, әрі қарай пайдалану үшін кен орындарын зерттеу және даярлау дәрежесі бойынша олардың теңгерімдік тиесілігі; жер қойнауы кеңістігінің пайдалану үшін даярлану дәрежесі»;
8-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) жерасты суларының пайдалану қорларына мемлекеттік сараптама қорытындысын береді, бұл оларды мемлекеттік есепке қою үшін негіз болып табылады»;
8-тармақ мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) Жер қойнауы кеңістігін пайдалануға лицензия беру туралы өтінішке қоса берілетін геологиялық есептің мемлекеттік сараптамасының қорытындысын береді.»;
21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«21. Сараптама нәтижелері хаттамамен ресімделеді, онда жерасты суларының қорларын бекіту туралы, қорларды санаттар бойынша бөлу, пайдаланудың есептік мерзімі, жерасты суларының сапасына стандарттардың немесе техникалық шарттардың талаптары, оларды пайдалану мақсаты туралы, геологиялық барлау жұмыстарының немесе пайдаланудың деректері бойынша қорларды бір санаттан екіншісіне ауыстыру, жерасты суларының қорларын есептен шығару туралы деректер, ұсынымдар, сондай-ақ Комиссия мен кіші комиссиялардың құзыретіне кіретін өзге де мәселелер бойынша шешімдер көрсетіледі.».
2 2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Геология комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі