О внесении изменений в решение Урджарского районного маслихата от 16 ноября 2018 года № 34-353/VI «Об утверждении порядка и размера оказания социальной поддержки по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах Урджарского района»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Урджарского районного маслихата от 16 ноября 2018 года № 34-353/VI «Об утверждении порядка и размера оказания социальной поддержки по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах Урджарского района»
- Атауы (қаз.)
- Үржар аудандық мәслихатының 2018 жылғы 14 қарашадағы № 34-353/VI «Үржар ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшерін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 47-537/VI
- Қабылданған күні
- 24.12.2019
- Көрсетілген редакция
- 24.06.2020 138128_470867.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 24.06.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19VR006477
- ЭКБ идентификаторы
- 138128
- Редакция идентификаторы
- 138128_470867
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 17:09
0 Үржар аудандық мәслихатының 2018 жылғы 14 қарашадағы
№ 34-353/VI «Үржар ауданының ауылдық елді мекендерінде
тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау,
әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және
ветеринария ұйымдарының мамандарына әлеуметтік қолдау
көрсету тәртібі мен мөлшерін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер
енгізу туралы
Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 1 тармағының 15) тармақшасына және Қазақстан Республикасы 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 18-бабының 5 тармағына сәйкес Үржар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ :
1
1. Үржар аудандық мәслихатының 2018 жылғы 14 қарашадағы № 34-353/VI «Үржар ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшерін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5-18-181 нөмірімен тіркелген, 2018 жылдың 26 қарашада Қазақстан Республикасының нормативтық құқықтық актілерінің электрондық түрдегі Эталондық бақылау банкінде және «Пульс времени/Уақыт тынысы» газетінің 2018 жылдың 26 қарашада жарияланған) шешімге келесі өзгерістер енгізілсін:
шешімнің тақырыбы келесі редакцияда жазылсын:
«Үржар ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшерін бекіту туралы»;
2 тармақтың 2) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
«2) жеке тұлға (немесе оның нотариалдық сенімхатпен расталған өкілі) (әрі қарай – көрсетілетін қызметті алушы) әлеуметтік қолдауды алу үшін:
«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамға, көрсетілетін қызметті берушіге немесе тұрғылықты жері бойынша ауылдық округ әкіміне, еркін нысанда жазылған өтініш және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 «Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген «Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9 тармағына сәйкес құжаттардың тізбесін ұсынады.