Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение Жаксынского районного маслихата от 16 марта 2018 года № 6С-21-8 «Об утверждении регламента собрания местного сообщества на территории населенных пунктов Жаксынского района»

Өзге акт · № 7ВС-10-2 · қабылданған 25.08.2021
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/16-2018-no-6-21-8/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений в решение Жаксынского районного маслихата от 16 марта 2018 года № 6С-21-8 «Об утверждении регламента собрания местного сообщества на территории населенных пунктов Жаксынского района» Күшін жойған Өзге акт ·№ 7ВС-10-2 ·25.08.2021
07.12.2021 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.12.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение Жаксынского районного маслихата от 16 марта 2018 года № 6С-21-8 «Об утверждении регламента собрания местного сообщества на территории населенных пунктов Жаксынского района»

Күшін жойған Өзге акт ·№ 7ВС-10-2 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение Жаксынского районного маслихата от 16 марта 2018 года № 6С-21-8 «Об утверждении регламента собрания местного сообщества на территории населенных пунктов Жаксынского района»
Атауы (қаз.)
«Жақсы ауданының елді мекендері аумағындағы жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы» Жақсы аудандық мәслихатының 2018 жылғы 16 наурыздағы № 6С-21-8 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
7ВС-10-2
Қабылданған күні
25.08.2021
Көрсетілген редакция
07.12.2021 158120_548937.kaz
Соңғы өзгеріс
07.12.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G21BM07102M
ЭКБ идентификаторы
158120
Редакция идентификаторы
158120_548937
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 07:04

0 «Жақсы ауданының елді мекендері аумағындағы жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы» Жақсы аудандық мәслихатының 2018 жылғы 16 наурыздағы № 6С-21-8 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жақсы аудандық мәслихаты ШЕШІТІ:

1 1. «Жақсы ауданының елді мекендері аумағындағы жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы» Жақсы аудандық мәслихатының 2018 жылғы 16 наурыздағы № 6С-21-8 шешіміне (Ақмола облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 9 сәуірде № 6528 болып тіркелді) келесі өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген шешіммен бекітілген Жақсы ауданының елді мекендері аумағындағы жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентінде:
1 тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«1. Осы Жергілікті қоғамдастық жиналысының регламенті (бұдан әрі –Регламент) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан РеспубликасыЗаңының (бұдан әрі – Заң) 39-3 бабының 3-1 тармағына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 295 «Жергілікті қоғамдастық жиналысының үлгі регламентін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15630 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес әзірленді.»
4 тармақ келесі редакцияда жазылсын:

4 «4. Жиналыс жергілікті маңызы бар ағымдағы мына мәселелер:

бағдарламалық құжаттардың, жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламаларының жобаларын талқылау және қарау;
ауыл, ауылдық округ бюджетінің жобасын және бюджеттің атқарылуы туралы есепті келісу;
ауыл, ауылдық округ әкімі аппаратының жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігін басқару жөніндегі шешімдерін келісу;
бюджетің атқарылуын мониторингтеу мақсатында жиналысқа қатысушылар қатарынан жергілікті қоғамдастық комиссиясын құру;
ауыл, ауылдық округ бюджетінің атқарылуына жүргізілген мониторинг нәтижелері туралы есепті тыңдау және талқылау;
ауыл, ауылдық округтің коммуналдық мүлкін иеліктен шығаруды келісу;
жергілікті қоғамдастықтың өзекті мәселелерін, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын талқылау;
ауыл, ауылдық округ әкіміне кандидат ретінде тіркеу үшін Жақсы аудандық аумақтық сайлау комиссиясына одан әрі ұсыну үшін ауыл, ауылдық округ әкімдерінің қызметіне Жақсы ауданы әкімі ұсынған кандидатураларды келісу;
ауыл, ауылдық округтің әкімдерін лауазымынан босату туралы мәселеге бастамашылық жасау;
жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын және тиісті аумақтарда орналасқан мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың басшыларын тағайындау бойынша ұсыныстар енгізу;
жергілікті қоғамдастықтың басқа да ағымдағы мәселелері бойынша өткізіледі.»
6 тармақ келесі редакцияда жазылсын:

6

«6. Жиналысқа шақыру уақыты, шақырылым орны және талқыланатын мәселелер туралы жиналыстың мүшелері жиналыс өткізілгенге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей бұқаралық ақпарат құралдары, интернет-ресурстар арқылы немесе өзге тәсілдермен хабардар етіледі, Заңның 39-3-бабы 3-тармағының 4-3) тармақшасында көзделген жағдайды қоспағанда, оған сәйкес жергілікті қоғамдастық жиналысының шақырылу уақыты, орны туралы Жергілікті қоғамдастық жиналысының мүшелері ол өткізілетін күнге дейін күнтізбелік үш күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.
Әкім аппараты жиналыстың қарауына енгізілетін мәселелер бойынша қажетті материалдарды жазбаша түрде немесе электрондық құжат нысанында жиналыстың мүшелеріне және әкімге жиналысқа шақырғанға дейін күнтізбелік бес күннен кешіктірмей ұсынады.»
12 және 13-тармақтар келесі редакцияда жазылсын:

12 «12. Жиналыс өзінің құзіреті шеңберінде шақырылымға қатысушы жиналыс мүшелерінің көпшілік дауысымен шешім қабылдайды.

Дауыстар тең болған жағдайда, жиналыстың төрағасы шешуші дауыс беру құқығын пайдаланады.
Жиналыстың шешімі хаттамамен ресімделеді, онда:

1 1) жиналыстың өткізілген күні мен орны;

2 2) жиналыс мүшелерінің саны және тізімі;

3 3) өзге де қатысушылардың саны және олардың тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) көрсетілген тізім;

4 4) жиналыстың төрағасы мен хатшысының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда);

5 5) күн тәртібі, сөйленген сөздердің қысқаша мазмұны және қабылданған шешімдер көрсетіледі.

Хаттамаға жиналыстың төрағасы мен хатшысы қол қояды және жиналыс өткізілген күннен бастап екі жұмыс күн ішінде ауыл, ауылдық округ әкімдеріне беріледі, хаттамада ауылдық округ әкімінің өкілеттігін тоқтату туралы мәселеге бастамашылық жасау туралы жергілікті қоғамдастық жиналысының шешімі қамтылған жағдайларды қоспағанда.
Ауылдық округ әкімінің өкілеттігін тоқтату туралы мәселеге бастамашылық жасау туралы жергілікті қоғамдастық жиналысының хаттамасына жиналыстың төрағасы мен хатшысы қол қояды және жиналыс өткізілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Жақсы аудандық мәслихатының қарауына беріледі.

13 13. Жиналыста қабылданған шешімдерді ауыл, ауылдық округ әкімдері бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қарайды.

Әкімдер жергілікті қоғамдастық жиналысының шешіміне келіспеушілігін білдіруге құқылы, осындай келіспеушілік тудырған мәселелер регламенттің 2-тарауында көзделген тәртіпте қайта талқылау жолымен шешіледі.
Ауыл, ауылдық округ әкімдерінің келіспеушілігін тудырған мәселелерді шешу мүмкін болмаған жағдайда, мәселені жоғары тұрған әкім Жақсы аудандық мәслихатының отырысында алдын ала талқылаудан соң, өтініш түскен күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде шешеді.»

2 2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы